Ана тілі Ана ??ша?ында
Бекітемін
№2 МББК директоры:
___________Алтынбекова Қ.С.
" Приозерск қаласының №2 МББК" КММ бастауыш сынып мұғалімі
Абдыгаппарова Данагүл Төлеутайқызының 4 в сыныбына арналған
Ана тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспары
Мерзімі: 28.01.2015 ж
Уақыты: 14.00 - 14.45
Дәрісхана: 34 кабинет
Сыныбы: 4 В
Тақырыбы: Ғ.Мүсірепов. Ана құшағында.
Мақсаты: Ғ. Мүсіреповтың "Ана құшағында" тақырыбының идеясын ашу.
Міндеттері: - Оқушыларға Ғ. Мүсіреповтың « Қазақ солдаты » романынан үзінді «Ана құшағында» атты әңгімесін түсініп оқуға және түсінгенін әңгімелеп айтуға үйрету. Өз ойларын ортаға салып, топпен жұмыс істеуге, ананың бала өміріндегі орнын білуге үйрету, романдағы басты кейіпкер туралы білім беру.
- Өзекті, түйінді ойын ашуға жағдай жасау және байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастырып, әр түрлі тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілетін дамыту. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық ойын, танымдық қабілеттерін дамыту.- Ананы құрметтей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Батырдың да, алыптың да анадан туатындығын, сондықтан ана - өмір бастауы екендігін ұғындыру. Алдарына қойған мақсаттарына жетуге ұмтылу.
Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау.Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Қолданылған стратегиялар мен әдіс - тәсілдер: Амандасу тренингі;"Ыстық алақан", "Топ ұстанымын құру", "Сен маған, мен саған",«Қызықты деректер»,"ДЖИГСО" Cюжетті сергіту сәті " Қара жорға", "Ойлаудың алты қалпағы" Рефлексия «2 жұлдыз, 1 тілек» .
Формативті бағалау оның ішінде: -Mадақтау! Жарайсың! Бәрекелді! Ынталандыру-топта сен ерекше белсенділік таныттың!-бүгін сен сұрақтарға дұрыс жауап бердің! Түрлі-түсті стакандармен бағалау, смайликтермен бағалау.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. ( І слайд )
- оқушылармен амандасып, түгендеу
- психолгиялық ахуал туғызу.
Айналаға алақанмен,
Жылылықты шашайық.
Сәттілік тілеп, күлімсіреп
Біз сабақты бастайық
ІІ . Үй тапсырмасын тексеру .
" Мен саған , сен маған" әдіс - тәсілі. Үй тапсырмасын доп арқылы тексеру.
Мақсаты:өткен тақырыпқа шолу.
- Үйге қандай тапсырма берілді? (Мамытбек Қалдыбаев . Үлек ) Үй тапсырмасын пысықтау:-Үлек дегеніміз не ? Үлекке сипаттама бер.- Үлек - жалғыз өркешті, нардың бурасы. Айбары сұмдық, кісіге шабады,айбатты, батыл, қорқу дегенді білмейдіЕңбегі өте зор, ауыл түйелерін бағады.- Түйе жейтін қандай шөптердің аты айтылған?( изен, жусан ,алабота, ащы қурай, теріскен, шеңгел, жантақ ) Тағы да қосуға бола ма?. -Егер Мүлкібай атай бармаған болса, не болар еді?
- Мүлкібай ата портретін кім айтады ? Қоржиған, бойы кішкентай, ап - арық. Көңілді, балаларды жақсы көреді.Себебі ол малға барғанда бүкіл баланы жинап апарады.Малды да жақсы көреді. Үлектің оны тыңдайтыны кішкентай кезінен жақсы баққан, қараған.
-«Үлек» әңгімесінің мазмұнын 3 - 4 оқушыға жалғастыра айтқызу
Сендер үй тапсырмасын жақсы орындап келіпсіңдер, жарайсыңдар!
Формативті бағалау .Mадақтау, Жарайсың!Бәрекелді!
Топқа бөліну.
Оқушылар бірлесе жұмыс істеу үшін 4 топқа бөлінеді. Топ басшысын сайлау және топ атын жазып қою. Топ ұстанымын еске түсіреді ІІІ. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту «Ой қозғау»
Интербелсенді тақтадан бейнефильмнен үзінді көрсету.
- Балалар енді осы фильмнен не ой түйдіңдер?
-Кім туралы екен?
- Қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ?
- Ана құшағында» дегенде ойларыңа не келеді? ( Ассоциация )Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы. Мейірім, сүйіспеншілік, еркелік т.б.
«Ана құшағы »дегенде ойларыңа не келеді? Осы ана құшағын сезіндіріп, сол сәтті баян ететін Ғ.Мүсіреповтің «Ана құшағында» деген әңгімесімен танысамыз.
- Ғабит Мүсірепов жайлы не білеміз? (слайд)
Оқушыларға алдын ала Ғ.Мүсірепов туралы мәлімет қарап келу тапсырылды.Сол бойынша 1-2 оқушылар сөйлейді. Кітап көрмесіне тоқталу.
Ғ.Мүсірепов-қазақтың көрнекті жазушысы.Ірі қоғам қайраткері. 1902 - 1985 — жылдар аралығында өмір сүрді. Алматы қаласында жазушыға арнап ескерткіш қойылған. Оның «Тұтқын қыз», «Қазақ солдаты», « Ұлпан » т. б. атты еңбектері бар. Алматы қаласында ол кісіге арналған ескерткіш бар. 3 – сыныпта « Таңның атуы » атты шығармасымен танысқанбыз.
- Кемеңгер жазушының Қазақ солдаты деп отырғаны кім екен?
- «Қазақ солдаты» романы «Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай - қарай зытам… Зытып келе жатқаным, қашып келемін. Артыма қарай беретінім, қорқып келемін» - деген сөздерімен басталады Бұл әңгімеде Қайырғали Смағұлов деген баланы бәрі Қайрош деп атайды. 10 жастағы Қайрошқа ауылдың сиыр, бұзау, торпағын бақтырып қояды. Оның алдына 87 бас мал салып беріп, егер бір бас малды жоғалтсаң, 10 жыл қораға қамаймын дейді қара мұртты. Мен қашан оқимын деп жүргенде бір қасқа торпақ жоғалып кетеді. Ары санайды 86, бері санайды 86. Жер жұтты ма? Ізі де жоқ. Қорқып кеткен Қайрош қалаға қарай қаша жөнеледі.Зытып келем, зытып келем.Артыма қарай - қарай зытып келем.Қайрош сол зытқаннан Гурьев қаласындағы балалар үйіне орналасады.- Балалар үйі кімдерге арналған?- Панасыз, әке - шешесіз балаларға арналған. «Құлыным, Қайрошым... Қайда жоғалып кеттің? » -деген әлсіз дауыс естіледі- Кімнің даусы деп ойлайсыңдар?Әрине, анасының даусы.
- Ана неліктен бұлай деді екен ? Біз мұны әңгімені оқу барысында анықтайық.
ІҮ. Жаңа сабақ. (Оқулықпен жұмыс) 198 -200 бет
"Джексо" әдісі арқылы 4 топқа тапсырма беріледі. "ДЖИГСО" бойынша мәтінді 4 топқа бөліп беру. Топтан көшбасшы сайлау.
- Әр топқа мәтінді оқуға 5 мин уақыт беріледі.
Әр топ өзіне тиісті мәтінді топта талқылап, бөлісіп, аударып, оқиды.Сұрақтар қою арқылы мазмұнын аша түсу.1 - топ.Анасы Қайрошты қайда іздеп келді? ( балалар үйіне )
Қайроштың досының аты кім? (Шеген)
Оның атын әңгіменің қай жерінде кездестіресің? (Әңгіменің басында … тізесіне сорпа шашырағанда; … Анасы кеткенде Қайроштың көзінен жас шыққанда.)
ІІ - топқа. Ана мен баланың бір-біріне деген ыстық сезімін әңгіменің қай жерінен оқуға болады?
ІІІ- топқа. Мариям апай деп отырған кісі кім деп ойлайсың?
ІҮ - топқа. Қайрош неліктен анасымен бірге ауылға кетіп қалмады?
1. Әр топтан 1 оқушы мәнерлеп оиды.
2. Топта талқылайды.
3. Топ басшылары бір - бірлеріне барып іштей талқылап айтады.
4. Көшбасшысы түсінген мазмұның айтады. Топтарды бағалау.
Әр топқа жасыл, қызыл, көк, сары стақандар беріліп отырды.
Ү. Сергіту сәті.
Power Point слайдта көрсетілген қимылдарды қайталау.
"Қара жорға"
ҮІ .Топтарға тапсырма беру. (постермен жұмыс)
4 топқа тапсырма беру.1топ . Эссе « Ана»
2 топ . « Топтастыру » ( Ассоциация )
3 топ. Бес жолды өлең «Ана »4 топ. Ребус құрау.
Жасаған жұмыстарын қадағалап, бақылау жасайды. Түсінгендерін ортаға салу.
Жасаған жұмыстарын өзара талқылап, сынып алдында қорғау. (Мадақтау)
ҮІІ Қорытындылау.
Сабақты бекіту. «Ойлаудың алты қалпағы » стратегиясы. 6 оқушыдан тұратын әрбір топқа түрлі- түсті қалпақтарды таратамын. Ақ қалпақтарды өзгелерге қарағанда жасы кіші оқушыларға беремін. Себебі бұл қалпақтың тапсырмасы басқа қалпақтың тапсырмасына қарағанда жеңіл. Қалпақтардың тапсырмасы: Ақ қалпақ( деректер) бүгінгі сабақта не өттік сол туралы түсінік беру? Қара қалпақ ( жағымсыз жақтарды айту ) Әңгімеде , бейнефильмде саған не ұнамайды? Сары қалпақ (позитив ) тиімді жақтарын айтады?
Қызыл қалпақ (сезім ) Бүгінгі сабақта қандай сезімде болдың? Жасыл қалпақ ( креатив ) ынталандыру бойынша өз идеясын айтады және келешекте нені ескеру қажеттігін айтады. Көк қалпақ ( анализ, синтез ) Шығармадан қандай үлгі алдың? ( тәрбиелік мәні). Неге қол жеткіздік? Болашақта не істеу керек?
- Әрбір топтағы қызыл, сары, көк, жасыл, қара, ақ түсті қалпақ киген оқушылар келесі топтағы түстес құрбыларымен бірігіп берілген сұраққа жауап іздейді.
- Бағалау.
ІХ.Сабақтың басты сәттерін анықтау. «Сабаққа кері байланыс»
-Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
-Бұл сабақта мен не үшін қиын болды?
-Бұл мен үшін неге қиын болды?
-Бұл қиындықтарды ненің көмегімен еңсердім/ еңсере аламын?
Мұғалім топтық баға және өз бағалау парағы арқылы қорытынды баға шығарады.
«Алма ағашы» Оқушылар қызыл, сары, көк алмаларды алып ағашқа іледі.
Х. Үйге тапсырма: 198 - 200 бет
”Ана құшағында” әңгімесін оқып келу,әңгімелеу
Қайырғали Смағұлов ( Қайрош ) туралы мәліметтер қарастыру
ХІ Бағалау