Т?рбие са?аты. Арда?таса? арда?тайы? ананы





Ардақтасақ ардақтайық ананы
Мақсаты:Ұстаз-аналар мен оқушылардың аналарын қатыстыра отырып, құрмет көрсету:анаға құрмет, сыйластықты ән мен жыр арқыл насихатта
1-оқушы:Қазақтың данышпаны Абай атамыз: «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата-ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»-деген.
2-оқушы: Соның айғағы ретінде біз бүгінгі мерекелік құттықтауымызды сіздерге арнаймыз, ардақты, аналар, ұстаздар.Қош келдіңіздер!
1 оқушы: Елін, жерін сүйетін, ей, адамдар!Алдыменен ананы аялаңдар. Ана-алып бәйтерек. Бәйтеректің бауырына топтасып, саялаңдар.
2-оқушы: -Дүниеде не тәті?
-Ананың сүті тәтті.
-Не жұмсақ?
-Ананың қолы жұмсақ.
Ән шашу.------------------------------
Мұғалім:
Ана-жүрек,жүректі құдірет де,
Ана-тірек, тіректі құрметте.
Ана-шыңың, шыңыңа сағынып жет,
Ана-күнің, күніңе табынып өт.
Расында да адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді.
Естай:
Асыл анам-алтын жан, асқар тауым,
Арайланып алдымнан атқан таңым.
Әлпештедің, әлдилеп, аяладың,
Әр кеш менің-ән-күйім, сая бағым.
Гүлің болып көгімде сен көрінген,
Күнім болып көгімде сен көрінген.
Ақын ең сен, әр таңға асық жаның,
Алыс кетсем аңсаймын, сағынамын.
Нұрбибі
Анашым менің, саялы қамқор шынарым,
Баулауға мені сан азап көріп шыдадың.
Тілерің болса алдағы жерде анашым,
Үмітіңді ақтап, арналсын саған жыр-әнім!
Барлығы:
Аналарды сүйеміз,сөзін ойға түйеміз,
Әжені де ардақтап, әдеппен бас иміз,(барлығы бас иеміз)
«Ақ тілек бағдарламасы»Жүргізуші:-----------------
Құрметті 4 «Ә»-сынып оқушыларының ата-аналары.Сіздерге Ақ тілек бағдарламасы 8-наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтайды.
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген-бәйтерегі өмірдің
Ана деген-алтын қазық, алтын бақ
деп сіздерге арнап Қайрат Нұртас «Мама » әнін орындайды.
Екі оқушының диалогы: Береке мен Бірлік
-Өмір сүру үшін не қажет?
-Өмір сүру үшін алтын,ақша,,мал қажет.
-Жоқ, балам.Адамның өмір сүруі үшін су,от,тұз,қыз,ақыл қажет.
Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірдің сәнін береді,тұз астың дәмін келтіреді,қыз көңілдің сәнін келтіреді,ақыл өмірдің мәнін келтіреді.
Оқушы:Ендеше сыныптың сымбатты да сұлу,көрікті де көркем қыздарымызды құттықтау үшін сөз береміз.
Оқушы: Ендігі кезекті «Сыр сандыққа» берейік
-Бір оқушы мен анасы шығады
-Сен анаңды толық танисың ба? Тексеріп көреміз
-Анаңның туған күні..........
-Анаң қандай түсті көйлекті ұнатады?........
-Анаңды әкең еркелетіп кім дейді?..........
Анасы баласын қалай таниды екен тексереміз
-Балаңыздың ұнататын тамағы.............
-Спорттың қай түрін ұнатады?.........
-Балаңыздың досы кім?...........
Ойын: Балаларын іздеп табу «Көз байлау»ойыны.
Аналарымға арналған «Ана туралы жазған ойларымызды»айтуға кезек береміз.......
Ойын:Сұрақтарға жауап беріп көрелік «Шар жару»ойыны
1.Балаңызды еркелетіп кім дейсіз?
2.Балаңызға алғаш айтқан бесік жырынан үзінді айтыңыз
3.Балаңызға дастархан басында қандай ескерту бересіз?
4. Балаға деген көзқарасыңыз,еркелететін сөздеріңіз
Жүргізуші: О, аналар осындайсың бәріңде,
Осындайсың жасың-дағы, кәрің де
Сыйынатын болса өмірде құдірет,
Сыйыныңдар Ана деген тәңірге.
Ән шашу...............