?аза? тілі п?нінен С?йлеу м?дениеті та?ырыбыны? жоспары


Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
Ойды басқаға тіл арқылы әсем етіп жеткізуге, сөйлемдерді дұрыс айтып, дұрыс құрастыра білуге үйрету, орынды сөйлеу және тыңдаушыны өзіне тарта білуге баулу.
Диалогтік сөйлеу дағдысын, өз сөзін орынды айта білуін дамыту.
Әңгімелесушіні тыңдай білу қасиетін қалыптастыру.
Сабақтың барысы:
Оқулықта берілген жаттығулар «Танысу» тақырыбына арналған. Жаттығуларды орындамас бұрын, алдыңғы сыныпта өткен «Сәлемдесу» тақырыбын қайталап кеткен жөн. Осы мынадай жаттығулармен пысықтау болады.
Ата мен баланың амандасуы:
Ассалаумағалейкум, ата!
Уағалейкумассалам, шырақ!
Әже мен баланың амандасуы:
Армысыз, әже!
Бар бол, балам!
Қойылатын сұрақтар:
Сәлемдесуге байланысты тағы қандай сөздерді білесің?
Құрдастардың сәлемдесуіне мысал келтір.
Бұл сабақта және жалпы жаттығуларда диалог кездеседі. Оқушыларға 4-сыныпта диалогтің нақты анықтамасы берілмесе де, ол барлық мәтіндерде кездеседі. Сондықтан осы сабақта оқушыларға диалог туралы мәлімет берілсе, артық болмайды.
Диалогті меңгеру үшін сюжетті сурет, көрнекі құралдар, сызба бойынша жұмыс пайдалы өтеді. Мысалы, тақтаға дәрігер мен баланың немесе басқта алма, алмұрт жинап, сөйлесіп тұрған екі баланың, т.б. сюжеті суреттер ілінеді. Төмендегі үлгідегідей сұрақтар қойылап, тапсырмалар беріледі.
Суреттен не байқадыңдар?
Жылдың қай мезгілі бейнеленген?
Екі бала не туралы сөйлесіп тұр? Өз ойларынды айтындар.
Суретте бейнеленген осы екі балаға ат қойып, екеуінің әңгімесін өзімізше құрастырайық.
Үлгі:
Асқар, биыл өнім жақсы болды ма?
Иә, жақсы болды.
Асқар, алма пайдалы ма, әлде алмұрт па?
Әли, екеуі де денсаулыққа пайдалы. Екеуінде де дәрумендер көп.
Оқушылардың құрастырған диалогтарының біреуін тақтаға іліп, олардың тыныс белгілеріне көңілдерін аударған жөн. Сондай/ақ сурет бойынша төмендегідей екі түрлі мәтін құрастырып, оларды салыстырып, айырмашылықтарын байқауға болады.
Осындай жұмыстардан кейін мұғалім оқушыларға диалогтің ережесін, яғни екі не бірнеше адамдардың алма/кезек айтылған сөзі диалаг деп аталатын, «диалог» деген терминнің өзі грек сөзінен алынғанын қазақша «екі адамның сөзі, сөйлесуі, әңгімесі» деген ұғымды білдіретінін, диалогтің тыныс белгісі-сызықша екенін түсіндіреді.
Оқулықтағы «Танысу» тақырыбы бойынша жаттығулар орындалады.
Сабақты қорытындылап, оқушыларға «Сөйлеу мәдениеті» туралы мынадай мәлңеттер беруге болады:
Анаңнан туа үйренген, яғни ана тілінде сөйле
Бір қалыпты, асықпай жарасымды тілмен сөйле.
Серіктесінің сөзін зер сала тыңда, сұрағына жауап бер.
Тілің түсінікті болсын деп, өз сөзіңмен сөйле.
Жолдасыңның (әңгімелесушінің) пікіріне өзіңнің ойынды білдір.
Үйге тапсырма:5-жаттығу.