Урок по биологий: Ас ?орыту м?шелеріні? ??рылысы(8 сынып)


8-сынып биология сабағының жоспары Мерзiм 17. 02.2016 ж . №44
Мұғалiм: Мадиева Г.
Мектеп № 139 мг
Тақырып: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы
Мақсаты: Ас қорыту мүшелерінің құрылысын ажырата отырып, ас қорытудың адам үшін маңызы зор екендігін оқушылар санасына қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
а/ Білімділік: Оқу - тәрбие үрдісіне жаңа технология әдістерін енгізе отырып оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттырып, оқушылардың шығармашылық деңгейін көтеру.
ә/Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, есту, көру сезімдерін жетілдіру, сөздік қорларын байыту. Сұрақ - жауап, тест жұмыстары арқылы оқушылардың ой - өрісін кеңейту.
б/Тәрбиелік: Ас қорыту мүшелерінің маңызын түсіндіру арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, еңбек дағдысын қалыптастырып, денсаулықтарын қорғауға, оны қалпында сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас
 
сабақ бөлімі табыс криттерилері мұғалімнің іс-әрекеті оқушылардың әрекеті
1 мин
1.Қызығушылығын ояту
3 -мин Диалог құру
ЖЕО,
Үй тапсырмасын тексеру, сұрауОқушыларды 3 топқа бөлу.
1 - ші карточка сұрақтары:1. Адам бір тәулікте 4 мезгіл тамақтануы қажет. Неге? (себебі, біздің асқорыту жүйеміздің жақсы жұмыс істеуі үшін, организмде әр уақытта қоректік заттар болу керек)2. Ал қоректік заттар дегеніміз не? (нәруыздар, көмірсулар, майлар, минералдар, тұздар, су мен витаминдер)3. Азықтық заттардың, қоректік заттардан айырмашылығы неде? (Құрамында нәруыздар, майлар және көмірсулар бар өсімдіктекті және жануартекті өнім; Нәруыздар, көмірсулар, майлар, минералды заттар, су, витаминдер, күрделі өңдеуге ұшырайтын органикалық қосылыстар)4. Адамның қалыпты өмір сүріп, дұрыс жұмыс атқаруына, адам организммін құрастырушы бір күндік нәруыз мөлшері 100 - 120 гр. Осы нәруыз тағы нелер түзеді? (ферменттер мен гормондар)5. Ас тағамдары әр түрлі болу керек? Себебін айт (үнемі бір түрлі тағамдар ішкенде оның сіңімділігі төмендейді және адамның тамаққа деген тәбеті тартпайды)2 - ші карточка сұрақтары:1. Майлар әрбір жасушалардың тіршілігіне өте қажетті тағамдық заттар болып табылады. Май өсімдік және жануарлардан алынатын тағамдар құрамында болады. Ал май тышқанда бола ма? (тышқанда болады, құмырсқада болмайды)2. Адам организіміндегі нәруыздар, көмірсулар, майлар мен витаминдердің рөлі қандай? (нәруыз - құрылыс материалы, майлар - энергия көзі, құрылыс материалы, көмірсу – энергия көзі, витаминдер – алмасу процесіне белсенді қатысады)3. Нәруыздар негізінен мал және құс етінде, жұмыртқада, сүтте, жаңғақта, жармада көп кездеседі. Ал жәндіктерде кездесе ме? (кейбір жәндіктерде кездеседі, м/ы: ағаш қуысындағы жұлдыз құрттарда)4. Ас қорыту дегеніміз не? (тамақ өнімдерінің едәуір қарапайым, организмге сіңірілетін заттарға ұсақталу және ыдырау процесі)5. Ферменттердің рөлі қандай? (Нәруыз текті заттар. Олар ас қорыту жолында заттарды ыдырататын химиялық реакцияларды тездетеді. Әр фермент белгілі бір затқа әсер етеді)3 - ші карточка сұрақтары:1. Организм қабылдаған тағам әр түрлі өзгерістерге ұшырап, күрделі өңдеуден өтеді. Организмге түскен тағамдық заттар қалай өңделіп, қалдық заттар сыртқа шығарылып отырады? (қан, лимфа арқылы жасушаларға, ұлпаларға таралады)2. Адам организміндегі тамақтың рөлі қандай? (Организмнің қалыпты тіршілік әрекеттері үшін жасушалары мен ұлпаларына үнемі қоректік заттар керек)3. Кешкілік тамақты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішу керек. Неге? (бұл уақыт ішінде қарындағы ас қорытылып үлгереді)4. Суды дұрыс пайдалана білу керек. Организм үшін су тапшылығы да және суды артық пайдалану да зиян. Не себепті? (суды шектен тыс көп пайдалану бүйрек қызметіне күш түсіріп, зиян тигізеді. Ал су тапшылығы адам организмімін өлтіруге дейін барады)5. Тамақ ішіп отырғанда кітап, газет оқып, радио тыңдап, теледидар көріп, сөйлеуге болмайды. Не себепті? (кейде адам тамақтан шашалып, тұншығып, өліп кетуі мүмкін)Сұрақ қою?Неге тағамдық заттарды, қанға тікелей жіберсе адам өліп кетеді? (м/ы: сүт немесе тауық сорпасын) (Сыртқы ортадағы тағамдық заттар организмдерді қажетті заттармен және энергиямен қамтамасыз ету үшін, сіңіруге дайын күйде ену қажет. Тірі организмдер қоректі химиялық жолымен ыдыратады, олар зат алмасуға қатысады және сіңіріледі) Оқушылар тыңдап,өткен тарауды естеріне түсіреді.
2.Мағынаны тану
10мин- мин сұбхат, сұрақ-жауап «Денсаулық – өмірдің азығы, білім – ақыл - ойдың дамуы»Сабақтың жоспары:1. Ас қорыту мүшелеріне сипаттама2. Ауыз қуысы3. Жұтқыншақ4. Өңеш5. Асқазан (қарын)6. Аш ішек7. Тоқ ішек8. Ұйқы без9. БауырАдам денінің сау болып қалыптасуы үшін салауатты өмір сүру қажет. Адам организімінің қалыпты өсіп, дамуы мен тіршілік әрекеті үшін ең негізгі жағдай – дұрыс тамақтану. Олай болса бүгінгі сабағымызда ас қорыту мүшелерінің құрылысына тоқталамыз. Тамақ өнімдерін ыдырататын да, қорытатын да универсал аппарат - ас қорыту жүйесі.«Ой қозғау»Адам мен сүтқоректі жануарлардың ас қорыту жүйесінде қандай ұқсастықтар бар? Мұндай көп ұқсастықтар неге байланысты деп ойлайсыңдар? (Сүтқоректілердің асқорыту жүйесі күрделі. Ауыз қуысына 3 - 4 жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады. Ауыз қуысы - жұтқыншақпен, ол өңеш арқылы қарынмен жалғасады. Қарындағы көптеген ұсақ бездер қарын сөлін бөледі. Мысалы: күйіс қайыратын жануарларды (сиырда) қарны көп қуысты. Олар 4 бөлімге бөлінеді: үлкен қарын (таз қарын), жұмыршақ (тақия қарын), қатпаршақ (қырық қатпар) және ұлтабар)Кез - келген тіршілік иесі сияқты адам организмде үздіксіз жұмыс істейді. Мұның барысында кейбір жасушалар тозып, бұзылып немесе тіршілігін жояды. Олардың орнына дәл сондай жаңа жасушалармен толығып, қалпына келеді. Бүкіл тіршілік процесстерінің үздіксіз жүруіне қуат, яғни энергия пайдаланылады. Организмге қорек болып, оның тіршілігін қамтамасыз ететін, яғни оған «құрылыс материалын» да, энергияны да беретін – ас. «Ас - адамның арқауы» дейді атамыз қазақ. Адамның денсаулығы, дене қимылы, ой еңбегі, іс - әрекеттері астың құрамына байланысты. Ас қорыту – өте күрделі процесс. Ол ас қорыту жолынан және ас қорыту бездерден тұрады. Ас қорыту мүшелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан (қарын), аш ішек, тоқ ішек жатады. Ауыз қуысы жіңішкеріп, жұтқыншаққа ауысады. Жұтқыншақтан соң өңеш, асқазан, ішек жалғасады. Ішектің аш, тоқ, тік бөлімдері бар. Аш ішек 12 елі ішек (ұлтабар), жіңішке ішек, сербек ішек бар. Тоқ ішек соқыр ішекке, жиек ішек, тік ішекке бөлінеді. Бауыр мен қарынасты без - асқорыту бездері, олар 12 елі (ұлтабар) ішекке ашылады. Асқорыту жүйесінде тағам әртүрлі механикалық және химиялық өзгерістерге ұшырайды. Тағам құрамындағы нәруыздар, майлар, көмірсулар суда ерімейді. Сондықтан олар қан мен лимфаға өте алмайды. Асқорыту мүшелерінде тағамның шайналып ұсақталуы механикалық өңдеу делінеді. Ас қорыту бездерінен бөлінген сөлдің әсерінен ыдырау химиялық өзгерістерге жатады. Асқорыту жүйесінің қызметі асты қорыту, қоректік заттарды сіңіру және олардың организмнен бөліп шығару қызметтерін жүзеге асырады.Тірек - схема №1 «Ас қорыту жүйесі». Ас қорыту қоректің органикалық заттары – нәруыз, май, көмірсулар, ас қорыту ферменттері арқылы жай заттарға ыдырауы жүретін физиологиялық процесс: нәруыз аминқышқылға, көмірсулар глюкозаға, май глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдырайды. Ас қорыту жүйесінің әрбір бөлімі белгілі қызмет атқарады. Оқушылар тыңдап,өз білгенлһдерін ортаға салады
1.Оқулық
пен жұмыс
2 мин Ой қозғау
СТО, СКТТ Терминдерді дәптерге жазып алу
Сфинктер
Аппендецит
гликоген Оқулытағы тапсырманы топпен бірге орындауға тырысады
СТО Деңгейлік тапсырмалар1. Кесте
№ Ас қорыту мүшелерінің құрылысы Маңызы
Қызметі
1 Ауыз қуысы 2 Жұтқыншақ 3 Өңеш 4 Асқазан (қарын) 5 Аш ішек 6 Тоқ ішек 7 Ұйқы безі 8 Бауыр 2.«Мүшелерді танып ал» Берілген мәтінді оқи отырып, кестеге сәйкес сандарды жазыңыз.
Бауыр
Ұйқы безі
Жұтқыншақ
Өңеш
Тоқ ішек
Асқазан
Аш ішек Жауаптары: 1. Асқорыту жолының ең үлкен бөлімі. 2. Асқорыту жолының ұзын бөлімі. 3. Ең ірі асқорыту безі. 4. Асқорыту мен тыныс алудың ортақ бөлігі. 5. Гликоген жиналады. 6. Жұтқыншақты асқазанмен қосатын мүше. 7. Улы заттарды сүзетін ағза зертханасы. 8. Бұл бөлімнің басы «соқырішек». 9. Тағамды сіңіретін бөлім. 10. Құрт тәрізді өсіндісі бар. 11. Асқорытуға да, сөл бөлуге де қатысатын мүше. 12. Астыңғы бөлігінде өт жатқан мүше.Алгоритмдік деңгей1. Сұрақты суретте:1. Орналасқан жері ауыз қуысы, өзі тағамды ұнтақтауға көп көмек көрсетеді. (тіл)2. Бұл ішектің бір бөлігі тұйықталып, бүйен деп аталады да, құрт тәрізді өсінді – соқырішек түзеді.(тоқ ішек)3. Ас қорыту бездерінің ішіндегі үлкен без.(бауыр)4. Іші қуыс бұлшық етті. (өңеш)
2. Сандар сөйлейді:1. 5 - 6 г (ас тұзы тәулігіне пайдаланады)2. 2 - 3литр (асқазан сыйымдылығы)3. 1500 грамм (бауыр)4. 4 млн (ішек бүрлері)5. 1, 5 - 2 метр (тоқ ішек)6. 8 - 15 см (соқыр ішек)7. 11 - 13 см (жұтқыншақ)8. 25 см (ұлтабар)9. 5 - 6 метр (аш ішек)10. 60 - 80 грамм (ұйқы безі)11. 1, 5 - 2 литр (үш жұп сілекей бездері)12. 20 - 30 грамм (жұп шықшыт безі)13. 14 - 15 грамм (алқым сілекей безі)14. 5 грамм (тіласты бездері)15. 8 - 10 метр (ас қорыту мүшелерінің ұзындығы)
3. Мылқау сурет№1 тапсырмаСуретте бейнелеген мүшелерді ретімен жаз.Бауыр, қарын, ұйқы безі, өңеш, өт қабы, ұйқы без өзегі, ұлтабар, өт өзегі.
№3 тапсырмаАсқорыту мүшелерінің атауларын жазып, асқорыту бездерін қызыл түспен қоршаңыз.Эвристикалық деңгей1. Сызықтық диктант1. Тоқ ішек қарыннан (асқазаннан) кейін орналасқан2. Аш ішектің ұзындығы 5 - 6 м3. Асқазанның сыйымдылығы – 3л4. Ұлтабар – аш ішектің бастапқы бөлігі5. Бауырдан панкреатин сөлі бөлінеді6. Өңеш асқазанға ашылатын мүше7. Ауыз қуысында сілекей бездері болмайды8. Қарында ас 3 - 10 сағат аралығында қорытыладыЖауабы: 1 -, 2+, 3+, 4+, 5+, 6+, 7 -, 8+.
Тест1. Асқазаннан кейін қандай мүше орналасады?А) аш ішек; ә) тоқ ішек; б) ұлтабар2. Ас қорыту мүшелерін белгілеңіз?А) ауыз қуысы, өкпе, асқазан; ә) жұтқыншақ, өңеш, жүрек; б) тоқ ішек, өңеш, асқазан.3. Ас қорыту және тыныс алу мүшелері қай жерде қиылысады?А) жұтқыншақ; ә) ауыз қуысында; б) өңеште.4. Адамда ас қорыту мүшелерінің ұзындығы:А) 3 - 5м; ә) 8 - 10м; б) 15 - 18 м.Асқазаннан кейін қандай мүше орналасады?А) аш ішек; ә) тоқ ішек; б) ұлтабар.5. Тоқ ішектің бөлімдері:А) аш ішек, жиек ішек, тік ішек;Ә) соқырішек, тік ішек, ұлтабар;Б) соқырішек, жиек ішек, тік ішек.6. Ас қорыту мүшесінің бұл бөлімінде нәжіс қалыптасады:А) аш ішекте; ә) тоқ ішекте; б) асқазанда.7. Ол мойын омыртқаларының алдыңғы жағында орналасқан ас қорыту мүшесі:А) өңеш; ә) жұтқыншақ; б) асқазан8. Аш ішектің бөлімдері:А) ұлтабар, тік ішек, аш ішек;Ә) ұлтабар, аш ішек, мықын ішек;Б) соқыр ішек, жиек ішек, тік ішек.9. Ас қорыту мүшелерін ретімен орналастырыңыз:а) ауыз қуысы, асқазан, аш ішек, тоқ ішек, жұтқыншақ, өңеш;ә) ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек;б) жұтқыншақ, өңеш, ауыз қуысы, асқазан, аш ішек, тоқ ішек.10. Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан?А) жұмсақ таңдайда; ә) ұрттың сілекейлі қабығында; б) тілде.Жауабы: 1. Ә 2. Б 3. А 4. Б 5. Б 6. Ә 7. Ә 8. Ә 9. Ә 10. Б Ойлана отырып жауап береді
Рефлексия
2-мин Инсерт әдісі 1. Ас қорыту мүшелерін атаңыздар? (ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек)2. Ас қорыту және тыныс жолдары қай жерде қиылысады? (жұтқыншақ)3. Ас қорыту жолында асқазаннан кейін не орналасады? (аш ішек)4. Аш ішек бөлімдерін ата? (ұлтабар (12 ішек), аш ішек, мықын ішек)5. Тоқ ішектің құрылысы қандай? (соқыр ішек, жиек ішек, тік ішек) Оқушылар өздерінің ойларын параққа жазады
Үйге тапсырма
3- мин №43 оқу ,кесте толтырукесте
Тексерілді