?ліппе 1 сынып «К дыбысы ж?не ?ріпі»


Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп - лицейі


Дүйсембекова Гүлайым


2012 жыл, Қарауыл

Тақырыбы: К дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
1. Дауыссыз К дыбысы мен әрпін таныту, жаңа сөздерді оқи, жаза білуге үйрету.
2. Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Ой – өрістерін кеңейту.
Кітап оқуға, кітапты құрметтеуге шақыру. Білімділікке, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың әдісі: Интерактивті тақтамен жұмыс жасау арқылы жаңа технологияны меңгерту
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сабақтың ұраны: «Оқу – білімде,
Білім – кітапта»
ІІ. Өткен сабаққа шолу
- Өткен сабақта қандай дыбыспен, әріппен таныс болдық?
- Е е дыбысымен, әрпімен.
- Бағандағы сөздерді тез, әрі сауатты оқиық
(Емен, еден, ел,ер, жер,жел, бел, бес, немере, немене, шешен, шебер, Ержан, Ерлан)
- «Емен» мәтінін тізбектеп оқимыз.
- Е дыбысына қатысты тақпағымызды еске түсірейік.
ІІІ. Жаңа сабақ
Ой қозғау (Жұмбақтың жауабын шешу)
Сөзі - дана, үні жоқ,
Сөйлемейді, тілі жоқ.
Қолыңа алсаң – шешен,
Ақылы асқан көсем. (Кітап)
(Кітапты құрметтеуге, күтіп ұстауға тәрбиелеу. Кітап оқуға, кітапханамен байланысуға шақыру)
2.«Таныс бол!»
► К дыбысымен таныстыру.
К – дауыссыз дыбыс. Сөздің барлық буынында кездеседі. (Күн, көбелек, түлкі, үйрек, күшік, )
► К әрпінің баспа, жазба түрлерін таныту.
3. «Сөз ойла, тез ойла!» ойыны (буындарға сөз құрап, сөйлем айту)
К к к
4. «Сауатты оқып дағдылан!» (кітаппен жұмыс)
► Бағандағы жаңа сөздерді оқып таныстыру, мағыналарын түсіндіру.
► Сөздерді оқушыларға оқыту
5.«Дыбыстарды анықта!» (дыбыстық талдау жасау)
► Кебеже, кесе, шелек, т.б.
6. Мәтінмен жұмыс
► «Кеме» мәтінін оқып түсіндіру
► Оқушыларға тізбектей оқыту
► Мазмұнын сұрау
7.«Әдемі, аппақ баламыз,
Сауатты, көркем жазамыз»
(Дәптермен жұмыс. Үлкен, кіші к әріптерінің жазба түрлерін жазып үйрету)
8.Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс
К дыбысының жазылуын тақтаға жазып, көрсету.
Ауада жазу
Өз беттерінше дәптермен жұмыс жүргізу (мұғалімнің қадағалауымен)
9.Бекіту сұрақтары «Кім тапқыр?»
1.Алып су көлігі
2.Шай ішетін ыдыс
3.Күн батардағы мезгіл
4. К дыбысынан басталатын жыл мезгілін атандар (айтып, тақтаға сауатты жазады)
10.»«Жоғалған әріп – қай әріп?» ойыны
► …ебеже, ме..теп, мере..ке
IV. Қорытындылау. «Ақ көгершін» әні. (Ақ көгершіндерге әр оқушылар атын жазып, тілек айтып, көгершінді ұшыру)
V. Бағала.
VI. Үйге тапсырма.