«Ана – ?мірді? г?лі,?ыз – ?мірді? к?ркі» атты 8 наурыз аналар мен ?ыздар мерекесіне арнал?ан ерте?гілік
КМҚК «Балерке» балабақшасы
«Ана – өмірдің гүлі,Қыз – өмірдің көркі»
8 наурыз аналар мен қыздар мерекесіне арналған іс – шара
Тәрбиеші: Копесова Н.А. «Жұлдыз» ІІ сәбилер
тобының тәрбиешісі
2016 – 2017 оқу жылы
Жүргізуші: Армысыздар аяулы аналар!
Армысыздар мейірімді әжелер!
Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар!
Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасады адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірімін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Аналар,барша қонақтар 8-наурыз мерекесі құтты болсын!
Құрметтейік балалар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой Ойлауменен істелік әр қадамды.
Аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!
Баурап алар бірақ ауыз сәлемі,
Қазақ қызы әдепті де әдемі.
Қазақ қызы –ақылына көркі сай,
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.
Құрметті қыздар мерекелеріңіз құтты болсын!
Балалар, бүгінгі мерекеміз ерекше болмақ. Неге екенін білгілерің келе ме? Балалар:Иә.
Бүгін біз «Жұлдыз» тобының ең сұлу,ашық жүзді аруын таңдамақпыз.Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші : Құрметті қонақтар бүгін сіздер балабақшамыздағы бүлдіршін қыздардың ,асыға күткен «Ана – өмірдің гүлі, қыз – өмірдің көркі» сайысын тамашалауға келіп отырсыздар! Көңіл сарайларыңыз ашылсын, күлкілері-ңізден інжу маржан шашылсын!
Арулар асыл жандар,
Шуақ боп шашылғандар-дей отырып,ақ маңдай,ашық жүзді,бота көз қыздарымызды салтанатпен ортаға шақырамыз». Қарсы алыңыздар!
Жеребе таратылады.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
Жүргізуші: -Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Алқасын қазылырдың біз сайлайық Ақ аруды таңдап бүгін алуға-
Деп,бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
----------------------------------------------------------,
----------------------------------------------------------,
----------------------------------------------------------,
---------------------------------------------------------,
Жүргізуші : Бүгінгі бүлдіршін аруларымыз мына бөлім бойынша сынға түседі:
1-бөлім: «Өзін таныстыру»-деп аталады.
Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін-өзі таныстырады.Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты,жүріс тұрысы сынға түседі.
2-бөлім: «Өнерлі – өрге жүзер» деп аталады.Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.(Ән айту,би билеу,ертегіден үзінді т.б өнерлерін көрсетуге болады)
3-бөлім:»Үй тапсырмасы»
4-бөлім: «Сұлулық жарасады аруларға» деп аталады. Бұл бөлімде кішкентай аруларымыз шаш үлгісі мен сән үлгісін көрсетеді.
«Жеті атасын білмеген жетесіз» дейді халқымыз,сол себепті де өздерін таныстыру сайыстың алғашқы шарты болып саналады.
Айдай сұлу арулардың өнерін,
Сәлемдесу рәсімінен көрейік.
1-бөлім: Таныстыру
--------------------------------------,
1-бала: Құрметті қазылар алқасы өз бағаларыңызды берсеңіздер.
Келесі бөлімге дайындалу үшін аруларымызды қошеметпен шығарып салайық.
Жүргізуші: –Асқар тау,биігіміз сенсің- әже
Жүрегің теңіздей кеңсің- әже
Ұл қызың армансыз болар еді
Мәңгілік сен бізбен бірге күлсең- әже
Құрметті әжелер сіздерге арнап,бүлдіршіндер ән айтып береді.
Ән: «Әжелерді ардақтап».
Жүргізуші: Жарайсыңдар бүлдіршіндер!
Жүргізуші. –Ана дегеніміз-өмірдің бастауымен таусылмайтын жалғасы. Ана тіршілік көзі,үлкен тағдыр,махаббат пен шабыттың нәрі балалар.
Ендеше,біздің балалар,аналар мен әжелерімізге өлең – жырлардан шашу шашпақ.
Балалар аналар мен әжелеріне өлең жолдарын оқып береді.
1. Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін күнде мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен.
2. Әлпештеген аялаған
Ақсүт берген апатайым
Тақпақ айтып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын.
3. Жарқын жүзді жан анам
Сендей болса бар адам.
Шаттық кетпес баладан.
4. Ана өмір шырағы Ана өмір бұлағы Бесігімнің жыр әні
Жүрегімде тұрады.
5 . Біз доспыз гүлдермен
Тек оны жұлмаймыз.
Той күні бірбірден
Анаға силаймыз.
6 .Еркелеймін шаттанам,
Жарқын күлкің бақ мағепан
Ақ бетіңнен сүйейін
Келші кеплші ақ мамам
7.Бал бөбегін баптаған
Мамам үшін мақтанам
Ақ бетіңнен сүйейін
Келші келші ақ мамам.
2.бөлім: «Өнерлі – өрге жүзер». Кішкентай аруларымыздың өнерін тамашалайық.
Кішкентай арулардың өнерін тамашалау.
Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналарды құттықтап,
Би билейміз бәріміз.
Сүйікті аналар сіздерге арналған бүлдіршіндеріміздің «Көктемгі вальсін» қабыл алыңыздар.
3-бөлім: «Үй тапсырмасы»
Қыздар үй тапсырмасы – тәтті тағам немесе қолөнер бұйымдарын қорғайды.
Жүргізуші. -Аяулы да алтын нұрлы анашым Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.
Сен арқарсың, сен аспансың,биіксің
Сен дархансың, сен жомартсың, данасың – дей келе балаларымыздың келесі «Сенің анаң алтын» әнін тыңдаңыздар.
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың соңғы бөлімі: «Сұлулық жарасады аруларға» деп аталады. Шаш үлгісі мен сән үлгісін көрсету.
Әділқазылар бағалайды.
Жүргізуші: Гүлдей жайнап тұр өңі
Мейірлене күледі
Үйдегі бар шаруаға
Үлгереді бір өзі
Аналар сіздермен ойын ойнасақ.
Ойын шарты бойынша үйдегі күнделікті атқаратын тірліктерін пантомимо арқылы көрсетеді.Ол үшін мына конверттерден өз қалауларыңызбен біреуін таңдаңыздар Анасы понтомимомен канвертте берілген тапсырманы бейнелейді,балалар қандай қимыл екендігін табуларың керек
Жүргізуші: «Кішкентай жүректер» биі.
Балалар аналарына өздерінің шағын сыйлықтарын тапсырады.
Жүргізуші: Өнеріміз сайыста
Жетелейді алысқа
Бүгінгі күннің жеңісі
Достық болып қалуда - дей келе қорытынды сөзді әділқазыларға береміз (Әділқазылар қыздарға номинация бойынша марапаттайды.(Көркем ару,әдемі ару, білімді ару.)
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыз көріскенше
Осымен сайысымыз аяқталды.
Жүргізуші. Қатысқандарыңызға көптен көп рахмет! Келесі көктем мерекесіне аман жетейік ,көріскенше күн жақсы болсын ағайын