8 наурыз мерекесіне арнал?ан ерте?гілік ?ызыл телпекпен саяхат


8 наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Тақырыбы: «Қызыл телпекпен саяхат»
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Ю.А.Гагарин орта мектебі
Шағын орталық тәрбиешісі: Утегенова Гульмира Умирбаевна
Қызыл телпек:
Анашымғ анашым мерекең құтты болсын!- деп оған гүл сыйлайды.
Анасы:
Жарығым менің , сыйлығың үшін саған рахмет!
Сол кезде есік қағып пошташы келеді:
Сіздерге хат келді.
Анасы хатты оқып.
Қызыл телпек, әжең ауырып қалыпты, мен бәліш пісіріп қойып едім апарып берші.
Қызыл телпек:
-Жарайды, анашым.
Анасы:
Орманның ішімен жүрме, қасқыр жеп қояр, тура долмен бар.
Қызыл телпек жолға аттанады. Келе жатып жолдан адасып орманның ішіне тап болады.
Жолда оған қояндар кездеседі:
Қызыл телпек бүгін аналар мерекесі ғой, ал сен болсаң орманның ішінде не істеп жүрсін?
Қызыл телпек:
Менің әжем ауырып қалыпты, мен әжеме бәліш алып келе жатқанмын, жолдан адасып кетіппін.
Қояндар:
Біз сенің көңіліңді көтеріп тақпақ айтыа берейік.
Абылай
Аялаймыз ананы,
Құрметтейміз, бағамыз.
Сіздер үшін аналар,
Біздер тақпақ айтамыз!
Ұлағат
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген- бәйтерегі өмірдің,
Ана деген-алтын қазық, алтын бақ!
Жаннұр
Ана деген-адамзаттың данасы,
Ана деген- сәбилердің панасы,
Ана деген –қайнар ыстық бұлағың,
Ана деген- өмірдегі шырағың
Айдос
Алтын анам жасымнан аялаған,
Мен үшін игілікті аямаған.
Мектептен шаршап үйге келгенімде,
Бал сөзі «жаным» деген сая маған
Қызыл телпек:
Рахмет сендерге, менің көңілім бір сергіп қалды ғой!
Қояндар:
Абай бол, жолда қасқыр кездесіп қалмасын.
Қызыл телпек Қояндармен қоштасып, әрі қарай жүреді.
Келе жатады, келе жатады, алдынан, ара, көбелектер кездеседі:
Қызыл телпек бүгін аналар мерекесі ғой, ал сен болсаң орманның ішінде не істеп жүрсін?
Қызыл телпек:
Менің әжем ауырып қалыпты, мен әжеме бәліш алып келе жатқанмын, жолдан адасып кетіппін.
Аралар :
Біз сенің көңіліңді көтеріп ән шырқап берейік.
Абдурахман
Дүниенің жарық күні анамыз,
Бала болып анамен данамыз,
Тыңдаңыздар көңіл қойып ағайын,
Анаға арнап тағы біз ән саламыз.
Қыздар биі
Қызыл телпек:
Рахмет сендерге, менің көңілім бір сергіп қалды ғой!
Аралар:
Абай бол, жолда қасқыр кездесіп қалмасын.
Қызыл телпек аралармен қоштасып, әрі қарай жүреді.
Келе жатады, келе жатады, алдынан көктем кездеседі:
Қызыл телпек келе жатады, келе жатады алдынан сайқымазақ шығады:
Қызыл телпек, бүгін аналардың мерекесі күні сен қайда бара жатырсын?
Қызыл телпек:
Әжем ауырып қалып еді,анам бәліш пісіріп берген соны алып бара жатырмын.
Сайқымазақ:
Біз сенің көңіліңді көтерейік, бізбен бірге ойын ойнайық.
Ойын: «Өз гүліңді тап».
Шарты: балалар қолдарыңдағы шарлармен жерде тұрған гүлдерге барып қона қалады.
Қызыл телпек:
Ой рахмет балалар, менің көңілім бір көтеріліп қалды ғой!
Қызыл телпек сайқымазақпен
Көктем:
Қар, мұз еріп,су көбейіп,
Сай саладан ағады,
Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Жер, гүл шашақ тағады.
Қызыл телпек, айтшы кәне,
Қай мезгілде болады?
Қызыл телпек:
Көктемде
Көктем:
Мен көңілді көктеммін, былтыр келіп кеткенмін,
Көзін ашып бұлақтан, түбіне тал еккенмін.
Гүл болып қырда егілем, дән болып жерге себілем,
Жаңбыр болып жауам да, нұр болып көктен төгілем:
Шуағын төгіп әлемге, қуатын күннің әкелем.
Табиғаттың төсіне, тіршілігін әперем.
Қызыл телпек бүгін аналар мерекесі ғой, ал сен болсаң орманның ішінде не істеп жүрсін?
Қызыл телпек:
Менің әжем ауырып қалыпты, мен әжеме бәліш алып келе жатқанмын, жолдан адасып кетіппін.
Көктем :
Біз сенің көңіліңді көтеріп әжеңе бәйшешек гүлдерін сыйлаймын.
Қызыл телпек:
Рахмет көктем, менің көңілім бір сергіп қалды ғой!
Көктем:
Абай бол, жолда қасқыр кездесіп қалмасын.
Қызыл телпек келе жатып, жерден алтын балық тауып алады.
Алтын балық:
Қызыл телпек, мен құрғаққа шығып кеттім маған көмектесе көр, тездетіп суға жеткізші. Сенің жақсылығың үшін мен сенің үш тілегіңді орындаймын.
Қызыл телпек:
Үш тілегімді орындамай ақ қой. Иенің бір ғана тілегім бар, соны орындасаң болғаны. Әжем қатты ауырып жатқан, сол сауығып кетсе болғаны.
Алтын балық:
Жарайды , сенің дегенің болсын.
Қызыл телпек:
Рахмет саған, Алтын балық!
Қызыл телпек Алтын балықты суға жеткізіп салады.
Келе жатады, келе жатады алдынан гномдар кездеседі:
Қызыл телпек бүгін аналар мерекесі ғой, ал сен болсаң орманның ішінде не істеп жүрсін?
Қызыл телпек:
Менің әжем ауырып қалыпты, мен әжеме бәліш алып келе жатқанмын, жолдан адасып кетіппін.
Гномдар :
Біз сенің көңіліңді көтеріп би билеп берейік.
Шалқып тасып әніміз!
Жадырасын жанымыз!
Аналарды құттықтап,
Би билейміз бәріміз.
Балалар биі «Гном»
Қызыл телпек:
Рахмет сендерге , менің көңілім бір сергіп қалды ғой!
Гномдар :
Абай бол, жолда қасқыр кездесіп қалмасын.
Қызыл телпек гномдармен қоштасады.
Келе жатады, келе жатады, алдынан қасқыр кездеседі:
Қызыл телпек бүгін аналар мерекесі ғой, ал сен болсаң орманның ішінде не істеп жүрсін?
Қызыл телпек:
Менің әжем ауырып қалыпты, мен әжеме бәліш алып келе жатқанмын, жолдан адасып кетіппін. Ал сен кімсің?
Хм сен не мені танымайсыңба? Мен қасқырмынғой. Мен сені жеп қоямын!
Қызыл телпек:
Ой, сені сұсты, ұсқынсыз, қорқынышты деген, ал сен ондай емессін ғой. Сен сүп- сүйкімдісін, тура менің Ақтөс итім секілді.
Қасқыр абыржып:
Сен шыныменде солай ойласын ба?
Қасқыр жылап:
Менімен ешкім дос болмайды, менен бәрі қорқып қашады:
Қызыл телпек жұбатып:
Жылама, сен ақкөңілсін, мейрімдісін. Қаласаң менімен жүр.
Қасқыр:
Бүгін мереке екен ғой, мен оны ұмытып кеттіппін.
Көңіліңді көтеріп саған «Ақ мамам» әнін орындап берейік.
Ән «Ақ мамам»
Қасқыр:
Рахмет саған қызыл телпек! Мен әжеңе гүл теріп апарып беремін.
Қызыл телпек қасқыр екеуі әжесіне барады. Ал әжесі алдынан шығып,немересінің маңдайынан сүйеді.
Қызыл телпек:
Алтын балық, саған мыңда бір рахмет! Әжем үшін!
Осымен ертегі аяқталады.
Балалар аналарына арнап жасаған сыйлықтарын табыс етеді.