Ба?дарлама та?ырыбы: Б?йымды ?лшемсіз дайындау Саба?ты? та?ырыбы: Алжап?ышты? б?йір ж?не етек ?иы?тарын ??деу. Со??ы ??деу
Бекітемін
дир. ӨОЖ орынбасары
___________________
№20 сабақ
Бағдарлама тақырыбы: Бұйымды өлшемсіз дайындау
Сабақтың тақырыбы: Алжапқыштың бүйір және етек қиықтарын өңдеу. Соңғы өңдеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Алжапқыштың бүйір және етек қиықтарын өңдеу. Соңғы өңдеуді практика сабағында үйрену
Дамытушылық: Оқушылардың ой қабілетін өндірістік сабағында қолданып, технологиялық қабілетін дамыту
Тәрбиелік: Еңбекке баулуға, ұжыммен бірлікте жұмыстануға тәрбиелеу
Сабақ түрі: Аралас
Әдісі: сөздік, көрнекілік, практикалық
Көрнекілік: Нұсқау карталар, үлгілер, шеберхана жабдықтары,
оқушылардың жеке құралдары.
МТҚ: АТҚ
Пәнаралық байланыс: Құрастыру, технология, үлгілеу, жабдық
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі (5 – 6 мин)
1. Оқушылармен амандасу
2. Жоқ оқушыларды белгілеу
3. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Кіріспе нұсқау (30 – 35 мин)
Оқушылардың зейінің жаңа сабаққа бейімдеу:
«Крестик-нолик» ойыны. Топты екіге бөліп сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап берген топ тақтаға белгісін жазады, яғни бізге таныс ойын
1. Матаны қалай декатерлиді?
2. Бордың қалыңдығы?
3. Алжапқыштың жоғарғы қиығын өңделу жолы?
4. Алжапқыштың аспабауын өңдеу жолдарын атаңыз?
5. Алжапқыштың белдіктерін өңделу технологиясын айтыңыз?
6. Алжапқыштың пішім бөлшектерін атаңыз
7. Алжапқыш не үшін қажет?
8. Алжапқыштың түрлерін атаңыз?
9. Белдіктің жөрмеп тігу тігіс ені?
Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау:
«Алжапқыштың бүйір және етек қиықтарын өңдеу. Соңғы өңдеу
ІV. Жаңа тақырыпты баяндау:
Алжапқыштың бүйір, етек қиықтарын торлау
Бүгіп көктеу
Безендіргіш тігіс беру (Өңір тұсна арнайы «Джаноми машинасымен безендіріп тігу»)
КЖС, тігісті баса үтіктеу
Соңғы Ы.Ж.Ж (алжапқышқа тауарлық түр беру), тазалау
3339465280035Бас киімді дайындау
Торлау
3339465250825
Бүгіп көктеу
3339465174625
Безендіргіш тігіс беру 0,5-см арнайы «Джаноми машинасында»
Соңғы ЫЖЖ
Кездесетін ақауларға көңіл аудару
Торлағанда
Безендіргіш тігіс бергенде
Соңғы ЫЖЖ кезінде
Тақырып бойынша білімдерін бекіту: «Бұтақты ағаш». Тақтадағы ағаштың тамырынан бастап алжапқыштың өңделу жолдарын бастайды.
Қауіпсіздік ережелерді қайталау
IV. Жаттығулар және оқушыларды өз бетімен жұмыстандыру .
Ағымды нұсқау. Жұмыс орындарын тексеру барысында көңіл аудару:
Жұмыс орнын қарап өткенде:
Жұмыс орнын ұйымдастыруын тексеру;
Еңбек тәсілдері мен операциялардың дұрыс орындалуын бақылау;
Технологиялық процесінің орындалуын бақылау;
Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақталуын бақылау;
Оқушылардың өзін және өзара бақылауларын қадағалау;
Жеке нұсқау.
V. Соңғы нұсқау (25 мин):
1.Өндірістік сабағын қорытындылау
«Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, алжапқыштың бүйір және етек қиықтарын өңдеу, соңғы өңдеуді практикада сабағында үйрендік»
2. Оқушылардың жақсы орындалған жұмыстарын атап өту
3. Жұмыс барысында кездескен ақауларды, олардың себебін және жою жолдарын талдау
4. Жабдықты, құрал – саймандарды, жұмыс уақытын, еңбек дағдыларын ұтымды қолдану жолдарын талдау
5.Оқушылардың жеке бағаларын хабарлау
6. Үй жұмысын тапсыру
7.Жұмыс орындарын және шеберхананы жинау