?аза? тілінен Мені? с?йікті ба?дарламаматты саба? жоспары. 6 сынып


Пән: Қазақ тілі Сынып: 6 9.04.16 жыл
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті бағдарламам.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын байыту. Байланыстырып  сөйлеуге үйрету.
Табыс критерийі: Ұлттық теледидар тарихын білемін.Танымал ұлттық телеарналарды білемін. Өз ойымды қазақ тілінде еркін жеткізе аламын.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, А-3 парақтары, маркерлер, бағалау парақшалары, стикерлер.
Әдіс-тәсілдері: АКТ, СТО, тест, топтық жұмыс, критериалды бағалау, диалогтық оқыту, дарынды және талантты балаларды оқыту.
С А Б А Қ Т Ы Ң   Б А Р Ы С Ы
Ұйымдастыру кезеңі (1 минут): Сәлемдесу, түгендеу. «Қызығушылықты ояту» кезеңі:
А) Сөздік жұмысы (6 минут): Тақтада берілген сөздер бойынша дыбыстық жаттығу (хормен қайталату). Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздырып, аударма сөздіктердің көмегімен өздеріне аударту:
Теледидар - ?                             Бағдарламалар - ?
Телеарна - ?                                             жаңалықтар - ?
хабарлар - ?                                  мәдени - ?
танымдық бағдарлама - ?                          сұхбат - ?
(Сөздерді қалай аударғандарын тексеру).
Б) «Ой шақыру» (2 минут): Енді ойланыңдар, бұл сөздер қандай тақырыпқа жатады? «Ассоциация»: «Теледидар» сөздерін естігенде көз алдарыңа не елестейді? Оқушылардың жауаптарынан кейін: Енді сендер қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта не туралы айтуымыз мүмкін?Оқушылардың жауабынан соң сабақтың тақырыбы, мақсаты, табыс критерийлері хабарланады.
Үй жұмысын тексеру (8 минут): «Біріккен сөздер» тақырыбы бойынша тесттің сұрақтарына жауап береді.
Тексеру. Партада отырған жұптар бір-бірімен дәптер ауыстырып, бір-бірінің жұмыстарын тексереді. Тест кілттері мен бағалау критерийі тақтада көрсетіледі:
«5» - 13 – 15 дұрыс жауап             «3» - 6 – 9 дұрыс жауап
«4» - 10 – 12 дұрыс жауап             «2» - 0 – 5 дұрыс жауап
 «Мағынаны тану» кезеңі. Сыныпты отырған варианттары бойынша екі топқа бөлу.
1-ТАПСЫРМА. «Миға шабуыл» (7 минут). Тақтада «Хабар мен «Қазақстан» телеарналар суреттері:
        Төмендегі сұрақтардың жауабын жылдам тапқан топ жалаушаны көтереді. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі. Қай топтың ұпайы көп болса, сол – жеңімпаз:
Суреттерден нені көріп тұрмыз?
Берілген суреттер қандай телеарналар белгілері?
Теледидардың пайдасы қандай?
Олардың зияны бар ма?
Олар қай елдің арнасына жатады?
Олардың ортақ белгісі қандай? (екеуі де ақпарат құралы)
Бағдарлама деген не?
Ең бірінші телеарна қайда, қашан пайда болды?)
Танымдық бағдарлама деген не?
Мәдени бағдарлама деген не?
Теледидарды пайдалану үшін не керек?
Қандай танымал арналарды білесіңдер?
Егер теледидар болмаса не болар еді?
Теледидарға тіл бітсе не айтар еді?
Ұпайларын санап, жеңімпаз топты анықтау.
Сергіту кезеңі (3 минут). Көз жанарына арналған. Слайдтағы шарды мойынды бұрмай, көз жанарымен ғана бақылау.
2-ТАПСЫРМА (6 минут). Сурет қиындылары арқылы үш топқа бөліну.
Барлық топтарға бірдей тапсырма. Тақтада берілген суреттерді логикалық байланыстырып, әңгіме құрастыру:
       
Тексеру. Әр топ өз әңгімесін оқып, бірін-бірі бағалайды. Бағалау критерийлері:
Әңгімеде сурет атауларының қамтылуы – 1 ұпай
Логикалық байланыс – 1 ұпай
Сөздердің орын тәртібі – 1 ұпай
Әңгіменің көлемі – 1 ұпай
Сөз байлығы – 1 ұпай
«Ой толғаныс» кезеңі. 3-ТАПСЫРМА (7 минут)
Төменде берілген тақырыптар бойынша топтар кластер құрастырып, әңгімелеп береді:
1-топ: «Теледидардың пайдасы мен зияны»
2-топ: «Менің сүйікті бағдарламам»
3-топ: «Ұлттық арналар»
Тексеру. Топтар тақтаға өз жұмыстарын алып шығып, қорғайды. Топтар бірін-бірі бағалайды. Бағалау критерийлері:
Тақырыптың ашылуы – 1 ұпай
Түсіндіре алуы – 1 ұпай
Сөз байлығы – 1 ұпай
Сауатты сөйлеуі – 1 ұпай
Жұмысты безендіруі – 1 ұпай
Басқа топтарды тыңдай білуі – 1 ұпай
Бағалау (2 минут). Топ жетекшілері бағалау парақшаларына топ мүшелеріне баға қояды. Бағалау критерийлері (әр критерийге бір ұпай) :
Критерий 1-оқушы 2-оқушы 3-оқушы 4-оқушы 5-оқушы
Білімі
Белсенділігі
Жауапкершілігі
Сөйлеу білуі
Сауаттылығы
Сыпайылығы          
 Үйге тапсырма (1 минут).
Кері байланыс (2 минут).