Алтын к?з мерекесіне арнал?ан Сыйлы?ы мол Алтын к?з атты ерте?гілігіні? сценариі
«Сыйлығы мол , Алтын күз»
Күзгі мерекеге сай безендірілген залға әуенмен балалар кіреді. Орындарына орналасады.
Жүргізуші: - Армысыздар, құрметті қонақтар, ата аналар , кішкентай бүлдіршіндер! Бүгінгі «Сыйлығы мол , Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Ай жапырақ сары, алтын,
Айналаның бәрі алтын.
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті Алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Ән «Сары алтындай сары күз».
Жүргізуші: - Міне, өлкемізге алуан түсті жапырақтармен толқын билеп күз мезгілі де жетті. Күз мезгілі көңілсіз болсада, біздің көңіліміз әрдайым керемет! Ендеше соның дәлелі ретінде ертеңгілігіміздің тақпақтарына кезек берейік:
Нарынбай Сымбат:
Ағаштардан жамырап ,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой, алақай , тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Әділжан :
Бүгін мейрам, бүгін той,
Қуанышты күн, біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой!
Маркс Аружан:
Аспанды сұрғылт бұлт ,
Жан- жақты жабады.
Күнбірте суытып,
Жауын көп жауады.
Әмір:
Жапырақтар боянып,
Сылдырлап жерге түседі.
Қызанақтар қызарып,
Күзге қарай піседі.
Даниял:
Біздің дала , бай дала,
Алтын астық айнала.
Мейіржан:
Дәнге толы кең далам,
Дариядай шалқып тұр.
Жүргізуші: -Өте жақсы, балалар! Алайда күз мерекесі Күз ханшайымысыз қалай өтпек!?Барлығымыз Күз ханшайымын шақырайық.
Балалар: -Күз ханшайымы! ( 3 рет қайталайды)
Саңырауқұлақ: -Сәлеметсіздер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Мен орманнан келген саңырауқұлақпын! Мен сіздерге Күз ханшайымынан сәлемдеме әкелдім. Ол қазір орманды аралап , жапырақтарды сары алтынға бояп жүр. Ол сіздерге мына сыйлықты беріп жіберді. (Саңырауқұлақ себетке салынған көкөністер мен жемістерді көрсетеді.)
Жүргізуші: - Сәлеметсіз бе, саңырауқұлақ! Қандай керемет сыйлық! Бізде де тосынсый бар: «Жемістер мен көкөністер шеруі».
Інжу:
Мен алмамын, алмамын,
Таңдайда қалар бар дәмім.
Жазда әдемі киінем
Тілді балдай үйірем.
Әдия:
Тіл үйірген алмұртпын,
Таңсығымын бар жұрттың.
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім.
Ерхан:
Мен жүзіммін, жүзіммін,
Моншақ болып үзілдім.
Ерболатқызы Аружан:
Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.
Мен өрікпін, өрікпін,
Бау бақшаға көрікпін.
Айбол:
Картоп біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
Әмір:
Асханадан шықпаймын,
Атым- пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам,
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
Елемес Кәусар:
Мен сәбізбін, сәбізбін,
Жейміз оны бәріміз.
Қытырлатып жегенде
Өседі екен бойымыз.
Ойын: «Жемістер мен көкөністер»
Балалар Саңырауқұлақпен «Буги вуги» биін билейді.
Саңырауқұлақ балаларға алғыс айтып , қоштасып кетеді.
Сазды әуенмен залға Күз ханшайымы келеді: -Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен Күз ханшайымымын. Сіздер мені шақырдыңыз ба?
Балалар: -Ия.
Күз ханшайымы: -Керемет! Мен сіздерге арнап сыйлық әкелдім. Егер маған тақпақ, өлең айтып, би билеп берсеңіз бұл сыйлықты тарту етемін.(себеттегі бананды көрсетеді)
Жүргізуші: - Ендеше Күз ханшайымы , төрлет ! Балалардың тақпағын қабыл ал:
Расул:
Күздің қазан айында ,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр- сыбдыр түседі.
Нұртас:
Астық дала- сәулеті,
Астық отан- дәулеті.
Әсемай:
Жайдары күз, жомарт күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Ерасыл:
Берекелі күз келді,
Мерекелі күз келді.
Жеміс жидек мол пісіп,
Қуантады біздерді.
Дәулет:
Мерейлі күз, мырза күз,
Сыйлығыңа ырзамыз.
Ән «Күз сыйы»
Жүргізуші: -Біздің балаларымыз тек өлең, тақпақ қана айтып қоймай, ертегіні де сахналайды. «Шалқан» ертегісін тамашалаңыз!
Сахналау «Шалқан»:
Ата - Мирас,
Әже -Әдия,
Немере қызы -Інжу,
Ит- Расул,
Мысық-Кәусар Елемес,
Тышқан- Әсемай.
Күз ханшайымы: -Керемет , балалар! Мен сіздермен бірге мерекеде көңіл көтеріп қалдым. Мына сыйлықты тәрбиешіңізге тапсырамын. Мен басқа бақшаларға да барайын, сау болыңыздар!
Көңілді әуенмен ортаға Дара мен Боти келеді: -Сәлеметсіздер ме, балақайлар! Hello! Hello!Мен Дарамын, ал мынау менің досым Боти.
Балалар: -Hello!
Дара: - Біз күзгі табиғатты қызықтап саяхатқа шықтық. Сөйтіп балабақшаға келдік. Б/б-ның алдында сарыға боянған әдемі ағаштар бар екен!
Жүргізуші: -Өте жақсы! Ендеше балалармен көңіл көтеруге шақырамын.
Дара: -Балақайлар, қазір қай жыл мезгілі?
Балалар: -Күз мезгілі.
Дара: -Қандай айлары бар?
Балалар: -Қыркүйек, қазан,қараша.
Дара: -Күзде ауа- райы қандай болады?
Балалар: -Салқын, жел соғады, жаңбыр жауады.
Дара: -Рахмет! Сіздер күз мезгілі туралы біледі екенсіз.
Жүргізуші: -Ия, Дара! Біздің балалар өте ақылды! Олар ағылшын тілін үйреніп жатыр. Қазір ағылшын тілінде тақпақтар айтып береді.
Жаннұр:
Уан, уан , уан,
Литл дог ран.
Ерқуат:
Ту,ту,ту,
Кәт сиз ю.
Тайшыбек Кәусар:
Сри, сри, сри,
Бедз ин э три.
Фариза:
Фо,фо,фо,
Рэт он зе фло.
Еламан:
Көкөністі көп ектік,
Өссін, піссін деп ектік.
Айбар:
Көктемде еккен көкөніс,
Күзде берді көп өніс.
Жансезім:
Алма, жүзім, жемістің бәрі пісті,
Жапырақтар сарғайып тағы түсті.
Нұрасыл:
Сарғайып атырап,
Ажарын жасырды.
Жангелді:
Сары ала жапырақ,
Шашу боп шашылды.
Дара: -Керемет! Енді мен сіздерді ойын ойнауға шақырамын.
Ойын «Жасыл-сары жапырақ»
Дара , Боти , топтың қыздары «Гамми биар» биін билейді.
Жүргізуші : -Балалар, мерекеде біз сіздердің өнеріңізді тамашаладық, біліміңізді тексердік. Ендігі кезекті ата-аналарымызға берейік.
Ата-анамен ойын «Дәміне қарай ажырат».
Жүргізуші: - Осымен құрметті ата-аналар, қонақтар, күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Әрқашан жанұяңызда балалардың сыңғырлаған дауысы шыға берсін, отбасыңыз аман болсын!
Балаларымыздың орындауында «Біз бақытты баламыз» әні. Қош, сау болыңыздар!
Ән «Біз бақытты баламыз»