Ана тілінен Айнала к?міс ?ар та?ырыбыны? саба? жоспары


Сабақтың тақырыбы: Дыбыс.Әріп.Қыс. Айнала күміс қар.
Сабақтың мақсаты: Дыбыс пен әріп туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеті: 1. Өлеңдегі жыл мезгілін суреттей отырып білімдерін
қалыптастыру.
2. Сөздік қорын, логикалық ойлау қабілетін
қалыптастыру.
3. Дыбыс пен әріптің ерекшелігімен айырамшылығын
ажырата білуге йрету.
Табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:
Кеспе сурет «Қыс», Ж.Аймауытов суреті.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап.
Пән аралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: -Үйге қандай тапсырма берілді? -Қысқы дайындық туралы кім, не айтады?
Ш. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: - Мәтіндегі кейіпкерлердің іс әрекеті туралы кім не айтады? - Балалар, сөз неден құралады? - Дыбыстар мен әрпітердің ережесін кім айтады?
ІV. Мақсат қою кезеңі: -Балалар, қысқы табиғатты кім сипаттап береді?
–Ең қызығы не?
V. Жаңа сабақ: -Қазір жылдың қай мезгілі? –жақсы. –Ендеше оқулықпен жұмыс кітабымыздың 12 бетіндегі 9-жаттығуға қараймыз. Тапсырма бойынша сөз алдына әріп қойып жазамыз. Өзі, есті, ұрды. Үлгі: өзі-сөзі. Өзі сөзінің алдына қай қойылады, өзің қосқан әріптің астын сыз. Дыбыс саны өзгерсе сөздің мағынасы да өзгеретінін біліп ал. Өлең. Айнала күміс кар: Өлеңді тібектей отырып оку
Енді не тұрыс бар?
Ал кеттік, балалар,
Бітпеген жұмыс бар.
Сергіту сәті: 1-2 рет жасау
10 жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жазу. Қара әріппен жазылыған сөздердің жазылуын біліп алу. Мына сұрақтарға жауап беру. 1. Дыбыс Д қалай түсінесің? 2. Әріп дегеніміз не? Түсінгендеріңді мысал ретінде келтіріп айту. Өлеңді мәнерлеп оқымас бұрын Ж.Аймауытовқа өмірбаянына тоқталу.
Ж.Аймауытов «Қыс»
VI. Жаңа материалды пысықтау: - Мына өлеңді тізбектеп оқып шығайық. Ж.Аймауытов туралы түсінгендерін пысықтау. -Ал енді дыбыс пен әріп туралы ережені кім пысықтап береді?
VІI. Сабақты қорыту: Жұмбақ, жаңылтпаштар.
VIII. Үйге тапсырма: Айнала күміс қар өлеңін жатқа айту.
Бағалау: