Поручной план Шо?ан Уалханов-?аза?ты? аса к?рнекті ?алымы ?рі а?артушысы


Қазақстан тарихы 8-сынып Пән мұғалімі: Қосбармақова Гүлбағида №25 мектеп
Сабақтың тақырыбы: § 45. Шоқан Уалханов-қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы
Жалпы мақсаты: Шоқан Уалихановтың тарихта алатын орнын оқып білу.Оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдысына сүйене отырып, олардың тарихи ойлау (есте сақтау) қабілетін үнемі жетілдіре түсу, өздігінен білім алуға, ізденулеріне жағдай жасау;

Күтілетін нәтиже: Тақырып мазмұнын түсінеді. Мәтіндегі тарихи оқиғаларды ұғынып, өз ойын еркін жеткізе алады.
Негізгі идея: Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақта қолданылатын материалдар: Постер қорғау, ашық сұрақтар, слайдтар, интернет мат.
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеп, ынтасын сабаққа аудару. Балалар арасында ынтымақтастықты қалыптастыру үшін сынып оқушыларын бір-біріне жылы алақан ұсыну арқылы үй тапсырмасы бойынша ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді атап шығады.
Үй тапсырмасын сұрау: §44.Ғылыми мекемелер мен ғылыми-зерттеу жұмыстары.
Топқа бөлу: 1-топ «Шәкірт», 2-топ. «Ұстаз», 3-топ «Ағартушы», 4-топ. «Ғалым». Сынып оқушылары топқа бөліне отырып, топ жетекшісі топ атаулары туралы қысқаша мәліметтер береді.
Топтық жұмыс, жеке жұмыс түрлері. АКТ-мен жұмыс.
Білу деңгейі Мақсаты Күтілетін нәтиже Түрткі Жұмыс формасы Бағалау
Білу Жаңа сабаққа қызығушылықты ояту. Өткен сабақтарды еске түсіру. Білімдері нақтыланады .«Болжау» сратегиясы арқылы басталады.Оқушыларға слайд арқылы сурет көрсетіп, мынандай сұрақтар қоямын:
1.Бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болады?
2.Қандай тақырып маңайында өрбиді?
3.Сіздердің болжауларыңыз тура келді ме,жоқ па?
Жеке жұмыс Формативті
Түсіну Мәтін мазмұнын өз бетінше оқып түсінуге жағдай жасау. Мәтін мазмұнын ұғынады Оқулықтағы мәтін мазмұнын 4 топқа бөліп өз бетінше оқуға беру. Жеке жұмыс Формативті
Қолдану Оқушыларды өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір
танытуға бағыттау. Жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады;
1-топ. Шоқан Уәлихановтң балалық және жастық шағы.
2-топ.Омбыда оқыған жылдары
3-топ.Ғалымның ғылыми зерттеулері
4-топ.Ш.Уалихановтың Қазақстан тарихындағы орны.
Тақырып төңірегінде жеке, жұппен,топпен ақылдаса отырып, өз ойларын сындарлы түрде ортаға салады.Плакатқа жазып қорғайды.
2 жұлдыз, 1 тілек
Талдау Шығармашылық жұмыстарға баулу Шығармашылыққа бағытталады Тапсырмалар: Кестені толтыру:1 Өмір сүрген жылдары-
2.Мінез құлық ерекшеліктері-
3.Ғылымға бейімділігі-
4.Қайда оқыды-
5.Кімдермен достасты?-
6.Қазақ халқының саяси және экономикалық жағдайы туралы көзқарасы-
7.Ғылыми зерттеулері және олардың маңызы-
8.Ғалымны ғылыми мұрасы-
Терминдермен жұмыс:Ағартушы, Декабристер, Корнет, Адъютант, Кумир
Жеке, жұптық, топтық жұмыс Бармақпен бағалау.
Жинақтау Тарихи оқиғаға баға беруге үйрету Тарихи оқиғаларға сыни тұрғыдан қарайды. Оқушылар Ш.Уәлихановтың өмірінің негізгі кезеңдері жайлы даталарды толтырады: 1835 жылы, 1847 жылы, 1853 жылы, 1857-1859 жылдары, 1860 жылы, 1859-1861 жылдары, 1864 жылы, 1865 жылы. Дәптермен жұмыс. Формативті
Бағалау Іс-әрекетке сыни баға беруге жетелеу Сыни көзқарас қалыптасады «Алтын микрафон» сабақ туралы пікірін бір сөйлеммен ортаға салады. Жеке жұмыс. Формативті
Үйге тапсырма § 45. Шоқан Уалханов-қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы
Тест сұрақтарын құрастыру. «Тарихи тұлғалар» тақырыбында сөзжұмбақ құрастырыңдар