Презентация по технологии на тему Бас орамалды ж?не алжап?ышты пішу


Ғажайыптар алаңы
Сабақтың тақырыбы: Ғажайыптар алаңыМақсаты: Оқушылардың ой қызметін, зеректігін, ұғымталдығын, логикалық ойы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, оң бәсекелестікті қалыптастыру.Сабақтың түрі: Сайыс сабақКөрнекілігі: Интерактивті тақта, айналма дөңгелек, қобдишаӘділқазылар алқасын белгілеуСабақ барысы:Сайыс үш іріктеу кезеңнен тұрады. Әр кезеңге үш ойыншыдан қатысады. Сайыскерлерге сұрақтар оқылады, жауабын әріп таңдау арқылы немесе толықтай айтуға болады. Бір әріптен қателескен ойыншы ойыннан шеттетіледі. Іріктеу кезеңнен өткен ойыншы финалға өтеді. Финал жеңімпазы ақтық ойынға жолдама алады. Жинақталған ұпай қосындысымен финал жеңімпазы сыйлық таңдау мүмкіндігін алады. Ақтық ойын жеңімпазына бас жүлде – қойын дәптер. Ақтық ойында дұрыс жауап таба алмаған ойыншы сыйлық ала алмайды.Айналма дөңгелек 12 секторға бөлінген. Әр сектор сан және әріппен белгіленген. Сектордағы «С» әрпі – сыйлық, «Б» - банкрот, «К» - көмек, «0» саны түссе кезек келесі ойыншыға өтеді.Үш әріпті қатар тапқан ойыншының сыйлық алу мүмкіндігі бар.І кезеңСұрақ: Ежелгі адамдар пайдаланған, тас ғасырынан бүгінгі күнге жеткен еңбек құралы?БАЛҒАІІ кезеңСұрақ: Әйгілі Жаңа жылдық салатты ойлап тапқан аспазшы есімі?ОЛИВЬЕІІІ кезеңСұрақ: Ірі қараның терісінен иленген қатты былғарыКӨНӘр кезең жеңімпазы финалға шығады.Көрермендерге сұрақтар:1. Ең үлкен қазанға не сыймайды? (өзінің қақпағы)2. Жеуге болмайды, бірақ күнде дайындалады? (сабақ)3. Бақшада өсетін екі нота? (фасоль)ФиналСұрақ: Бидайдан алынатын жармаМАНКАФинал жеңімпазы ұпай санымен сыйлық таңдайды.Сыйлық қоры Ұпай саныСурет дәптер 20Фломастер 30Қалам 5Түрлі - түсті қалам 25Өшіргіш 10Ұштағыш 15Ақтық ойын:Көлденеңінен: Бұл сөз грек тілінен аударғанда «өнер, шеберлік, іскерлік және білім, ғылым, үйрену» деген мағынаны береді.Тігінен: Сол жақтағы: Матаға әр түрлі жіптермен суреттер мен өрнектер салып тігілетін қол өнерінің бір түрі.Тігінен: Көлемі 3х3см кішкентай бутербродтарОйын жеңімпазын анықтау үшін сөз әділқазыларға беріледі.
тынды қозғалтқыш