Т?рбие са?аты: Мереке?мен аяулы ана
Тақырыбы: Мерекеңмен – аяулы анаМақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, мақал-мәтелдер арқылы анаға сүйіспеншілікпен қарау. Ананың мейрімін, махаббатын, жақсылығын түсіну. Ана еңбегін қадірлеу білу.Көрнекіліктер: нақыл сөздер ана туралы,шарлар,гүлдер.Мақал-мәтелдер:1.Ана жақсылығын ауырсаң білерсің.2.Анасын сүйгеннің баласын сүй.3.Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада.4.Ананың сүті-бал,Баланың тілі-бал.
1-жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталдыСен деп жаздым алғаш өлең-дастандыҚуандым ба, өзің бар деп қуандым,Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.Жанарыңнан көрдім алғаш аспандыЕркелесем, бір өзіңе еркелеп,Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.
2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар, ұстаздар, қыздары! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттыңӨміріме нәрін берді ақ сүтің,Кең құшағың аясындай гүл бақтың.Ер жеткізіп елге берген баласын,Ақылдысың, ардақтысың, данасың!Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,Қайратыңнан қайта көрме, анашым, -дей отырып, мерекелік құттықтау сөзді сынып жетекшіміз Балиса Сембай қызына береміз.
1-жүргізуші: Әркімнің де өмірден аласы бар, Аласы бар адамның анасы бар. Мерекесін құттықтап аналардың, Ән жолдайтын апалардың баласы бар.Ән: "Аашым анажаным"
2-жүргізуші: Пайғамбарға бір адам келіп: -Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды. Сонда пайғамбар: -Анаң бар ма? -деп сұрайды. -Бар,-дейді әлгі адам.- Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар. Олай болса ұлдардың аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық
1-жүргізуші:Екінші кезеңде қыздар сайысын тамашалаңыздар. 1.Таныстыру. 2.Өнерлерін көрсету. 3."Гүл сыйлау" ойыны. 4. Сән үлгісі. 5.Үй тапсырмасы.6.Ең сұлу ана. Кәне енді ең сұлу ананы анықтайық.Ортаға аналарымен екі оқушы шығады. Шарт: Қыздар өз аналарын сәндейді.
2-жүргізуші: Біздің аналарға дайындаған арнайы сауалдарымызбен ойындарымыз бар. Келесіде мынадай сұрақтарға жауап берсеңіздер. (отырған аналарды екі топқа бөлеміз.) І топ 1. Балдан тәтті не? ( бала) 2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл) 3. Балаға кім сыншы? (ата) 4. Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра) 5. Үйдегі алтын адам кім? ( ана)
1-жүргізуші: ІІ топ. 1.Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп) 2.18жасқа толмаған адам ( бала)
3.Екі адамның бір-біріне деген адалдығы ( достық) 4. Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым) 5.Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)
2-жүргізуші: Келесі ойынымыз «Тығырықтан шығу» деп аталады. Мұнда жағдаяттық сауалдар беріледі.Өз пікірлеріңізді білдіресіздер. Ата-анаға:
1.Сіздің балаңыз озат оқушы.Үй шаруашылығымен айналысқанды жек көреді, ештеңе істегісі келмейді. Оны қызықтыру үшін не істейсіз?
2.Қызыңыз кешкі ас дайындап, ыдыс жууы керек. Оның орнына қозғалмай теледидар көріп отыр. Қандай әрекет қолданасыз?
3.Балаңыз туған күніне достарын шақырғысы келді. Бұл жағдайды қалай шешер едіңіз?
4.Үй шаруашылығына байланысты баласын сабақтан жиі қалдыратын ата-аналар туралы пікіріңіз қандай? 5.«Баламның қарны тоқ, көйлегі көк болса болды.Тәртібіне, оқуына қарайтын уақытым жоқ» дейтін ата-аналарға деген көз қарасыңыз қандай?
Мұғалім: -"Аялы алақан "ойыны Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу
Дүниенің жарық күні анамыз Дана болсақ анаменен данамыз Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын Анаға арнап тағы бір ән саламыз
Ана туралы ән.
1-жүргізуші: Оқушыға: 1.Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің? 2.Көктем мезгілі. Жолдасың сабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл бөлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендеп кетті.Сен не істейсің? 3.Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды.Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің? 4.Сен тәртіпсіздік жасадың.Мұғалім саған қатты-қатты ескерту жасады. Сен не істейсің? 5.Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз қарасың қандай?
2-жүргізуші: Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, ең бір данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!
Ән: Сенің анаң алтын орындайтын Қадыр Ерік.
Барша ана құтты болсын мерекеңіз, Әрқашанда ана сізбен берекеміз.Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам, Сонда біз кісілікке теңесеміз,- дей отырып мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді құрметті аналарымызға береміз және балаларыңыздың өздеріңізге дайындаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар!
30738546934744-825954693474429301623682093-8259543682094-251188-367394