7-8 сынып Арифметикалы? ?рнектерді? жазылу ережелері
Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері.
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері.Сабақтың мақсаты:Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілінің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат беру.Дамытушылығы: Паскаль программалау тілдің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін дамыту;Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгертуСабақтың түрі:Аралас сабақСабақтың әдісі:Түсіндіру, сұрақ - жауапСабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тірек - сызбалар.Пән аралық байланыс: Физика, математика, ағылшын.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1. Сәлемдесу, түгелдеу.2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Өткен материалды қайталдау сұрақтары1. Алгоритммен программаның қандайұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?2. Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?3. Алгоритмдерді график арқылы кескіндеу ерекшеліктері қандай?4. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?5. Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қандай командаларға бөлінеді?Компьютерде есеп шығару кезеңдеріА) берілген есепті математикалық түрде өрнектеу;Ә) есеп шығарудың компьютерге ыңғайлы сандық тәсілін анықтау;Б) есеп шығару жолын алгоритм түрінде кескіндеу;В) есепті компьютерде шығару программасын құру және оның қатесін түзету.Г) есепке керекті мәліметтер мен берілгендерін жинақтау.Д) компьютерде есеп шығару және шыққан нәтижені іс жүзінде қолдану.Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қолданылады. Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.Алгоритмдік тілде (Паскаль, Бейсик, Си, т. б.) арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі олардың математикадағы орындалу тәртібіне сәйкес келеді, яғни алдымен жақша ішіндегі амалдар, сонан соң көбейту, бөлу, қосу, азайту, т. б. амалдар орындалады.Арифметикалық амал белгілері:(+) – қосу;(-) – азайту;(*) – көбейту;(/) – бөлу.DIV – және (логикалық көбейту) операциясы;MOD – қалдықты табу. Мысалы: 10 MOD 3 амалының нәтижесі 1;айыру белгілері: ____ (бос орын);, (үтір);. (нүкте);: (қос нүкте);; (нүктелі үтір); ` (апостроф); (;); [;]; {;}.Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері: = (тең), <>(тең емес), (үлкен), = (үлкен не тең).Сергіту сәті:ПолиглотЖаңа сабақты түсіндіруӨрнектер және олардың жазылуыӨрнек деп арифметикалық амал таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың функциялардың, тұрақтылардың жиынтығын айтады. Өрнектегі арифметикалық амалдардың орындалуы олардың орналасу реті мен жақшалар арқылы өзгертіледі. Қарапайым жағдайда өрнек тек айнымалылардан, тұрақтылардан немесе функциялардан тұруы мүмкін. Мысалы:(5+7*х)/1. 8;
(sin(x)+5* cos(2+х))/ In(х); т. б
Алгоритмдік тілде (Паскаль, Бейсик, Си , т.б.) арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі олардың математикадағы орындалу тәртібіне сәйкес келеді, яғни алдымен жақша ішіндегі амалдар, сонан соң көбейту, бөлу, қосу, азайту, т.б. амалдар орындалады.
Өрнектердің алгоритмдік тілде және программалау тіліндегі жазылуы да бір-біріне сәйкес келеді.Паскаль тілінде өрнектер тек сызықты түрде жазылады. Тапсырмалар № 1(a + b):(ху)8-2+[21/4];мұндағы [] бүтін бөлу дегенді білдіреді.(2+3)-ті 6-ға бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдар(5+2*4):3(3,18-4,98)(1,171-0,27):(2,7-1,9)+5,96(8+4):1025 санын 3 ке бөлгендегі бүтін бөліндіні табыңдар42 санын 5-ке бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдарӨрнекті Паскаль ережесі бойынша жазыңыз. Тапсырмалар №2
Сабақты бекіту сұрақтары• Атаулар дегеніміз не ,олар не үшін қолданылады?• Сандарды жазу ережесі қандай?. Паскальда сандардың қандай типтері бар?• Айнымалы , тұрақты шамалар деп қандай шамаларды айтады?• Арифметикалық өрнек дегеніміз не? Өрнектер Паскаль тілінде қалай жазылады?• Төмендегіөрнектіңмағнасы бола ... 2.5 DIV ... 7 MOD 1.2 ...Рефлексия Үй тапсырмасы: Өрнектердің жазылу ережелері. ЖаттығуБағалау
Күні « » 2014 ж «Бекітемін» ________________
Оқу ісінің меңгерушісі
Сабақ тақырыбы: Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері. Есептер шығарту. Сабақ мақсаты:1.Оқушыларға кез келген математикалық өрнекті Паскаль тілінде жазуды үйрету. 2.Оқушыларды өрнекті программалау тіліне қажетті шарттарды сақтай отырып,жылдам аударып жаза білуге қалыптастыру. 3.Оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру. Сабақ түрі: Аралас сабақ. Сабақ көрнекілігі: Турбо Паскаль бағдарламасы, интерактивті тақта,флипчарттар,тест. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. (Бір оқушы интерактивті тақтаға жазады ,қалғандары қатесі болса түзетеді ,тексереді.) ІІІ.Өткен тақырыпқа шолу.(Флипчартта көрсету.) 1.Паскаль тілінде стандартты функциялар қалай жазылады? 2.Паскальда қолданылатын арифметикалық амалдар. 3.Өрнектерді Паскаль тілінде жазу ережелері? IV.Практикалық тапсырмаларды орындау. Интерактивті тақтаға шығартамын.Оқушылар компьютерде шығарады.
Жаңа сабақты түсіндіру
Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қолданылады. Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.Алгоритмдік тілде (Паскаль, Бейсик, Си, т. б.) арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі олардың математикадағы орындалу тәртібіне сәйкес келеді, яғни алдымен жақша ішіндегі амалдар, сонан соң көбейту, бөлу, қосу, азайту, т. б. амалдар орындалады.Арифметикалық амал белгілері:(+) – қосу; (-) – азайту; (*) – көбейту; (/) – бөлу.DIV – және (логикалық көбейту) операциясы;MOD – қалдықты табу. Мысалы: 10 MOD 3 амалының нәтижесі 1;айыру белгілері: ____ (бос орын);, (үтір);. (нүкте);: (қос нүкте);; (нүктелі үтір); ` (апостроф); (;); [;]; {;}.Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері: = (тең), <>(тең емес), (үлкен), = (үлкен не тең).Сергіту сәті: Полиглот
Өрнектер және олардың жазылуыӨрнек деп арифметикалық амал таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың функциялардың, тұрақтылардың жиынтығын айтады. Өрнектегі арифметикалық амалдардың орындалуы олардың орналасу реті мен жақшалар арқылы өзгертіледі. Қарапайым жағдайда өрнек тек айнымалылардан, тұрақтылардан немесе функциялардан тұруы мүмкін. Мысалы:(5+7*х)/1. 8;(sin(x)+5* cos(2+х))/ In(х); т. б
Алгоритмдік тілде (Паскаль, Бейсик, Си , т.б.) арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі олардың математикадағы орындалу тәртібіне сәйкес келеді, яғни алдымен жақша ішіндегі амалдар, сонан соң көбейту, бөлу, қосу, азайту, т.б. амалдар орындалады.Өрнектердің алгоритмдік тілде және программалау тіліндегі жазылуы да бір-біріне сәйкес келеді.Паскаль тілінде өрнектер тек сызықты түрде жазылады. Тапсырмалар
№1.Өрнектерді Паскаль тілінің ережесі бойынша жаз. 1. a+bx – x2 / 10 2,3; 2.4. 5 Ах3 – bx +с ;
№ 2(a + b):(ху)8-2+[21/4];мұндағы [ ] бүтін бөлу дегенді білдіреді.(2+3)-ті 6-ға бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдар(5+2*4):3(3,18-4,98)* (1,171-0,27):(2,7-1,9)+5,96(8+4):1025 санын 3 ке бөлгендегі бүтін бөліндіні табыңдар42 санын 5-ке бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдар№3.Паскаль тілінде жазылған өрнектерді математикалық түрде жаз. А)sqrt(a+b)-sqrt(a-b) б) a*b/(c+d)-(c-d)/d*(a+d) №4 а,в бүтін сандар а=6, в=20 болғандағы өрнекті есепте. a) a*10div8 b) a*bmod4 c) 2+bmod 3
V.Шағын тест. 10 сұрақтан тұратын тест флипчартта беріледі.Тест 10 минутқа есептелген. Тестіге қойылатын бағалардың өлшемдері: 5 (өте жақсы) -9-10 дұрыс жауап; 4 (жақсы)-7-8 дұрыс жауап; 3 (қанағаттанарлық)-5-6 дұрыс жауап; 2 (қанағаттанарлықсыз)-5-тен аз дұрыс жауап. 1. Паскаль тілі қай жылдары жасалды? А) 1970 жылы пайда болып, 1979 жылы өзгерістерімен жарыққа шықты Ә) 1968-1971 жылдары Б) 1980 жылдардың ортасында В) 1963 жылы пайда болып, 1966 жылы өзгерістерімен жарыққа шықты 2. Паскаль тілінде Х санның бүтін бөлігін алу үшін қандай функция қолданылады? A) INT (X) Ә) ABS (X) Б) ABC (X) В) TRUNC (X) 3. Паскальдағы дәрежелеу белгісін көрсет А) ** Ә) ^ Б) & В) дұрыс жауабы жоқ 4. 14 DIV 5 – функциясының мәні неге тең? А) 2,8 Ә) 2 Б) 5 В) 11 5. Түбір астындағы Х-ті Паскаль тілінде қалай жазуға болады? А) SQR (X) Ә) SQRT (X) Б) ABS (X) В) MOD (X 6. Қай өрнекте қате бар? А) (х1/х2)*у Ә) b+(a-c/3) Б) (sqrt (p)*q)/r В) (a(b/(c*(d/(ef))))) 7. Sqr операторының қызметі А) Санның квадраты Ә) Санның квадрат түбірі Б) Х-тің 5 дәрежесі В) Санның абсолют шамасы 8. tg (x) функциясының Паскаль тілінде жазылуы А) TAN (X) Ә) TGx Б) Arctan (x) В) Sin (x) / Cos (x) ; 9. a+bx - x 2 / 10 өрнегінің Паскальда жазылуы дұрыс.... А) (a+b)^2-x^2/10 Ә) SQR (a+bx)-x*2/10 Б) SQRT (a+b*x) – SQR (x) /10 В) SQRT (a) + b * x – x^2/10 10. := қандай белгі? А) теңдік Ә) айнымалыларды салыстыру Б) меншіктеу В) бөлу. IV.Сабақты қорытындылау.Бағалау. IIV.Үйге тапсырма. №3 (г,д,e)
Арифметикалық функциялар
Математикада жазылуы Паскаль тілінде жазылуы Атқаратын қызметі Функция типі
|x|
arctg x
tg x
cos x
sin x
ex
[x]
Inx
π
х 2
х
Abs (x)
Arctan (x)
Cos (x)/ Sin (x)
Cos (x)
Sin (x)
Exp (x)
Frac (x)
Int (x)
Ln (x)
Pi
Sqr (x)
Sqrt (x)
Аргументтің абсолюттік шамасы
Аргументтің арктангенсі
Аргументтің тангенсі
Аргументтің косинусы
Аргументтің синусы
е-нің х дәрежесі
х-санының бөлшек бөлігі
х-санының бүтін бөлігі
х-санының натурал логарифмі
π-дің мәні
х-тің квадраты
х-тің квадрат түбірі
х-тің типіндей
нақты
нақты
нақты
нақты
нақты
нақты (бүтін)
нақты
х-тің типіндей
нақты
Стандартты типтердің сипатталуы
Шамаларға қолданылатын амалдар олардың типтеріне байланысты болады.
Бүтін сан түріндегі тип. Бүтін типтегі мәндерді қабылдайтын атаулар былай сипатталады:
атау1, атау2, ...., атауn: тип; мұнда тип орнында бүтін типті көрсететін түйінді сөздің бірі жазылады. Мысалы, integer, byte
Арифметикалық амалдар.
Белгілер Операциялар Операндтар типі Нәтиже типі
+ қосу Екеуі де бүтін, не біреуі
Бүтін, біреуі нақты Бүтін, нақты
- азайту Екеуі де бүтін, не біреуі
Бүтін, біреуі нақты Бүтін, нақт
* көбейту Екеуі бүтін немесе екеуінің
біреуі нақты Бүтін, нақты
/ бөлу Бүтін немесе нақты Нақты
Div Бүтін бөлу Бүтін Бүтін
Mod Бүтін қалдық бүтін бүтін
Төмендегі стандартты функциялар бүтін аргументтер үшін бүтін мән береді:
Abs(x) – бүтін х санының абсолют шамасы
Sqr(x) – бүтін х анының квадраты
Trunc(x) – нақты х санының бүтін бөлігі
Round (x) – нақты х саны дөңгелектеніп бүтін нәтиже береді.
Succ(x)- х-тан кейінгі бүтін санды береді.
Pred(x) – х-тың алдындағы бүтін санды береді.