Мені? бозбала мен бойжеткен ша?ымда?ы с?йікті кітабым


«Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Менің бозбала мен бойжеткен шағымдағы сүйікті кітабым»
/кездесу кеші/
Сыныбы: 8 «А»
Ұйымдастырушы: Ж.Әбдімәліков.

Тақырыбы: «Менің бозбала мен бойжеткен шағымдағы сүйікті кітабым»
Мақсаты: оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру, кітапханаға оқырмандар тарту, оқырмандардың ой - өрісін дамыту, оған кітаптарын талдай отырып, рухани тәлім - тәрбие беру.
Көрнекілігі: кітап туралы қанатты сөздер жазылған плакаттар, слайд арқылы ұлы адамдардың кітап, ғылым - білім туралы айтып кеткен даналық ой - пікірлері, кітап көрмесі.
Сахнада баяу музыка ойнап тұрады.
1 жүргізуші:
Қуан кітап, қуанатын күн бүгін
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.
Кел, оқырман тойын тойла кітаптың,
Шаттанатын мерекелі күн бүгін.
ІІ жүргізуші:
О, кітап бас иемін мәртебеңе,
Игілік - қазынасың бар адамға.
Сен берер жақсылықтың есебі жоқ,
Жеткізіп жолын тауып айта алам ба?
1 жүргізуші:
Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін де кітапханадан табамыз. Талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтың көзі – осы кітаптар.
ІІ жүргізуші:
Рухани білімнің, рухани мәдениеттің ауадай қажеттілігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес. Адам баласы сол байлықтың көзін «Кітап» деген құдіреттен тапты. Ғылым мен техника, жоғары технология дамыған ХХІ ғасырда да бәрінің бастау алар қайнар көзі – кітап.
І жүргізуші:
Олай болса, бүгінгі «Кітап – рухани сарқылмас қазына» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
ІІ жүргізуші:
Жыр келеді өмірге, жыр келеді,
Тоқсан толқын сөз тасқын түрленеді.
Құшырланып қағазға төне берсем,
Кеудемнің бақшасы тұр гүлдегелі.
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін, – деп Мұзафар Әлімбаев ағамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде – ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.
Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі - өнеге мен тәрбие аламыз. Оқыған - тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Батыр бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек.
Ақтолқын:Ортамызға кітапты шақырайық.
Кітап: /Оразәлі/ Балалар, мен білім көзі – кітаппын. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштардан қағаз шығарады. Содан соң авторлар жазады, суретші ағайлар сурет салады. Баспахана суреттер мен жазуларды жазып шығарады.
Ақтолқын: / / Кітап, ендеше сен, бүгін бізде қонақта болып, балалардың өнерін тамашалап қайт.
Адамның досы кітап – өмір кілті,
Тең келмес оған жиған мүлкі.
Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы,
Асыл ой – қазынасы, өмір көркі.
Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы әліппеден.
Қарасақ – шалқар теңіз, түпсіз мұхит,
Оқысаң кітап сырын ашып терең.
І жүргізуші:
Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті және өнерлі болу керек. Ол үшін терең білім, ғылыми жаңалықтар, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітаппен тынымсыз еңбек етеді.
І Ақтолқын: Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол енді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында қолданады. Одан ақыл - кеңес, тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге алады. Кітап – біздің рухани жан азығымыз.
І жүргізуші:
Өмір атты осынау сырлы алаңда,
Жаңаға, жақсылыққа құнықтырған.
Адам ойы – ең қымбат бұл ғаламда,
Кітаптардың бетіне тұнып тұрған.
ІІ жүргізуші:
Бар байлығым - өлең - жырым қолда бар,
Өн бойымда құпия жоқ таңқалар.
Көріп жүрген көп адамның бірімін,
Көңілімде қиял да бар, ән де бар - деп ақын Мәлік Аяпов жырлағандай, келесі кезекті ән - шашуға берейік. Мектебіміздің әншісі 2а - сынып оқушысы Дәулетхан Нұрдың орындауында «» әні. Келесі кезекте 1а - сынып оқушыларының «Бала тілегі» әнін қабыл алыңыздар.
І жүргізуші: Нұлсұлтан
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
ІІ жүргізуші:
Кітап толы терең сыр парасатқа,
Қазынасы ол – адамзат ақылының.
Кітап сөзі – жас ұрпақ болашаққа,
Жеткізеді дананың асыл үнін – дей келе 6а - сынып оқушылары Жагипарова Гүлмира мен Сануар Айсанның «Кітаптар мұңы» көрінісін тамашалайық.
- Ей, бауырым, тұрсаңшы! Біз қайда келдік өзі?
- Ой, мазамды алмашы. Өйткені тірлігі бар болсын. Одан да парақтарымның жыртылып, желге ұшып кеткені дұрыс еді.
- Не болды, не болды соншама? Жалғыз сен деймісің, осындай күйге түскен?
- Өй, сен кімсің, сыртың бүп - бүтін ғой өзіңнің.
- Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін болғанымен, ішім – түтін. Ана тілімін. Мені басып шығару үшін қаншама адам баласы еңбек етті.
Балалар оқысын, сауат ашсын, адам болсын деген ниет қой бәрімізде. Мен де өзімнің білімімді беруге тырыстым.
- Бәріміз де сондай ниетте едік. Артықбай деген баланың қолына түстім.
- Мен Сотқарбай деген баланың кітабымын, Ол парақтарымды жыртып алып, кептер жасап, ұшырып ойнағанда «қой» демеді ғой үлкен ағасы, шіркін!
- Онда мұңдас болдық қой, достым. Біздің Артықбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді бастырып, бетімді шимайлады.
- Адам өз мүлкіне ұқыпты болса ғой. Әдепті балалар көп. Мысалы, менің бір досым бар. Ол екеуміз парталас болдық. Соның иесін айт, оқушы деп! Бүлдірмек түгілі, шаң мен кір жуытпайды.
- Ендігі алдағы күніміз не болар екен? Мүмкін бәрімізді жинап - жинап, отқа жағар? Кітап шығару үшін көп қаржы керек қой.
- Иә, достар, қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсе екен.
І жүргізуші:
Керемет кемеңгер жан ақыл асқан,
Ең алғаш әріп жасап, кітап басқан.
Емес пе, шын ғажайып осы кітап
Халыққа өнер - білім нұрын шашқан.
ІІ жүргізуші:
Дәулетің сенің өнерің,
Өнермен артар беделің.
Өнерің болса бойында,
Халқыңа тиер көмегің. /Көрініс «Кітап емханасы»/
Ақтолқын: Балалар, бүгін бізге дәрігер келіп отыр. Ол кісі бізге кітаптардың сұраулары туралы біраз мағлұмат береді.
Дәрігер ағай, сізге сөз кезегі.
Дәрігер Айгерім Асқарқызы: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Адамдар мен жан - жануарлар сияқты кітаптар да ауырады.
Кітаптарда мынандай ауру түрлері болады:
1. Туғаннан пайда болған аурулар (баспадан дұрыс басылмаған).
2. Қартайғаннан болатын аурулар (көп жыл ұсталғаннан).
3. Жұқпалы аурулар (жыртылып, сия төгіліп, май қолмен ұстаудан).
4. Дұрыс жағдай болмағандықтан болатын аурулар (терезенің алдында күнде көп тұру немесе ылғал, дымқыл жерде сақталу).
5. Бақытсыздықтан болатын аурулар (жығылып батпаққа бұлғану, жыртылу)
Егер осылардан сақтасаңдар кітаптарың ешқашан ауырмайды.
Ақтолқын: Міне, балалар, көрдіңдер ме, біз бүгін көптеген мағлұматтар алдық.
Осы кітапханалардың балаларға білім негіздерін сапалы меңгертуде, жан - жақты тәрбие беруде, әр түрлі әдеби шығармалармен таныстыруда атқаратын маңызы зор.
Сондықтан, ең алдымен, кітап қазынасының ордасы – кітапханадан бастайық.
І жүргізуші:
Өлең – ақын шабыты толғайтұғын,
Өлең – ақын қанаты талмайтұғын.
Жақсы өлең жүректің дәруі,
Жан жүйкеңді елітіп шарлайтұғын - дей келе 6б - сынып оқушысы Ерқанаттың орындауында «» әнін қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші:
Адамзаттың жарқыраған шырағы,
Бізге әкелген бабалардың мұраты.
Ұрпақтарға темірқазық бола бер,
Болашақта «кітап – білім бұлағы» дей келе мектеп бишілерінің «-----------» биін қабыл алыңыздар.
І жүргізуші:
Құрметті бүгінгі «Кітап – рухани сарқылмас қазына» аудандық семинарына арналған әдеби - музыкалық шарамыз аяқталды, Сіздерге шығармашылық табыс тілейміз.
І - ІІ жүргізуші:/
Кітап әлемінде келесі кездескенше, аман - сау болыңыздар.