Шакиева Жазира Ондашевна. Акмолинская область Буландынский район КГУ Школа- детский сад Балдырган Мектепалды даярлы? топтар?а арнал?ан ерте?гілік сценарийі Та?ырыбы: ??тты болсын, Жа?а жыл!


Ақмола облысы, Бұланды ауданы
Макинск қаласы
«Балдырған» мектеп- балабақшасы
Шакиева Жазира Ондашқызы
Мектепалды даярлық топ тәрбиешісі
«Құтты болсын, Жаңа жыл!»
Мақсаты: 1.балалардың ертегі арқылы тілдерін дамытып, ашық сөйлеуге
үйрету, сана сезімдерін қалыптастыру.
2. ертегі барысында қиялдарын дамыту, ептілікке, алғырлаққа баулу.
3. балаларды мейірімділікке, достық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: безендірілген зал, балықтар, қармақ, шелек, көлдің суреті.
Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар,қадірменді қонақтар!
Жаңа жылың құтты болсын жас ұрпақ,
Келген жылға қарамаңдар тосырқап.
Жаңа жылың құтты болсын аталар,
Сергек ұрпақ өздеріңнен нәр алар.
Жаңа жылың құтты болсын аналар,
Бүлдіршіндер өздеріңнен нәр алар.
Қара нарлар көтеріңдер жыл жүгін,
Соңдарыңнан ере берсін боталар.
Бүгінгі «Құтты болсын, Жаңа жыл» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
-балалар залға кіреді.
Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуаныш көп болсыншы Жаңа жылға.
Ескі жылмен жаңа жыл ортаға шығады.
Жүргізуші: сендер мұнда не істеп жүрсіндер? Мерекеге келдік. Түсінікті, биылғы қой жылы бізбен қоштасқысы кеп тұр, сондықтан өз шыршасын келесі жаңа маймыл жылына табыс еткісі келеді. Солай ма? Ендеше табыс ет.
Қой: Мен тағы бір қонақпын,
Он екі жылда оралар.
Үлкендерге ақ ниет,
Сіздергеде ақ ниет,
Сіздерге де рахмет.
Жүргізуші: Қой жылы көп қуаныш,табыс, молшылық әкелді, енді сен дем ала ғой, саған рахмет. Биылғы жыл бәрімізге ерекше боп көрінді.
Маймыл: Сылдыр-сылдыр қоңырау
Сыңғырла да сыңғырла
Ертегі енді басталсын
Ақшақар келсін ортаға
Ақшақар: міне, мен! Сәлеметсіздер ме менің сүйікті достарым!
Балалар: Сәлеметсіз бе?
Ақшақар: О, Алақай тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Жаңа жылда бәріміз
Ән айтамыз жаңаша.
Жүргізуші: Ендеше балалар, Ақшақар мен бірге «Жаңа жыл»әнін орындап өтейік.
Хор : «Жаңа жыл»
Жүргізуші: Біздің әнімізді естімей әлі ұйықтап жатыр, бұл не деген Жалқаубек? Ақшақар сен оятып көрші.
Ақшақар: Жалқаубек, Жалқаубек.
Жалқаубек: не болды?
Ақшақар: Сен орындықта ұйықтағанша суға бар, орманнан отын әкелсейші.
Жалқаубек: барғым келмейді.
Ақшақар: Онда сен сыйлық алмайсың.
Жалқаубек: Неменеге мен барамын? Мен де сыйлықты жақсы көремін! Барлығын алтын балықтан сұрауға болады!
Жүргізуші: Біз алтын балықты қайдан аламыз?
Жалқаубек: Көлден алуға болады ғой, соны да білмейсіңдер ме?
(шыршаның шет жағында қасқыр балық аулап отырады.)
Түлкі: -Ей, қасқыр не істеп отырсың?
Қасқыр: Көріп тұрған жоқсың ба, балық аулап отырмын.
Түлкі: балығыңнан маған да берші, қарным ашып тұр.
Қасқыр: Жолама өзімнің де қарным ашып отыр, болмаса сені жеймін.
Жүргізуші: Түлкі ойланып , көлдің жағасында жатқан сасық балықты алып, қасқырдың балық аулап отырған шелегіне салып жібереді.
Түлкі: Ей, қасқыр,балығың сасып кетті-ау деймін.
Қасқыр: неге, мүмкін емес, жаңа ғана аулап отырмын ғой.
Түлкі: Сенбесең иіскеп көрші?
Қасқыр: иіскеп, шынымен сасып кеткен, бұл қалай болғаны? (төкпекші болады)
Түлкі: Ей, қасқыр , төкпе, оны маған бер ,анау алысқа төгемін, болмаса көлдің жағасы сасып кетеді.
Қасқыр: жарайды алсаң ала ғой, мен бәрібір сасық балықтарды жемеймін.
Түлкі: Әй, аңқау қасқыр ,мен сені алдадым. Мә сасық балығыңды өзің ал, ал қалған балықты өзім жеймін.
Қасқыр: Түлкі мен саған әлі көрсетемін! –деп ізінен қуып кетеді.
(2-3 балықты лақтырады, сол кезде ортадан жалқаубек шығып қағып алады.)
Жалқаубек: Алақай, мен алтын балық таптым!
Алтын балық: жігітім, мені босатшы, мен сенің 3 тілегіңді орындаймын.
Жалқаубек: Рас па, шынымен орындайсың ба?
Қоян: (шелек,отын ұстап билеп кіреді)
-Сәлеметсіңдер ме достар!
Жалқаубек: Сыйлық қайда?
Қоян: Қандай сыйлық?
Ақшақар: ия,Жалқаубек,саған сыйлық не үшін? Сен ештеңе де істеген жоқсың ғой!
Жалқаубек: ( күрсінеді) ендеше, мен өзіме өзім сыйлық жасаймын! Ей алтын балық маған бір қап тәтті кәмпит берші?
Әуен: Қап келеді.
Жүргізуші:Ал, Жалқаубек қаптың ауызын шеш. Саған осыншама көп кәпиттің қажетті не?
Жалқаубек: қаптын аузын ашады мыстан кемпір шығады
Мыстан: Барлығына жаңа жылдық сәлем!
Сымбатты қыздар,Сүйкімді ұлдар мен құрметті қонақтар!
Жүргізуші:Сен кімсің?
Мыстан: Мен зиянды мыстан кемпірмін. Мен сендердің мерекелеріңді бүлдіремін. Барлығыңды сиқырлап, орындыққа жапсырып қоямын!
Жүргізуші: Мыстан кемпір, тентек болмаңыз! Ашуыңызды басыңыз!
Мыстан: Мен ашулы емеспін! Мен мына отырған балаларды орындыққа желімдеп, жапсырып қоямын қане орныңнан тұрып көрші. (Жалқаубекті орындыққа жапсырып қояды.Жақсы! Ал Ақшақарды ұйықтатып тастаймын! Тоқта Ақшақар! Тоқта!(Ақшақардың артынан қуып,ұйықтатып тастайды.)
Мыстан: Міне, осылай. Енді қалай көңіл көтересіңдер?Сау болыңдар! Көріскенше!
Жүргізуші : Қандай қатыгез адам. Қане балалар орындықтарыңнан тұрып көріндерші! Сендерді де сиқырлап кеткен жоқпа? Қандай жақсы! Балалар енді не істейміз?
Алтын балық сіз біздің тағы бір тілегімізді орындайсыз ба?
Алтын балық: әрине, барлық тілектеріңді орындауға дайынмын.
Жүргізуші: Ендеше, бізге аяз атаны шақырыңызшы.
Балалар: Аяз-атаны шақырайық. Аяз-ата, Аяз-ата!
Әуен: Аяз-ата кіреді.
Аяз-ата: Жаңа жылмен, жаңа жылмен
Құттықтаймын бәріңді.
Жасым келіп қартайған,
Мен ақ шашты атамын,
Жерді мұзбен, қармен қатырамын!
Бүгін бірақ мейрімдімін,
Ешкімдіде қатырмаймын,
Ешкімді де ауыртпаймын!
Аяз-ата: Көріп тұрмын барлығың мерекеге жиналыпсыңдар, ал, менің Ақшақарым қайда?
Балалар: Ұйықтап жатыр!
Аяз-ата: Ұйықтап жатыр? Қалай ұйықтап жатыр? Оны кім ұйықтатты? Ал мына балаға не болды? Жалқаубекті кім желімдеп қойған?
Балалар: Мыстан кемпір.
Аяз ата: Жалқаубекті орнынан тұрғызып көрейік!
Сиқырлы таяғым бір, екі, үш!
Ал, Ақшақарға менің күшім жетпейді.сендердің орталарында өнерлі балалар барма? Қане өнерлерінді көрсетіңдер! Ақшақар оянып, көрермендер таң қалсын!
Жүргізуші: Ал, қанеки, балалар,
Ән мен жырға қосайық.
Той-думанды жалғайық,
Жаңа жылда шыршамызды,
Би билейік айналып.
Би:
Аяз-ата: Ақшақар оянды! Сендерге көп рахмет! Жарайсыңдар! Ал енді ән айтайық!
Жүргізуші : Келді Аяз-атамыз
Қызыққа әбден батамыз
Оянды әне Ақшақар
Қарсаламыз баршамыз!
Ән:
Жүргізуші : Енді не істейміз? Балалар неге біздің шыршамыз жанбай тұр?
Ақшақар: Бәріміз шыршаға сиқырлы сөзімізді айтып көрейік:
Қуант бізді таңырқат!
Шамдарыңды жарқырат!
Жүргізуші : ( Шыршаның шамдары жанады) Қандай әсем шыршамыз.
Жүргізуші:
Тобымыздың бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді, ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық
Би: «Ақшақарлар»
Жүргізуші: Жаңа жыл-туған елдің даналығы,
Жаңа жыл-дала ырысы, дала гүлі.
Жаңа жыл-тұнық көзі тыныштықтың ,
Жаңа жыл-ұлы ақынның жыр кемесі.
Балалардың жыр шумақтарына беріледі (тақпақтарын айтады)
Жүргізуші: Жаңа жыл-елімізді жарылқасын,
Қиналып әр отбасы тарылмасын.
Аяз ата бүгінгі келген күндей,
Жүздеріңнен қуаныш арылмасын-
-деген ниетпен, кезекті әнге береміз.
Хор : «Шырша жыры»
Аяз-ата: Рахмет балалар.Енді мен сендерге « Қатырамын» деген ойын ойнатамын. ( Әуен ойнайды балалар билейді Аяз-ата таяғымен тарсылдатқанда сендер қаттып тұра қаласындар 1,2,3)
Жүргізуші: Жарайсыңдар! Жақсы биледіңдер.
Аяз-ата: Балалар сендер өлең айттыңдар, би биледіңдер, ойын ойнадыңдар, ал, сендердің басқа да өнерлерің бар ма?
Балалар: Ия, білеміз.
Жүргізуші : Әрине, Аяз ата , біздің балаларымыздың барлығы да өнерлі балалар. Ата сіз отырып дем алыныз, балаларымыз сізге арнаған жыр шумақтарын тарту етсін.
Балалар тақпақтарын айтады.
Жүргізуші: Кел, төрлет, Жаңа жылым, құтты жылым,
Өзіңді бүкіл әлем күтті бүгін.
Қарсы алдық сені еңселі еңбекпенен,
Жарқырап әне алдымнан шықты күнім.
Ән:
Жүргізуші : Аяз-ата біздің қонақтарымызда ойнағысы келеді.
Ойын: «Шаш өру»
Жүргізуші: Жаңа жылда алауласын мың арман,
Жаңалықтар қолын созып жүр алдан.
Жаңа жылым жарқырай бер баршаны,
Өткен жылда даңқын солай шығарған.
Хор:
Жүргізуші: Қуанышпен шаттыққа кенелейік,
Жадырап ән шырқап тербелейік.
Төрле, төрлехалқымның құтты жылы,
Бәріміз дөңгелене би билейік.
Би: «Барбарики»
Жүргізуші: Аяз-ата әсем ән айтып, би билеп, ертегі елінде болдық. Аяз ата сізге сұрақ қоюға болама?
Аяз-ата: Әрине болады!
Жүргізуші : Ал, Балаларға сыйлық барма?
Аяз-ата: Әрине бар, қане сыйлықтарды әкеліңдер. ( Жалқаубек пен қоян әкеледі)
Мыстан: Менде сыйлық әкелдім, мынау сізге Аяз-ата. Міне алыныз, шарлар!
Аяз-ата: Көп рахмет, Мыстан кемпір.
Жүргізуші: Міне біздің мерекеміз аяқталды. Қане балалар ортаға шығыңдар!
Балалар: Жаңа жыл құтты болсын! ( Мыстан шарларды жарады)
Аяз-ата: Бізге де қайтатын уақыт келді. Сау болыңыздар!
Жаңа жыл құтты болсын!
Жүргізуші:
Жаңа жыл-қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Біз жаңа жылға қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.
Жаңа жыл бірлік берсін елімізге,
Береке, ырыс келсін жерімізге.
Қыспақты пейіліміз жеңіп шығып,
Қуаныш шашу шашсын төрімізге
- дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.
Жаңа жылымыз құтты болсын! Отбасыларыңызға бақыт, щаттық, қуаныш әкелсін! Сау болыңыздар!
Ән: «Қош келдің, Жаңа жыл!»