Т?рбие са?аты. 7 «А» сыныбы Мен ?мірді та?даймын
Тәрбие сағаты. 7 «А» сыныбы
Тақырыбы: «Мен өмірді таңдаймын»
Мақсаты: Өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу,
көңіл-күйді және эмоцияны реттеу; байланыс және
өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Түрі: тренинг
Көрнекілігі: слайдтар, кеспе қағаздары
Жүргізілу барысы:
«Танысу» жаттығуы
Жаттығу барысы:
Мұғалім: Ең алдымен таныспас бұрын шеңбер жасалған орындыққа отырайық. Қолымдағы допты оқушыға беріп есімдерін ататқыза отырып өз бойындағы есімінің бірінші әрібінен басталатын қасиетін кезекпен айтады. Мысалы, Мен салмақты Салтанатпын. Келесі оқушы жалғастырады, Сіз салмақты Салтанат болсаңыз, Мен … .Бұл жаттығудың мақсаты, оқушыларға келесі тапсырмаларға ыздағатты жауап беруіне қолайлы жағдай жасау үшін орындалады.
Өміршендік ережесі.
Әр адамның ережесі-өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып,
Өміршеңдік ережелерін айтайық. ХорменЖігер деген-МенКүш деген-МенКешірім деген-МенЖасөспірім деген-Мен5.Жастық шақ деген-МенДенсаулық деген-Мен79. Адалдық деген-МенЖарқындылық деген-МенБар ғажайып деген-МенБәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда.
«Мейірімділік алаңы» жаттығуы
Мақсаты: Өз бойындағы жаман, жақсы қасиеттерін жазу. Іштегі жағымсыз жайттарды сыртқа шығарту.
Әр адам сиқырлы жасыл айнасыз-ақ өзіңің жақсы-жаман қасиеттерін біледі.
Оқушылар тақтадағы гүлдерге жақсы (плюстарын +) жақтарын жазады. Ал жаман қасиеттерін (минус- ) шоғайнаға арам шөпке жазады да ортада тұрған қоқыс жәшігіне умаждап лақтырып тастайды.
«Менің көңіл күйім қандай?»
Балалар өз көңіл күйлеріне сәйкес келетін суретті тақтадан тауып айтады. (Көңілді, көңілсіз, ренжеулі, қорқынышты, …т.с.с.). Сол кездегі өздерінің көңіл күйлерінің неліктен сондай екенін баяндайды.
«Ақиқат орындығы»
Мақсаты: Оқушылардың қорқыныштары мен стресстерінен арылту, ашық болуға шақырту.
Мұғалім : Алдарыңызда топтың ортасында карточкалар жиыны тұр. Енді сендер кезекпен ортаға шығып, аяқталмаған ойлары бар карточкаларға жауап берулеріңді сұраймын.
Карточкадағы сөйлемдер
-Ең үлкен қорқыныш –бұл…
-Мен мынадай адамдарға сенбеймін…
-Мен ренжимін, егер…
-Мен ұмытпаймын, егер…
-Маған көңілсіз, егер…
-Егер маған дауыс көтерсе, мен…
-Мен қарсыласқанда…
загрузка...
-Егер мен сенімсіз болсам…
-Егер мен қателігімді түсінсем …
Мұғалім : Сөйлемді аяқтағанда сіз қандай сезімде болдыңы? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесе көңілсізідік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз.
Бүгінгі тәрбие сағатымызды Мұқағали мақатаевтың өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Көтеріп тұрып, құлатады өмір.Күлдіріп тұрып, жылатады өмір.Етегің толып еңіреген кездеҚайтадан өзі жұбатады өмір.Үмітіңді үзіп, түңіле көрме,Құлап барып та гүл атады өмір.Үп еткен желге дірілдей бермеШыдамдылықты ұнатады өмір-дей келе алдағы өмірлерің тек жарқын болсын болсын жеймін.