?аза? хал?ыны? ж?не ?аза? ханды?ыны? ??рылуы


Қазақстан тарихынан әңгімелер Күні: 2.12.2014 ж Сынып -5 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының және қазақ хандығының құрылуы
Сабақтың мақсаты:   « Қазақ» атауымен және қазақ хандығының құрылуын біледі,қазақ жүздері туралы түсініктері қалыптасады.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Жигсо ,СТО, «Алтын қақпа» ойыны,терминология, тест.
Күтілетін нәтиже: «Қазақ» атауымен және қазақ хандығының құрылуын біледі,қазақ жүздері туралы түсініктері қалыптасады.
Сабақтың барысы
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының әрекеті
2 мин 1. Қызығушылығын ояту:
Психологиялық тренинг өткізіп,топтарға бөледі Хан аттары жазылған парақшаларды таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді.
8 мин Үй тапсырмасын сұрау
«Алтын қақпа» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрайды.
Керей тобы – Отырар
Жәнібек тобы – Отырар қорғанысы
Қасым тобы – Отырар
Хақназар тобы – Отырар қорғанысы жайлы сұрақтарға жауап береді.
15 мин 2. Мағынаны тану:
«Жигсо» әдісі бойынша жаңа сабақтың тақырыбын 4 топқа бөліп береді.
Керей тобы – Қазақ атауының шығуы
Жәнібек тобы – Қазақ хандығының және жүздердің пайда болуы
Қасым тобы – Қазақ хандығының және жүздердің пайда болуы
Хақназар тобы – Қазақ атауының шығуы
4 топ жеке-жеке оқиды, топта талқылайды.Топ мүшелері сағат тілімен ауысып, жаңа тақырыптың мағынасын ашады.
8 мин 1 тапсырма.Термин сөздердің мағынасын ашуды береді. 4 топ жылдамдықты арттырып, термин сөздерді табады,анықтама береді.
2 мин Сергіту сәті: «Қарлығаш» биін билетеді. Оқушылар сергіту сәтін орындайды.
5 мин 3.Жаңа сабақты қорытындылау:
Жаңа сабақты бекіту мақсатында тест алады.
1.Қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалар өздерінің ен-таңбаларын салған жартас:
А) ЖетісуВ) Таңбалы Нұра
С) Алтын Орда
D) Арыстан баб кесенесіЕ) Ноғай Ордасы2.«Алаш» сөзін жиі кездестіретін қазақ халқының аңызы:
А) «Жошы ханның жортуылы»
В) «Қорқыт ата»
С) «Алаша хан»
D) «Оғызнама»
Е) «Ақсақ құлан»
3.«Қазақ халқының жүзге бөлінуі, қазақ мемлекеті құрылғаннан кейінгі кезде өз жерін қорғау қажеттілігінен туған»-деп жазған қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымы:
А) М.ДулатовВ) Ш.Құдайбердиев
С) А.Құнанбаев
D) Ш.Уәлиханов
Е) Б.Көмеков
4.Қазақ халқының құрылымына байланысты «қазақ» атауы біржола этникалық сипатқа ие болған уақыт:
А) XIV ғасырдың ІІ жартысындаВ) XIV ғасырда
С) XV ғасырда
D) XV ғасырдың І жартысындаЕ) XV ғасырдың ІІ жартысы
5.Қазақтың халық болып құрылуына әсер еткен біріккен этникалық топ:
А) қыпшақтар тайпалар одағы және үйсін тайпалар одағы
В) сарматтар тайпалар одағы және үйсіндер тайпалар одағы
С) дулаттар тайпалар одағы және қыпшақтар тайпалар одағы
D) қаңлылар тайпалар одағы және дулаттар тайпалар одағы
Е) үйсіндер тайпалар одағы және қаңлылар тайпалар одағы
6.Жәнібек, Керей хандарымен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы атауы:
А) қазақ-қырғыз
В) өзбек-қазақтар
С) қырғыздар
D) қыпшақтар
Е) еркін кезбелер7.Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде «қазақ» сөзінің мағынасы:
А) зор, күшті, көшпелі
В) еркін, азат, алыпС) мықты, берік, алыпD) көшпелі, алып, еркінЕ) күшті, еркін, мықты
8.«Қазақ» сөзі этникалық мағынаға ие бола бастаған ғасыр:
А) XVII ғасыр
В) XVI ғасыр
С) XVIII ғасыр
D) XIV ғасыр
Е) XV ғасыр
9.«Үш жүз» аңызы бойынша қазақ халқы ру-тайпаларының өз таңбаларын салған жері:
А) Таңбалы ЕділВ) Таңбалы ЕсілС) Алтын Орда
D) Ноғай ОрдасыЕ) Таңбалы Нұра
10.Қазақ халқының, жүздерінің пайда болуы туралы айтылған аңыз:
А) Алаша хан
В) Қорқыт атаС) Алпамыс жырыD) Оғызнама
Е) Алаш жырыОқушылар топпен тест сұрақтарына жауап береді.
1.Дұрыс жауап: B
2. Дұрыс жауап: C
3. Дұрыс жауап: D
4. Дұрыс жауап: E
5. Дұрыс жауап: A
6.Дұрыс жауап: B
7.Дұрыс жауап: C
8. Дұрыс жауап: D
9. Дұрыс жауап: E
10. Дұрыс жауап: A
2 мин Үй тапсырмасы:
Кесте толтыруды береді. Күнделіктеріне жазып алады.
2 мин Бағалау: суммативті бағалайды. Бағаларын қойдырады.
1 мин Ой толғаныс:
Инсерт бойынша сабақты түсінген, түсінбегендерін жазады.