Ашы? саба? Ы.Алтынсарин-балалар ?дебиетіні? атасы 8 сынып

Ыбырай Алтынсарин- балалар әдебиетінің атасы.
Ы Алтынсарин- қазақ халқының аса көрнекті ағартушы –педагогы, жазушы, фольклоршы, аудармашы. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысында дүниеге келген. Оның әкесі ерте қайтыс болып, ол атасы Балғожаның тәрбиесінде болады. Орынбор қаласында жеті жылдық орыс – қазақ мектебінде жақсы білім алып шығады. 1857 жылы мектепті үздік аяқтаған соң, ол атасы Балғожаның хатшысы болады. Кейін мұғалім болып та жұмыс істейді. Ол қазақ балалары оқитын мектептер ашуды армандайды. Торғайда, Ырғызда, т.б жерлерде мектептер, қолөнер училищесін ашады. Олар үшін оқулық дайындайды.
Ы. Алтынсарин балалар үшін көптеген әңгімелер, өлеңдер жазады. Оның шығармалары еңбекті сүюге, жақсы мінезге, халқын сүюге, анаға сүйіспеншілікке, балаға мейірімге, балалардың ата-аналар алдындағы парызын түсінуге шақырады. Жазушының шығармаларында адамгершілік қасиеттер ерекше құрметпен суреттеледі.
«Кел, балалар, оқылық!» өлеңінде жастарды оқуға шақырады.
«Өнер –білім бар жұрттар» өлеңінде сол кездегі ғылым мен техниканың басты жаналықтары айтылып, ғылым мен техникасы дамыған өркениетті елдерді үлгі етеді.
«Өзен» өлеңінде табиғаттың көріністерін суреттейді.
«Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінде еңбек етуге, зерек болуға шақырады, ал «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде еңбектің бақытқа, жақсы өмірге жеткізетінін суреттеп жазады. Сонымен қатар ол орыс әдебиеті жазушыларының балаларға лайық әңгімелерін қазақ тіліне аударды. Ы. Алтынсарин 1889 жылы дүние салды.

Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин-балалар әдебиетінің атасы.
Сабақтың мақсаты: Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтыру. Сын тұрғысынан ойлау әдістерін қолана отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Жазушының шығармалары арқылы ақылдық, адамгершілік, тазалық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: флипчарт, жазушының портреті, сергіту сәті
Сабақтың әдісі: күнделік әдісі, жуан және жіңішке сұрақтар, дұрыс-бұрыс жауап.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу 2. Тренинг «Мен саған гүл сыйлаймын, өйткені сен ...»
-Бүгін біз екі топ болып жұмыс істейміз.
-Топ басшылыры тақтада берілген бағалау критерийлері арқылы сендерді бағалайды.
(интерактивтік тақтада берілген критерийлермен таныстырып өту)
2. Өткен тақырыпты қайталау
Сөйлемдердің ДҰРЫС –БҰРЫСЫН анықтау.
Қожа Ахмет Иассауи кесенесі Таразда орналасқан.
Түркістан қаласы Иасы шаһары деп аталған.
Түркістан қаласы – туристік қала
Астана қаласы Есіл өзенінің екі жағында орналасқан .
Астана қаласының алғаш іргетасы 1835 жылы қаланған.
Алматы қаласы бұрын Верный деп аталған.
Алматы тарихын үш кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең 8-13 ғасырлары.
Ақтөбе қаласы Қазақстан Республикамыздың шығысында орналасқан.
3.Жаңа сабақ
1 -Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білу үшін бейнематериал қараймыз.
(Ы. Алтынсарин туралы видео қарау)
- Бұл кім туралы бейнематериал? (Ыбырай А.)
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Ы. Алтынсарин
- Ы. Алтынсарин кім? (оқушылардың жауаптары)
- Оны неліктен балалар әдебиетінің атасы дейді? (оқушылардың жауаптары)
- Ал енді сабағымыздың мақсатын айтайық. (оқушылар айтады)

Проблемалық сұрақ
1 топ: Жетістікке жету үшін не істеу керек?
2 топ: Қалай ойлайсыңдар, неліктен оның шығармалары балалары үшін қажет?
Жаңа сөздермен жұмыс
Ремесленное училище
Призывает
Здесь любовь
Быть внимательным
Особый
Цивилизованный
Приводит к достижению
Для, подходящие
Мәтінмен жұмыс . Күнделік стратегиясы
1 топ: Ы.Алтынсарин –ұлы тұлға.
1 оқушы жіңішке сұрақ, 1 оқушы жуан сұрақ дайындайды.
2 топ: Ы.Алтынсарин –балалар әдебиетінің атасы.
1 оқушы жіңішке сұрақ, 1 оқушы жуан сұрақ дайындайды.
Жазбаша тапсырма орындау.
Сөйлемдердің жалғасын табу. Әр оқушы 3 сөйлемнен жазады.
Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау.
Проблемалық сұраққа оралу (оқушылар жауаптарын айтады)
1 топ: Жетістікке жеу үшін не істеу керек?
2 топ: Қалай ойлайсыңдар, неліктен оның шығармалары балалар үшін қажет?
Қорытынды жасау
1 топ. ПОПС формуласын құрастыру
2 топ. Диаманта құрастырады
Үйге Ы. Алтынсаринды мазмұндау
Бағалау
Ой-толғаныс
Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің
«Затобол мектеп-гимназиясы» ММ
Ашық сабақ
Тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин –балалар әдебиетінің атасы.
Мұғалім Кішкентаева Б.Т
2015 - 2016 ж