Открытый урок Ю ю дыбысы мен ?ріпі


Сабақ жоспары
Сабақ өтілетін күні: Сабақ өтілетін сыныбы:
1 Сабақтың тақырыбы: Ю ю дыбысы мен әріпі
Білімділік:Жаңа тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын калыптастыру жалғастыру.Оқылым, тыңдалы айтылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып тілдесім әрекетіле жетілдіру жандандыру.Өтілген әріпті қайталау.Әрі қарай дауысты,дауыссыз дыбыстарды әрі қарай ажырату.
Дамытушылық: Сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік:Жан-жануарға сүйіспеншілік арттыру.
2 Сабақтың типі: Аралас сабақ.
3 Қолданылатын әдіс: Ойға шабылу,пікір сайыс,жауап-сұрақ,жазу.
4 Көрнекіліктер: Суреттер,кесте әліппесі,қима парақша.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: Сәлемдесу.
Психологиялық көңіл-күй,жақсы тілектер айту.
Қайырлы таң, жер ана!
Қайырлы таң ,күн ана!
Қайырлы таң, мектебім!
Қайырлы таң ,достарым!
Сабақтың мақсаты: Балалар сабағымыздан сендермен алған білімізде жинақтаймыз.
Жаңа сабақ Қазір біз сендермен 6-топқа отырамыз.
Алдыларыңда 6-жұлдыз бар, сол бір жұлдызды таңдаймыз.
6-топқа бөлу.
1-топ. 2-топ. 3-топ.

4-топ. 5-топ. 6-топ.

Ереже:
Тыныштық сақтау.
Бір-біріне көмектесіп ,ұжымдасып жұмыс істеу.
Өз ойларыңды айту.
Топпен бірге жұмыс істеу керек.
Біз бүгін сендермен бірге топпен жұмыс істейміз.
Қазір видео ролик көреміз. Олар қарайды.Бұл видеоны көріп маған сұрақтарға жауап бересіңдер
Видео ролик «Аю»туралы.
Сұрақтар:
Не туралы видео ролик?
Аю қандай дыбыстан аяқталады?
Балалар жауап берді.
Ия балалар бүгін біздің тақырыбымыз Ю дыбысы мен әріпі.Ю дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстырылады. Ю дыбысының екі ( и+у) дыбыстан тұратындығы
1-тапсырма:Қима парақшамен жұмыс.Әр топқа суретпен қима парақшаларын беріледі.6 сурет беріледі. осы суреттерді дауысты және дауыссыз дыбыстарды бояу,оқу, буынға бөлуді айту.

Аю Баю Юла

Юбка Ою Юля
2-тапсырма:Кесте әріпен жұмыс. Алдыңғы сабақта біз қандай әріпен таныстық.Балалар адасқан буындармен сөз құрастыру.Сөздік талдау.Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату.Балалар адасқан буындардың ішінде қандай әріп бізге таныс. Әр берілген сөздерді көрсетеді. Ауызша айту. Мысалы:Жаю,баю,қию ,тою,құю , жию.Мына сөздерді буынға және дауысты,дауыссыз екенін айту.
Сергіту сәті: Видео ролик «Көңілді күй»
Қортынды: 3-тапсырма:Дәптермен жұмыс.Бүгін нешесі? қай апта? қай ай? Бәрін ауызша жауап беру.Мысалы әріпті жазу арқылы
дыбысын көрсету.Ауада жазу тәсілдері үйрету.Әр топ өзінің дәптерімен жазу.Дәптерді ауыстыру және баға қою. Әр топ бір-біріне сағат тілінде жүру арқылы бағалайды.

4-тапсырма: Неше дыбыс? Неше әріп? тапсырмасын орындату арқылы түсіндіріледі.
Мысалы:Ою,Аю сөздерін талдау.

3 3
2 2
Балалар біз бүгін қандай тақырып болды?
Қандай әріпен таныстық?
Ол қандай дыбыс?
Қай үйде тұрады?Ол қызылма көкпе.
Рефлексия: Балалар сендер қазір тақтаға үкі ілеміз.
Сабақ ұнадыма?
Ұқпадым! Ұқтым ! Білгім келеді!

Күтілетін нәтиже:Юю дыбысын сөз ішінен ,бөліп ,айта білу қажет.