Балалар бойында жан?я жарасты?ы,сыйласты?ы т?сінік ?алыптастыру.Балаларды? санасында?ы «Отбасы», «?й» ??ымдарын ке?ейту,балалар бойына жан?яда?ы ?зара жа?сы ?арым-?атынас пен татулы??а ?мтылу?а т?рбиелеу.
Бекітемін:
Ақтау қаласы әкімдігінің
Білім бөлімінің №28 «Балдәурен»
бөбекжайы МКҚК директоры
------------------------ Г.Түйешиева
------------------------------- 2016ж
Сабақтың тақырыбы: Отбасыңа жақсылық тілеймін.
Сабақтың мақсаты: Балалар бойында жанұя жарастығы,сыйластығы түсінік қалыптастыру.Балалардың санасындағы «Отбасы», «Үй» ұғымдарын кеңейту,балалар бойына жанұядағы өзара жақсы қарым-қатынас пен татулыққа ұмтылуға тәрбиелеу. Әдістер: Әңгімелесу,түсіндіру,сұрақ-жауап,шығармашылық жұмыс,ойын,мадақтау. Құрал-жабдықтар:Ағаш үй бейнеленген тақта,жанұя мүшелерінің жеке-жеке суреттері,бесік,шашақтар,дастархан,нан,сүт.
Сабақтың барысы
-Балалар,бәріміз ортаға шығып «Шаттық шеңберін» құрайық.
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз,жүрегіміз,
Қабыл ал,шын жүректен тілегіміз.
(Жүрекшелермен тілек айтып сиқырлы сандыққа салады)
-Гүлдей жайна! -Еліктей көрікті бол!
-Үлкенді сыйла! -Тастай мықты бол!
-Айдай жарқыра! -Таудай биік бол!
-Кішкентайларға көмектес! -Мейірімді бол!
-Тұнық судай таза бол! -Досыңмен тату бол!
-Күніміз сәтті өтсін! -Ақылды бол!
-Мейірімді бол! -Табиғатты аяла!
-Достарың көп болсын! -Тілегіміз орындалсын!
Т/ші: Барлық балалар сіздерге,келген қонақтарға тек жақсылық тілеймін!
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Отбасыңа жақсылық тілеймін!»
-Балалар айтыңдаршы бөбекжайымыздың айналасында нелер бар?
-Үлкен үйлер бар.
-Бұл үйлерде кімдер тұрады?
-Бұл үйлерде адамдар тұрады. «Отбасы» деген ұғымның мәнісі неде? Бір шаңырақтың астында,бір дастарханның басында отыратын сендер айтқан адамдарды отбасы мүшелері деп атаймыз.
Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
(ата,әже,әке,ана,аға,апа)
Әр отбасы мүшелерінің өз орны бар.Сөзіміз дәлел болу үшін барлығымыз бірігіп жұмыс жасайық.
(Үй бейнеленген суретті ілеміз)
Отбасы мүшелерін,жақсы тілектер,отбасына қажетті заттарды үйге орналастырамыз.
Дастархан: Нан байлығы-дастархан.
-Дастарханды баспа,дастарханнан аттама.
-Нанды бір қолмен үзбе,ақты төкпе. Дастархан дәмі киелі.
Ата: Ата үлкен кәріміз.
Қуат берер дәріміз.
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.
Әже: Менің әжемнің аты –Құралай.Ол кісі 56 жаста.Әжем маған қызықты әңгімелер мен ертегілер айтып береді.Әжемді құшақтаймын,бетінен сүйемін.Оның жылы сөздері мен қызықты әңгімелерін өте жақсы көремін.Менің әжем өмірдегі әжелердің ішіндегі ең жақсысы.
Әке: Отбасымыздың тірегі, Ана: Мейірім шашып жүрегі,
Біздерде барлық тілегі. Күн нұрындай күледі.
Қасынан дәйім табылсаң, Айтқан сөзін тыңдасаң,
Рахмет айтып күледі. Жабырқамай жүреді.
Апа: Таудай менің талабым, Мен: Атам не айтса көнетін,
Айна менен тарағың. Апам көңіл бөлетін.
Алып берер тартпадан, Мен осы үйдің кенжесі,
Апа көңілін табамын. Бәрі жақсы көретін.
Бесік: Басталыпты өмірдің көші міне,
Бөлейікші бөбекті бесігіне.
Салт-дәстүрін елінің біліп өссін,
Дариды екен бесіктен құт береке.
-Отбасыма құт-береке,ырыс-несібе,татулық-бірлік орнасын.
-Отбасымнан қуаныш кетпесін.
Күн: Көкте күліп күн тұрсын,
Біз бақытты бүлдіршін.
Міне балалар бір шаңырақ астында тұратын адамдардың сыйластығы,бауырмалдығы,бір-бірімен ынтымағы,татулығы,бірлігі отбасы жарастығын құрайды.
Ойын: «Сенемін-сенбеймін»
-Балалар отбасының мүшесі,
-Атам ұршық иірді.
-Әжем ертегі айтады.
-Кәзір қыс мезгілі.
-Балық орманда жүр.
-Ойыншықтарды шашамыз.
-Үлкенді сыйлаймыз.
-Қыста далада гүл өседі.
-Біз тату отбасымыз.
Балалар бірге: Атамнан басталар,
Әжеммен қосталар,
Отбасы мыналар:
Ең жақын адамдар,
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін еремін.
Бір шаңырақ астындағы отбасына өз тілектерімізді білдірейік. (Шаңырақтан тараған ленталарды ұстап тілек айту)
-Ата-аналарымыз аман болсын.
-Дастарханымыз мол болсын.
-Күніміз жарық болсын.
-Достарымыз көп болсын.
Аналарымыз ауырмасын.
-Әжелеріміздің жасы ұзақ болсын.
-Қуанышты күніміз көп болсын.
-Аспанымыз ашық болсын.
-Татулығымыз берік болсын.
-Шаңырағымыз шаттыққа толсын.
-Ұйқымыз тыныш болсын.
-Достығымыз берік болсын.
-Мейірімділік жанымызға серік болсын.
-Жүздеріміз жарқын болсын.
Өте жақсы тілектер айтылды.
Осы тілектер орындалу үшін ,сиқырлы сөздерімізді айтайық.
Сандығым менің ашылар,
Қуаныш ішінен шашылар.
Тілегіміз біздердің,
Бар әлемге таралар.(сандық ішінен гельді шарлар ұшып шығады)
-Міне балалар,мына ғажайып шарлар біздің тілектерімізді аспанға алып ұшты.Демек тілегіміз орындалады.
Ортаға келіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.
Назарларыңызға рахмет!
Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №28 «Балдәурен» бөбекжайы
МКҚК
Жетістіктер апталығы
«Отбасыңа жақсылық тілеймін»
Тәрбиеші: А.Есболова
Ересектер тобы
Ақтау-2016жыл