»?ыс?аша к?бейту формулалары» та?ырыбында саба?ты? жоспары


7 «А» сынып, алгебра, ашық сабақ
Тақырыбы:
Қысқаша көбейту формулаларыМақсаттары:
қысқаша көбейту формулалары туралы білімдерін жүйеге келтіру, формулаларды айыра білу, дұрыс атау, тұжырымдамаларын пайдаланып есептерді шығару;
2. ауызша есептеу дағдыларын әрі қарай дамыту;
3. ұйымшылдыкқа тәрбиелеу, математикалық тілде сөйлеуді үйретуді
жалғастыру.
Сабақтың түрі:
оқушылардың білімдерін жинақтау, қорытындылау.
Әдіс-тәсілдері:
репродуктивті, топпен жұмыс істеу, өзін-өзі және бір-бірін бағалау.
Сабақты өткізу формасы:
сайыс.
Көрнекіліктер:
интерактивті тақта, тест өткізуші Activote, бағалау парақтары.

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру.
2.Сабақтың мақсатымен таныстыру: қысқаша көбейту формулаларды қайталап, олардың атауларын, тұжырымдамаларын, жазылуын көрсету;
Формулаларды қалай пайдаланатынын көрсету;
Білімдерін пайдаланып сайыста жеңіп шығу.
3.Үй жұмысын тексеру:
- «Жұбын тап» ойыны (флипчарт 1)

- Көру диктант (флипчарт 2) («Перде» программасы). Жұпта бір-бірін бағалау. Бағалау параққа екінші бағаны кою.

4. Сайысты өткізу. «Қысқы олимпиада» (флипчарт 3 ).
Оқушыларға түрлі түсті стикерлерді үлестіріп 3 топқа бөлу, әр топ өзіне бір елдің атын алады (мысалы Қазақстан, АҚШ, Франция).
Сайыс 5 кезеңнен тұрады: шорт-трек, коньки тебу спорты, мәнерлеп сырғанау, фристайл, биатлон. Дұрыс орындалған тапсырмаға олимпиадалық дөңгелектердің бірі беріледі. 5 дөңгелекті жинап параққа дұрыс жапсырып үлгерген топ жеңімпаз болады.

Кезең 1

Кезең 2

Кезең 3

Кезең 4
Кезең 5

5 дөңгелек жапсырылған парақтарды тақтаға іліп, нәтижесін шығарамыз. Жеңімпаздарға виртуальды медальдар ұсынылады. Топ әрбір мүшесін бағалайды, бағалау парағына үшінші баға қойылады.
3534410000-125640163500
5. Тест өткізу (Activ Vote пайдаланамын) (флипчарт 9).Нәтижесіндегі бағаны бағалау парақтарына қойғызу.

6. Бағалау. Оқушылар бағалау парақтағы бағалардың арифметикалық ортасын тауып бағасын күнделіктерге қойып алады.
Бағалау парағы
№ Жұмыс түрі / 26.02.2014 Баға
1 Үй жұмысы 2 Сайысқа қатысу 3 Тест Қорытынды баға
7. Үйге тапсырма: (флипчарт 10) №205 (а), №216 (3), №223(2).

8. Рефлексия.