Балалар ?дебиетіні? атасы – Ыбырай


Сабақтың тақырыбы:Балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай
Сабақтың мақсаты:Білімділік- оқушыларды Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру , алған білімдерін жинақтау,жүйелеу
Дамытушылық- оқушыларды ізденімпаздық ,байқампаздлық қасиетін қалыптастыру.Тапқырлыққа ,ой еркіндігіне ,зерделікке баулу.Тіл байлығын тереңдету ,өз ойларын айта білуге дағдыландыру, белсенділігін арттыру
Тәрбиелік-оқушылардың адамгершілік қасиетін қалыптастыру.Білімге қызығушылығын арттыру,еңбек етуге , туған елін,Отанын сүюге баулу.
Түрі:аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер:топтастыру,сұрақ-жауап ,монолог,аудару , іздендіру
Көрнекілігі:Ыбырайдың портреті, суреттер ,тест
Сабақтың Эпиграфы : «Кел , балалар , оқылық
Оқығанда көңілге ықыласпен тоқылық
Оқығанда балалар ,Шамнан шырақ жағылар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі :
-оқушыларды түгелдеу;
-көңіл-күйлерін сұрау;
-назарларын сабаққа аудару;
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Ыбырайдың өмір жолы мен шығармашылық жолы туралы оқушылар айтып береді.
1 топ-Өмір жолы
2 топ-Шығармашылық жолы
Сұрақ-жауап
Эксперт тобы сұрақтар қояды
Қайталау-оқудың анасы
Сандар сөйлейді
Шығармаларын атап шығу
Өлеңдері, тақырыптары ,идеясы
Қорытынды:Ыбырай Алтынсарин –көрнекті ағартушы, тұңғыш педагог, ақын ,жазушы ,балалар әдебиетінің атасы ,этнограф, фольклоршы, аудармашы,демократ,қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы
ІІІ.Жаңа сабақ
Мұғалім сөзі: Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Балалар әдебиетінің атасы –Ыбырай» Алтынсариннің шығармашылығымен танысып ,әңгімелерінің тәлім- тәрбиесін анықтап,алған білімдерін тиянақтап , жинақтаймыз.
Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерін білесіңдер ме? Әңгіме деген не?
Әңгіме-көлемі жағынан, қарасөзбен жазылған,щқиғаға құрылған көркем шығарма.Әңгімеде өмірдің мезгілі,қысқа оқиғалар суреттеледі.Кейіпкерлер саны шектелуі болады.
Жазушының қысқа әңгімелерінен көріністер көрсетіледі :
1 топ :«Әке мен бала» көрінісі
2 топ :«Өрмекші, құмырысқа, қарлығаш»
3 топ :«Әдептілік»
Сөздікпен жұмыс
Тапсырма: Мәтіннің композициялық құрылымын анықтайық
Бастамасы Вступление Дамуы Основная часть Шарықтау
шегі Кульминация Шешуі Развязка Әңгіме бойнша сатылай кешенді талдау жаса:
Шығарма аты:
Авторы:
Тақырыбы,идеясы :
Жанр түрі :
Кейпкерлері :
«Әке мен бала»көрінісі.
Автор:-Бір адам он жасар баласын ертіп ,келе жатса эолда аттың бір ескі тағасын көріп баласына :
-Анау тағаны балам, ала жүр – деді
Баласы:Сынып қалған тағаны не қылайын?
Автор:-Әкесі үндемей ,өзі алды.Қаланың шетінде темірші ұстаға үш тиынға сатып , шие сатып алды да,өзі жеп келе жатты.Түскен шиені баласы бірнеше рет иіліп алды.
Әкесі:Тағаны бір иіліп алуға ерініп,енді тағаға алған шиенің жерге түскенін жеу үшін бірнеше рет еңкеюге тура келді.Есіңде болсын,аз жұмысты киынсынсаң,көп жұмысқа тап боласың,азға қанағат етпесең құр қаларсың.
Автор:Ыбырай балалардың жалқау болмауына , еңбекқор болуына ерекше мән берген.
«Өрмекші,құмырысқа,қарлығаш» көрінісі
Автор:-Атасы он жасар ұлымен далада келе жатып баласынан сұрады:
Атасы:-Анау өрмекшіні көремісің,не істеп жүр?
Баласы;-Көремін,өрмек тоқып жүр.
Атасы:Анау құмырысқаны көремісің?
Баласы:-Көремін,аузынды нанның уалшығы бар,жүгіріп кетіп барады.
Атасы:- Жоғары қара ,көкте не көрінеді?
Баласы:Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр.Ауызында тістеген шөбі бар.
Атасы;Олай болса , балам .осы жәндіктер – саған үлгі.Жұмыссыз жүрген ешкім жоқ.Сен де еңбек ет ,босқа жатпа.

Мұғалім сөзі:Ыбырай Алтынсарин- ағартушы –педагог , ақын , жазушы , балалар әдебиетінің атасы , этнограф
Хронологиялық кестені толтыру:
1841 жылы -
1857 жылы -
1859 жылы-
1864 жылы-
1876 жылы-
1879 – 1883 жылдар аралығында -
1879 жылы
1881 жылы-
1889 жылы-
Сабақтың қорытындысы:
Жазушының әңгімелері қандай тәлім -тәрбие береді?
Парасаттылық,мейірімділік,сабырлылық,әдептілік ,қайырымдылық,адамгершілік,үлкенді сыйлау,шындық,әділдік ,ізеттілік,ойлау қабілетін дамытады, тілін жаттықтырады, еркін сөйлеуге үйретеді,адалдыққа,еңбекқорлыққа, білімділікке. Жанашырлыққа баулиды.