Саба?ты? та?ырыбы: «С?йле, шешен домбыра!» А?ыз к?й «А?са? ??лан»


Сөйле, шешен домбыра! Аңыз күй «Ақсақ құлан»
Сабақтың тақырыбы: «Сөйле, шешен домбыра!» Аңыз күй «Ақсақ құлан»Мақсаты: Оқушыларға «Ақсақ құлан» күйінің аңызы арқылы домбыра аспабының құдіретін жеткізу. «Әгугәй, домбыра» әнін үйрету.Міндеттер:1. Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, өз ойын еркін жеткізуге жетелеу, еске сақтау қабілетін қалыптастыру, күй тілін ұғына білуге үйрету.2. Музыканы түсінуге баулу, ұлттық өнерді қастерлеуге, жан - жануарларға қастандық жасамауға тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.Оқыту әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, проблемалықСабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңіII. Үй тапсырмасын сұрауIII. Білімді жан – жақты тексеруIV. Жаңа сабақV. Ән үйретуVI. Білімді бекітуVII. ҚорытындылауVIII. Үйге тапсырмаIX. БағалауІ. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Оқушылармен амандасу. Олардың назарын сабаққа аудару. Балалар, бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл – күймен өткізейік -. Бұл сабақта біз сендермен ән де орындаймыз, музыка да тыңдаймыз, домбыра да шертеміз. Ең алдымен балалар, дауыс аппаратын шынықтырып, түрлі жаттығулар жасап алайық.ІІ. Вокал: Дауыс жаттығуы. 1. «Жаңғырық»3. А - а - а, Жаса мәңгі Қазақстан!(ең алдымен мұғалім, содан кейін оқушылар қайталайды) Дыбыстарды 2 - 3 рет айту, ауызды дөңгелете отырып айтуларын қадағалау.ІІІ. Өткен сабақта үйренген әнді қайталап бекіту. (Үзінді)А)- Балалар біз сендермен өткен сабақта қандай ән үйрендік?- Ол ән не туралы айтылған?- Ал алдымызда қандай мереке келе жатыр? (Тәуелсіздік мерекесі)- Сендер өз туған жерлеріңді сүйесіңдер ме?- Ән қалай орындалады? Темпі қандай?- Әнді айтпас бұрын біз ең алдымен музыкасын қосқан кезде не естиміз?/Кіріспе/- Ол кіріспе бізге не үшін керек?Ә) – Оқушы шығып, үзіндісін орындап еске түсіреді.«Қазақстан» әні Б. Бейсенова1. Сүйем сені, жасыл жайлау, ата-мекенім,Сұлу Көкше, Алатауды жырлап өтемін.Қ - сы: А - а - а, жаса, мәңгі Қазақстан!А - а - а, Жайна сен де Астанам!2. Көк байрағың күлімдесін әркез биіктен,Туған жердің топырағын, өтем сүйіп мен.3. Халқым менің кешсін деймін өмір дәулетін,Бақыт қонған шаңырағың болсын сәулетті(Музыкадан үінді қосып, оқушылардың назарын күйге аудару)- Балалар, біз сендермен не естіп тұрмыз?Иә, дұрыс – күй. Ал қандай аспаппен орындалып тұр?Ендеше, бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз,ІҮ. Жаңа тақырып:«Сөйле, шешен домбыра!» деп аталады. Ал осы тақырыпқа біз мақсат қояйықшы, біз бұл сабақта не істейміз деп ойлайсыңдар?- Иә, яғни біз бұл сабақта домбыраның сөйлей алатынына «Ақсақ құлан» күйі арқылы көз жеткіземіз. Ал, олай болса мен сендерді «Ақсақ құлан» күйінің шығу тарихымен таныстырып алайын:А) Аңызын айтуӘ) Мультфильмнен үзінді көрсетіп, күйін тыңдату. (Балаларға музыка тыңдау ережелеріне еске түсіріп отыру)Б) Сұрақ - жауап:- Ал, балалар, бұл күйді тыңдағанда қандай әсер алдыңдар?- Бұл күйді сендер бұрын естіп пе едің дер, әлде мультфильмді көрген боларсыңдар?- Балалар, жан - жануарларға қастандық жасауға бола ма?- Неге құлан ханның баласын теуіп өлтірді?- Сендер тағы қандай тиісуге болмайтын киелі құсты білесіңдер?- Бұл күй арқылы біз домбыраны сөйлей алады деп айта аламыз ба?- Ал ендеше қазір біз домбыраның «Балаң өлді, Жошы хан...» деп айтып тұрған жерлерін домбыраға қосылып айтып көрейік.БА - ЛАҢ ӨЛ - ДІ ЖО - ШЫ ХАН, БА - ЛАҢ ӨЛ - ДІ ЖО - ШЫ ХАНВ) Домбыраға қосып орындауГ) 1 - 2 оқушымен көрсетуҮ. Жаңа ән: «Әгугәй, домбыра» Әні: А. ҚоразбаевСөзі: Т. Қажыбаев(Балалар, ендеше бүгінгі жаңа тақырыбымызға сәйкес,А. Қоразбаевтың әніне жазылған «Әгугәй домбыра» әнін үйренейік.1. Әсем әуен дала кезіп барады,Ару балқып жігіт төмен қарады.Селт етерлік сезім кетті сел болып,Домбраның, әгугәй - ай, күй төккенде шанағы2. Перне қуған сүйрік саусақ салалы,Кейде желіп, кейде орғып шабады.Сала құлаш шанағынан сыңсығанАққу ұшып, әгугәй - ай, қаздар қайтып барады.3. Тұлпарлардың дүбір қаққан тұяғы,Көкірекке сырлы сарын құяды.Сыңғырлаған сан мың әуен, япыр - ауШанағына, әгугәй - ай, қалай ғана сыяды?- Кітаптың 91 бетін ашамыз. Сөздерін талдап, шумақтарын оқып шығу.- Балалар, бұл ән қандай ырғақпен орындалады?.- Дұрыс, себебі бір, екі, үш - бір, екі, үш деп саналады.- Шапалақпен көрсету- Мұғалім көрсетіп орындайды, оқушылар қайталайды. (1 - 2 жолына көп көңіл бөлу керек /2 - 3рет қайталап/)- Әнді толық орындағанда балалар вальс екпінін орындарында отырып келтіре білу керек.ҮІ. Қорытынды:- Сонымен балалар, бүгінгі сабақты қорытындылайтын кез де келіп жетті.- Ән айту үшін біз дыбыстарды қалайша орындауымыз керек?- Тағы не көрдік, не тыңдадық?- Жан - жануарларға қорлық жасамау керек екендігін түсіне білдік пе?- Қазақтың қасиетті қара домбырасы сөйлей алады деген шешімге келе аламыз ба?- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Несімен ұнады?ҮІІ. Үй тапсырмасы: 1. «Әгугәй домбыра» әнін жаттау2. «Ақсақ құлан» тақырыбына арнап сурет салып келу.Бағалау