Мерекелік шара Армысы?, ?з Наурыз
«Армысың, Әз Наурыз »
Музыка ойнай бастайды (Қыдыр ата сөзі, әрі қарай оқушылар билейді).Жүргізуші.Қош келдіңдер, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Наурыз мерекесі құтты болсын « Нұр жаудырған Әз Наурыз » мерекелік бағдармамызды бастауға рұқсат етіңіздер!Жүргізуші.
Уа, халайық, халайық!Мұнда назар салайық, мерекесі халықтың наурыз тойын бастайық.
Құтты болсын мереке, болсын думан береке.
1 – оқушы. Қарақат
Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан,
Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.
Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,
Бар тіршілік Наурыздан басталған!
Ел де тыныш!
Жер де тыныш – бұл күні,
Көреміз тек қуаныш пен күлкіні.
Табысқан жұрт таныс тауып жатады,
Жамалғандай жүректердің жыртығы!
Саф тыйылып Сарыарқаның бораны,
Күн өрлейді күмбезінен жоғары.
Наурыздың жиырма екісі толғанда,
Тоғысады тоғыз жолдың торабы...
2 – оқушы. Нұрбол
Жылғалардан су аққанда сырғанап,
Шаң-тозаңнан тазарады нұрлы алап.
Толтырады шаңырақтың шаттығын –
Наурызбай, Ұлысжандар – іңгәлап?!
Жалғасады жақсылықтар – «Иә, сәт!»
Қарлығаштар үй сыртына ұя сап –
Жүрсе,Бақыт қонатынын хабарлап,
Бұлт көшеді ақ жаңбырын құя сап!
Жат боп бұрын бастары ешбір қосылмай,
Жүрген жандар таныс тапса – досындай.
Ол – осынау Наурыздың арқасы! –
«Ұлыс күннің» шапағаты осындай!
«Қош келдің, төрлет Наурызым» орындайтын 8 – сынып оқушылары Алина мен Еркежан.
1 – жүргізуші:
Қазақ халқы «Ұлыстың ұлы күні» деп аса қадірлейтін бұл күн, яғни 22 наурыз бүкіл Шығыс халықтарының бас мерекесі. Наурыз – жаңа жыл тойы, көктем мерекесі, күн мен түннің теңесу сәті, халықтардың ынтымақ күні.
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Наурызды біздің қазақтың мейрам етуі айрықша сыйымды, артықша дәлелді. Неге десеңіз, наурыздың 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп жаз жетіп, шаруа кенеледі.
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікте,
Қастерледік, қадіріңді білдік те.
Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.
Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халықпыз.
Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар,
Өткеннен бізге жеткен асылы бар.
Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын,
Қазақта «Тұсау кесер» рәсімі бар.
«Дастархан» Чагиева Меруерттің орындауында.
Көрініс « Тұсау кесер »
1 – қатысушы. (Жанар С.) Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт.
Күлгенің де той сенің,
Жүргенің де той сенің.
Қызықтасын халайық,
Тұсау кескен бұл күнің
Есте қалсын, жарқыным.
2 – қатысушы. (Кежеханов Нұртілек)
Әлбетте, баланың тұсауы ала жіппен, қойдың майлы шегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі: Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы шек байлыққа, тоқтыққа жетелейді, көк шөп көбеюге, өсуге, өнуге шақырады.
3 – қатысушы. (Адал Гүлмира) Бүгінгі күні Бақыткүл әже өзінің немересі Сезімнің «Тұсау кесер» тойын Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен тұтастырып, қалың жұрттан бата алу мақсатында осы жерде «Тұсау кесер» тойын өткізбекші.
(Қонақтар келіп, үстел басына отырады). Бақыткүл әже:
Алғашқы немерем Сезім жер-Анаға алғаш аяқ басып, үлкен өмір көшіне ермек, із тастамақ. Сол құлынымның тұсауын кесуге өзімнің аяғы жеңіл, жүрісі шапшаң, ақкөңіл, елімізге сыйы, ардақты ана, сүйікті әже, Орынбасар құрбыма немеремнің тұсауын кестіремін.
Ал, келін балам, кішкентай Сезімді ортаға әкеліп, Кулзипа әжеңе табыс ет.
(Осы кезде ақ жайма жайылып, тұсау кесуге қажетті заттар ортаға қойылады.)
Келін бала: Серікқызы Айнұр (баланы көтеріп келе жатып айтатын өлеңі:)
Тәй-тәй балам, тәй балам,
Шақырып тұр айналаң,
Жүруге алғаш талпындық
Құтақандай жан балам,
Қаз-қаз тұрып талпындың,
Қуантасың, күлесің.
Аман болсаң аз-ақ күнде
Алшаң басып жүресің.
(Кулзипа әже қолына ала жіпті алып жатып)
Ала жіппен тұсайын
Аружанның аяғын
Тұсау жібін кесейін
Жасап баба ырымын.
Сағат сайын есейіп,
Шапқыласын құлыным
Аяқтары талмасын
Айналайын, алтыным. (аяғын байлайды. Қолына қайшысын алып, тұсауын кеседі.)
Қаз-қаз бала, қаз балам.
Қадам бассаң мәз болам.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың.
Алға қарай баса бер,
Асулардан аса бер. (Сезімді жетектеп жүргізеді.)
Ән «Асыл әжем» қабыл алыңыздар.
Кулзипа әже:
Әкеліңдер ана сандықты ортаға «Ақ түйенің қарыны жарылған күн» бүгін. Бұл жиған-тергенімді бүгін бермегенде қашан беремін. Осы сый-сыяпатыма риза болыңдар, қадамдарыңа гүл бітсін. (әже қонақтарына сый-сыяпатын көрсетеді.)
Ақсақал: (Тоқтарбай Жалын)
Бата берілуі:
Құлыным үлкен жігіт болсын!
Ата-анасына қызық болсын
Жақсылармен қатар болсын,
Жамандармен қатал болсын,
Ата-дәстүр байлығын жалғастырар,
Берік бұтақ болсын.
Наурыздарың құтты болсын!
Ұлыс береке әкелсін
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын
Осы тойды қызықтаған
Баршаңызда той болсын!
5 – сынып оқушыларының орындауындағы қазақ биін қошеметпен қабыл алайық.
Сайыс «Қазақша күрес» сыныптар арасында (музыка ойнап тұрады).
Қатысушылар: 7 – сыныптан (Айтқазы Әли, Құмарғазы Жалғас, Кенжеханов Нұртілек, Хаберов Шамиль), 8 – сыныптан (Жамиев Ақтілек, Жекенов Ерасыл).
Ән «Үш мерке» орындайтын Зарлықанов Диас.
Айтыс:
Ұлдар:
Бірің алтын, біріңді күміс дейміз, еркем – ай,
Ақ маржандай тістері, күріш дейміз еркем – ай.
Өздеріңмен бас иіп, сәлемдеспей, еркем – ай,
Орден берем десе де, кіріспейміз еркем – ай.
Қыздар:
Ұзын – қысқа бойлары, санап тұрсақ еркем – ай,
Алтау екен өздері, санап тұрсақ еркем – ай.
Аз болса да, мәз қылып сәлем дейік, еркем – ай,
Сөз анасын – сәлемге, балап тұрсақ, еркем – ай.
Ұлдар:
Алтау болып шықсақ та, ала емеспіз, еркем – ай,
Біз әншейін, жай ғана, бала емеспіз, еркем – ай.
Ел қорғайтын ертеңгі, ұландармыз, еркем – ай,
Қуыс кеуде, бор кемік, жан емеспіз, еркем – ай.
Қыздар:
Сендерді біз кемсітіп, қорламаймыз, еркем – ай,
Ондай – ондай жандарды, қолдамаймыз, еркем – ай.
Болашақтың бетке ұстар, батыры деп білмесек,
Өлеңменен мың сәлем, жолдамаймыз, еркем – ай.
Ұлдар:
Қыз баладан таныған, ел шырайын, еркем – ай,
Қызыл гүлден таныған, жер шырайын, еркем – ай.
Аңыз болған халқымда, апалардай, сендер де,
Жайнатсаңдар шіркін – ай, бел шырайын еркем – ай.
Қыздар:
Ел ертеңі сендер деп, сенер ме едік, еркем – ай,
Болашақты сендерден, көрер ме едік, еркем – ай.
Оқу, білім, ғылымды, меңгерсеңдер қапысыз,
Қайта – қайта сәлемді, берер де едік, еркем – ай.
Ұлдар:
Ақыл, білім, өнермен, аты шыққан, еркем – ай,
Алты алашта ардақты, заты шыққан, еркем – ай.
Апалардай аңыз боп, жетсеңдер ғой, еркем – ай,
Біздерден де болмас еді, қапы шыққан, еркем – ай.
Қыздар:
Мыңды жыққан біліммен, бүгінгінің, еркем – ай,
Батыры ғой, білсеңдер, бұрынғының, еркем – ай.
Сендерді біз, батыр деп, қойдық мына сұрақты,
Бізше қалай аталмақ, бүгінгі күн, еркем – ай.
Ұлдар:
Дұрыс берсек жауапты, нағыларсың еркем – ай,
Білімді деп біздерге, табынарсың, еркем – ай.
«Наурыз» сөзін, парсыдан бізге аударса, еркем – ай,
Жаңа күн деп, ұғарсың, мағынасын, еркем – ай.
Ұлдар:
Біз де қойсақ сұрақты, сендерге арнап, еркем – ай,
Бұндай сұрақ таппасың, жерден шарлап, еркем – ай.
Наурыз келсе еритін, бір зат бар деп айтушы еді,
Сол затымыз немене, айтшы барлап, еркем – ай.
Қыздар:
Кім де болса айтысқа, белді бекем, еркем – ай,
Буып алып, дайын боп, келмек екен, еркем – ай.
Наурыз келсе еритін, әлгі затты, еркем – ай,
Самарқанның көк тасы дейді екен, еркем – ай.
Наурыз келсе, аузыңда, дәмі қалар, еркем – ай,
Тататын сен тағамды, білсең жарар, еркем – ай.
Сол тағамды жасайды, неше дәмнен, еркем – ай,
Атын тағы айтсаңыз, орден тағар, еркем – ай.
Ұлдар:
Жеті дәмнен жасалған, Наурыз көже, еркем – ай,
Одан ешкім бас тартпас, ішсе, тоже, еркем – ай.
Осы болар шешуі, жұмбағыңның, жасырған,
Құйып ішер ыдысын, деген көзе, еркем – ай.
Бәрі:
Осыменен айтысқа, нүкте қойсақ, еркем – ай,
Қарын ашты, айран мен сүтке тойсақ, еркем – ай.
Кездескенше, келесі, өтер тағы айтысқа,
Айтылмаған сөздерді, жүктеп қойсақ, еркем – ай.
6 – сынып оқушыларының орындауында «Наурыз - көктем» биін қарсы алыңыздар.
1 – оқушы: Елнұр
Құтты болсын әр күнің,
Сыйла, бақыт баршаға.
Сәбидің әсем шат үнін
Тыңдат абзал анаға.
Наурыз – достық,
Наурыз – күн.
Барша халық бірлігі.
Тағы келді ұлыс күн.
Жалғасып ғалам тірлігі.
2 – оқушы. Бекжан
Ерітіп қарын даланың,
Жинатып гүлін саланың.
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз – жыл басы.
Күлімдеп қарап күміс күн,
Аспаның бүркіп пүліш түн.
Ұлы күні Ұлыстың,
Келді Наурыз – жыл басы!
Ән-шашу. Көкенова Толқынай «Наурыз».
Құттықтау сөз мектеп директоры – Турканова Кайнигул Чагиевнага, Оқу ісі жөніндегі орынбасары – Рахметкалиева Гульнара Махуметкановна, Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Каримова Гулназ Кенесбековнаға және келген қонақтар мен ата – аналарға беріледі.
1-жүргізуші:
Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,
Ризығың болсын көл – көсір!
Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің! (шашу-шашу керек) – дей отыра бүгінгі мерекелік кешімізді тамамдайық! Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар.