?аза? тілі п?нінен саба? жоспары: Зат есім мен сын есімні? байланысуы ?діскер: Жахметова Балжан К?шкінбаевна


Пән: Қазақ тілі
Сынып: 3 «Б»
Тәлімгер: Батырбек Гүлсара
Сабақтың тақырыбы: Зат есім мен сын есімнің байланысуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:  Зат есім мен сын есімнің байланысын анықтау арқылы білім беріп, ойды тиянақтауға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, қисынды ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу ойлау, дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды зеректікке, ұқыптылыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Сабақтың тақырыбына байланысты тапсырмалар, суреттер, буратино, таратпа материалдар.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсіңдер ме, оқушылар? Отырыңыздар. Мен сендерге бүгін «қазақ тілі» пәнінен сабақ беремін. Менің аты- жөнім - Батырбек Гүлсара Батырбекқызы.
Психологиялық дайындық
«Ақ тілек. Әсем күлкі».— Көңіл – күйлеріңіз қалай? — Керемет! (Қолдарын көтереді)— Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?— Тамаша! ( Алақандарын шапалақтайды)— Ынтаңыз ше?— Ғажап! (Қолдарын көтереді).
— Бүгінгі көңіл-күйлеріңізді бет әлпеттеріңіз арқылы көрсетіңіздерші.
— Ендеше сабағымызды осындай тамаша көңіл-күймен бастайық!
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген жаттығуды тексеру, өткенді қайталау сұрақтары
III. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту.
Балалар, бүгінгі бізідің қазақ тілі сабағына бәріміздің сүйікті мултьфильміміздің сүйікті кейіпкері – буратино қонаққа келді! Қане, баріміз буратинаға алтын кілтті іздеп көмектесейікші!
Ол үшін алдымен мына ережелерді еске түсірейік. Буратинының сауалдарына жауап беріп, көмектесеміз бе?
-6985330200Буратиноның сұрақтары:
Зат есім дегеніміз не?
Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
Зат есімге мысал келтір?
Сын есім дегеніміз не?
Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?
Сын есімге мысал келтір?
Жарайсыңдар, балалар! Буратино сендерге алғыс білдіріп жатыр. Ал енді мына жұмбақтарды шешіп көріңдерші.
Жұмбақ шешу ( Жұмбақтың жауабын айту, сонымен қатар жұмбақты жауабын яғни зат есім болады оны сын есім мен байланыстырып сөйлем құрау)
1)Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді
Жауабы: ( су)- зат есім
Үлгі: Мен жылы суды әжеме әкеліп бердім.
Талдау: қандай су? Жылы су. Сын есім- жылы
2)Қате жазып жаңылсаң, Тазалайды ол барын сап
Жауабы: Өшіргіш- зат есім.
Сабақ барысында көк өшіргішпен қате салынған суретті өшірдім.
Қандай өшіргіш? Сын есім- көк
3) Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
Жауабы: Күн – зат есім
Таң атысымен нұрлы күн жарқырап шықты.
Қандай күн? Сын есім- нұрлы ( күн)
4) Дауысы бар, жаны жоқ,
Шертсең күйі, әні көп.
Құлағын он бұра.
Ол не?....
Жауабы домбыра
Арман үлкен домбырасымен күй шертті.
- Қандай домбыра? Сын есім- үлкен ( домбыра)
5) Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым
Жауабы: Жеміс.
Айжан тәтті жемістерді ағаштан теріп алды.
Қандай жеміс? Сын есім- тәтті ( жеміс)
6) Гүл ұшып гүлге қонады,
Гүл бақшам гүлге толады.
Жауабы: көбелек
Бағым әдемі көбелектерді ұстап алды.
Қандай көбелек? Сын есім- әдемі ( көбелек)
Жарайсыңдар балалар біз жұмбақтың жауаптарынан зат есімді сын есіммен байланыстырып сөйлем құрай алдық.
IV. Дәптермен жұмыс
Зат есім мен сын есімді байланыстырған сөйлемдерді дәптерге жазғызу.
Ойын «Сәйкесін тап» ( Оқушылар тақтаға шығып, дұрыс сәйкес келетін сын есімнің жанына зат есім сөздерді қояды). Тапсырма қате беріледі.
Дұрысы:
қарбыз
тәтті

қыз
әдемі

ағаш
биік

тышқан
сұр

алма
қызыл

сарай
зәулім

Ойын: Ойлан да тап ( мен сөздер оқимын соның қайсыс зат есім қайсысы сын есім екенін екі бағанға бөліп ажыратып жазу.
Беріліген сөздер: ағаш, көйлек, биік, кең, сағат, ұзын, балға, суық, жасыл, тақта, терезе, орындық, тәтті, гүл, ащы.
Зат есім Сын есім
Ағаш, көйлек Биік, кең
Сағат, балға Ұзын, суық
Тақта, терезе Жасыл
Орындық, гүл Тәтті, ащы
Ойын: Суреттер байланысы
Тақтада суреттер ілініп тұрады. Зат есім және сын есімді байланыстырып
сөйлем құрайды.

Бәтима әжей немересіне қою қымыз алып келді. Қандай қымыз?- Қою қымыз- сын есім

Асылжан анасына жұпар иісті гүл сыйлады.Қандай гүл? Жұпар иісті- сын есім.

Гүлім мен Олжас биік қайың ағашын отырғызуға кетті. Қандай ағаш? Биік- сын есім
Сергіту сәті
Көп отырып, шаршадық,
Қозғалуды аңсадық.
Топ-топ басайық,
Жаттығулар жасайық.
Оңға, солға бұрылдық,
Алға, артқа иілдік.
Тіземізді бүктіріп,
Қолды создық тік тұрып.
Секіреміз топ-топ,
Шапалақтап көп-көп.
Топ-топ-топ,
Хлоп—хлоп-хлоп.
Шығармашылық жұмыс
Көп нүктенің керекті зат есім мен сын есімді қойып жаз.
Астанада ... үйлер бар. Бауыржан ... шарларды бауырларына әкелді. Балалар қара ... сурет салды. Бүгін ауа райы ... болды. Асия ... көйлек сатып алды.
Керекті сөздер: әдемі, зәулім, қызыл, қарындаш, суық.
Білімді бекіту
Ойын: «Кім жылдам?»
Ойын шарты бойынша мен сендерге сөздерді айтамын, сендер зат есім мен сын есімді ажыратып, ауызша жылдам әрі дұрыс жауап берулерің керек.
Суретші, үшкір, аласа, сызғыш, сары, аласа, дәптер, қоңыр, ойыншық, биік, кең, кітап, тары, әдемі, жастық, есік, түзу, алма, семіз, жүзім, арық.
VI. Бағалау
1401445146050102235125095Буратинаның сиқырлы сандықғын ашып көрелік.Сандықтың ішінен алтын кілт, күміс кілттер шығады. Алтын кілттер-5;
Күміс кілттер – 4 деген бағамен бағалау.
-Буратино сендерге алғысын білдіруде, жарайсыңдар!
(Кілттерді тарату)
VII. Үйге тапсырма:
Зат есім мен сын есімді байланыстырып 5 сөйлем құрап келу.

Әдіскер:____________
Мұғалім:___________
Баға:______________