Ана тілі п?нінен Т?рт т?лік та?ырыбында?ы ?лгі саба? (1-сынып)
Сабақтың тақырыбы: төрт түлікМақсаты:
Оқушылардың төрт түлік туралы түсініктерін қалыптастыру, әр малдың ерекшеліктері мен пайдасы туралы түсінік беру.
Түрі: Жаңа сабақ.Әдісі: СТО бағдарламасы.Көрнекілігі: буклет, суреттер,интербелсенді тақта.I. Ұйымдастыру
Психологиялық ахуал туғызу.Оқушыларды төрт топқа төрт түліктің суреті арқылы бөлу.ІІ. «Ой шақыру» стратегиясы
Балалар, төрт түлікке нелер жатады және олардың төлдерін қалай атайды?І топ – «Ақылдылар»ІІ топ – «Білімділер»ІІІ топ – «Алғырлар»ІV топ – «Ұшқырлар»ІІІ. «Мағынаны таны» стратегиясы бойынша топ басшылар сайысы.Әр топ басшысы әр түліктің ерекшелігі мен пайдасы туралы ойларын айтады.ІҮ. «Сен-маған, мен-саған» стратегиясы бойынша 4топқа сұрақтар беріледі.1. Ақылдылар тобы:
1) Түйенің қандай түрлері болады?2) Түйенің сүті қалай аталады?3) Түйенің жүнінен нелер алынады?2. Білімділер тобы:
1) Жылқының қандай түрлері бар?2) Жылқының сүті қалай аталады?3) Жылқы төлі қалай аталады?3. Алғырлар тобы:
1)Сиырдың сүтінен қандай тағамдар алынады?2) Сиырдың төлі қалай аталады?3) сиырды жас айырмашылығына байланысты қалай атайды?4. Ұшқырлар тобы:
1) Қойдың қандай түрлерін білесіңдер?2) Қойдың жүні не үшін пайдаланылады?3) Қойдың төлін қалай атайды? Сергіту сәті.
Ү. «Жалғасын тап» ойыны. Мақал - мәтелдердің жалғасын табу.1) Ат қадірін - жоқ білмес, ...2) Сиыр су ішсе - ....3) Сиырлының үйі – айран,...4) Қой сүті - .... .5) Сиырдың сүті...6) Тай - атқа жеткізер, ....7) Ордалы құлан ....8) Ер қанаты....VI. Бекіту: Тест.Үйге тапсырма: Төрт түліктің суретін салу, төрт түлікке арналған өлең шығару.