Сценарий на казахском языке на тему Наурыз — думан


«НАУРЫЗ – ДУМАН» атты іс – шараның мерекелік сценарийі
Өтетін орны: «Т. Әубакіров атындағы гимназия» ЖММ, спортзал
Күні: 17.03.2015ж 14.30 сағ
Қатысатындар: 5а, 5б, 6, 7, 8а, 8б
Жауаптылар: Аменова М.М., Ногайбекова П.М., Арекова А.Б.
Жүргізушілер:
Сайыс кезеңдері:1. Таныстыру.2. Салт – дәстүрлер сайысы.
3. Музыкалық нөмір.
Қазылар алқасы:
Аяпбергенова Н.К. – қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;
Ботова Т.И. – неміс тілі мұғалімі;
Метаева Г.Ж. – шет тілі мұғалімі.
БАСТАЛУЫ:
Залда свет сөніп тұрады. Сол кезде залға Қыдыр ата мен 12 бала (қарақшылар) кіріп келеді:
МУЗЫКА.
Қыдыр ата: Келе жатырмын! Келе жатырмын!!! Алыс ұзақ сапардан, міне, жеттім сендерге!!!
Ал тыңдаңдар батамды:
Ардақтаңдар атаны!
Тойсаңдар, тасып, бөспеңдер,
Топастықты кешпеңдер,
Ананың сүтін ақтаңдар,
Арларыңды сақтаңдар!
Жалқаулық жаудан жаман-ды,
Жеңіңдер оны күреспен:
Жеңіске жетер бірлескен.
Кең пейіл,  дархан халқымыз,
Кеңейді дәстүр-салтымыз;
Дәстүрін елдің сыйлаңдар
Дүстүрлі салтты тойлаңдар!
Орындалсын ойларың,
Тойға ұлассын тойларың!
Әумин!!!
Қыдыр ата: Ал, енді құрметті қауым, мені, басқа да балалар, ата – аналар, ұстаздар тосып қалды. Мен оларды да құттықтап, батамды беру керекпін. Сау болыңдар!!!
МУЗЫКА.
ФАНФАРЫ.1 - жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер әз жандар,Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,Білімменен сусындатқан біздерді.
2 - жүргізуші: Армысыздар, оқушылар, балғындар,Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамған.Алдарыңда жауқазындай құлпырған,Келесі сынып оқушыларын қарсы алыңыздар.
Залға қатысатын топ оқушылары кіріп келеді.
1 - жүргізуші: 5а сыныбы, 5б сыныбы, 6 сынып оқушылары, 7 сынып, 8а сыныбы, 8б сынып оқушылары.1 - жүргізуші: Ал келіңдер, келіңдер,Біріңе - бірің еріңдер.Біліміңді тексеріп,Ойынға қатысып көріңдер.
Бүгінгі іс – шарамызды ретке келтіру үшін, командалар арасында жеребе саламыз.
Команда өз нөмірін алып, дайындап қойған «ауылына» барып жайғасады.2 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Қазір осы уақытқа дейін алған білімімізді саралап, өнерімізді ортаға салмақпыз. 1 - жүргізуші: Біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік. 2 - жүргізуші: Олай болса, сыныптар арасында «Таныстыру» атты сайысымызды бастамас бұрын, сіздерді қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
Аяпбергенова Н.К. – қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;
Ботова Т.И. – неміс тілі мұғалімі;
Метаева Г.Ж. – шет тілі мұғалімі2 - жүргізуші: Алғашқы кезегіміз таныстыру,Топтарды бір - бірімен табыстыру.Айдар таққан атауларын қорғайтындайӨлең сөзбен өрнектеп жарыстыру.
1 - кезең: «Таныстыру»
Таныстыру кезеңі – үш сынып қатарынан шығады.
Музыкалық нөмір:
Таныстыру кезеңі – үш сынып қатарынан шығады.
Музыкалық нөмір:
2 - кезең: «Салт – дәстүрлер» сайысы:
Салт – дәстүрлер кезеңі – екі сынып қатарынан шығады.
Музыкалық нөмір:
Салт – дәстүрлер кезеңі – екі сынып қатарынан шығады.
Музыкалық нөмір:
Салт – дәстүрлер кезеңі – екі сынып қатарынан шығады.
1 - жүргізуші: Тамашаға толтырып тұнық төрді,
         Жетті, Наурыз, үкілеп үміттерді,
         Барша үйге бақыт боп, береке боп,
         Жанарынан нұр шашып күліп келді.
2 – жүргізуші: Наурыз тойым, Наурыз тойым.Құтты болсың халайық!Қане, достар, қане, достар,Шырқап әнге салайық. 
Музыкалық нөмір:

2 - жүргізуші: Сайыстың ақыры да таяп қалды,Топтағы өрендер де шаршап қалды.Сайыстың қорытындысын білу үшін,Қазыларға сөз кезегін ұсынады.Сөз кезегі қазылар алқасына беріледі:
2 - жүргізуші: Қош болыңдар, тыңдаушылар, көрермен,Шықтық - ау деп ойлап тұрмыз көңілден.Сайысымыз аяқталды бүгінгі,таныстыру мен салт - дәстүрден өрілген.Наурыз мейрамы баршаңызға тек жақсылық әкелсін!!!
Қош сау болыңыздар!!!