Та?ырыбы: Тіршілікті? пайда болуы (9-сынып)
Биология 9« А» сынып
03.03.15
Сабақтың тақырыбы: Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастардың дамуы. Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы теориялар. Л. Пастердің тәжірибесі.Сабақтың мақсаты: Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастардың дамуы. Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы теориялар. Л. Пастердің тәжірибесі туралы түсінік беру. Білімділік: Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастарды, Л.Пастердің тәжірибесін оқушыларға түсіндіру. Дамытушылық:Оқушылардың білімін дамытып, одан әрі жетілдіру. Тәрбиелік: өзін қоршаған ортаға қызығушылықпен қарап, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақтың әдісі: жаңа сабақты меңгерту
Көрнекілігі: оқулық, деңгейлік тапсырмалар.Пәнаралық байланыс: географияСабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі.II. Үй тапсырмасын тексеру:
Оқушылардан үй тапсырмасын сұрақ қою арқылы сұрау.1. Бейімділік дегеніміз не?
2. Жасырушы рең дегеніміз не?
3. Қорғаушы рең дегеніміз не?
4. Еліктеуші рең?
5. Қауіп төндіруші рең?
Толықтырып 1 оқушыдан сұрау.III. Жаңа сабақЛуи Пастер (Pasteur) 27 желтоқсан 1822 жылы Доль, Юрада дүниеге келіп, 28 қыркүйек 1895 жылы Вильневл ’ Этан, Париж маңында қайтыс болған. Ол- француз микробиологы және химигі, микробиология мен иммунологияның негізін салушы. 1862 жылдан Париж ҒА-ның мүшесі, 1873 жылдан Франция медициналық академиясының, 1881 жылдан Франция академиясының мүшесі. 1844 жылдан Петербург ҒА-ның корреспондент мүшесі болса, 1893 жылы құрметті мүшесі болды. 1849 жылы Страсбург 1854 жылы Лилл университеттерінде профессор болған. 1888 жылы микробиолгия ғылыми-зерттеу институтының алғашқы директоры. осы институтта сол кезде И.И Мечников, С.Н.Виноградский, Н.Ф.Гамалея, В.М.Хавкин, А.М.Безредка т.б. жұмыс істеген. Пастердің молекулалардың оптикалық ассиметриясы туралы алғашқы жұмыстары кейін стериохимия негізі болған. Шарап қышқылы кристалдарының оптикалық активтігіндегі айырмашылықтар онда екі ассиметриялық формалардың барына байланысты екенін дәлелдеді. Микроорганизм солардың бірін өзіне сіңіретіндіктен, оптикалық изомерлерді ажыратуға болатынын анықтады. 1857 жылы ашу процессін ( сүт қышқылды, спиртті,сіркелі, өзі ашқан май қышқылды ) ашу зерттеді. Өндірісте шарап және азық-түлікті ( сыра, сүт, жеміс-жидек, шырын ) бұзбай сақтау әдістерін пастериялизация тапты. Адам мен жануарлардың жұқпалы ауруларын еркше микроорганизидер қоздыратынын дәлелдеді және аурудың алдын алу үшін вакцина жасауды ұсынды. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі кездегі көзқарас биопоэз теориясы деп аталады (биохимиялық эволюция теориясы деп те атайды). Бұл теорияны 1947жылы ағылшын ғалымы Дж. Бернал ұсынды. Дж. Бернал биогенездің үш кезеңін ажыратты. Оныңбірінші кезеңі — биологиялық мономерлердің абиогендік жолмен пайда болуы.Екінші кезеңі — биологиялық полимерлердің түзілуі.Үшінші кезеңі — менбраналы құрылымдар мен алғашқы ағзалардың (протобионттардьщ) пайда болуы.
IV. Қорытынды: .Биологиялық диктант.
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі кездегі көзқарас ........................теориясы деп аталады.(биопоэз). Адам мен жануарлардың жұқпалы ауруларын еркше микроорганизидер қоздыратынын дәлелдеді және аурудың алдын алу үшін .................... жасауды ұсынды(вакцина). ................жылы ағылшын ғалымы Дж. Бернал ұсынды. Дж. Бернал биогенездің үш кезеңін ажыратты(1947). ...............— менбраналы құрылымдар мен алғашқы ағзалардың пайда болуы.(үшінші кезең). .................. — биологиялық полимерлердің түзілуі.(екінші кезең). ........................ — биологиялық мономерлердің абиогендік жолмен пайда болуы(бірінші кезең).
V. Үйге тапсырма: Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастардың дамуы. Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы теориялар. Л. Пастердің тәжірибесі.VI. Бағалау.