Жылы ж?рек – жа?сы тілек 3 сынып ?зін-?зі тану


Сабақ: Жылы жүрек – жақсы тілек Мектеп:№19 орта мектебі
Күні: 10.01.17ж,11.01.17ж .12.01.17ж 13.01.17ж 14.01.17ж Мұғалімнің аты-жөні: Тулепберген А.Т.
Сынып: 3 А,Ә,Б,В Қатысушылар саны: Қатыспағандар:
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары жақыныңа жақсы тілек тілеу арқылы қиянат жасамау құндылығын дамыту туралы түсінік беру
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушы істей алады: өз ойларын жеткізе алады
Көпшілігі істей алады: постер істей алады
Кейбірі істей алады: 5 жол құрастыра алады
Тілдік мақсат Алдыңғы білім Дос болайық. Бәріміз!
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарланған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз)
Басы
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырманы тексеру Сабақ барысында:
Тыныштық сәтi.
Су түбіңе саяхат
Денелеріңізді түзу ұстаңыз. Көздеріңізді жабыңыздар. Терең тыныс алып елестетіңіздер.
Біз сіздермен теңіз түбіңе саяхатқа барамыз. Ақырындап орындарыңан тұрып, кабинеттен шығып, далаға шығамыз. Қараңыздар алдарыңызда теңіз. Елестетіңіз, сіз теңіз жағалауымен келе жатырсыз. Жалаңаяқ жүріп, құмның жылуын сезіп келе жатырсыз. Теңізге қараңыздар, сіздер бір қара нүкте көріп тұрсыздар. Ол жақындаған кезде сіз ол қара нүктенің дельфин екенін көрдіңіз. Ол сізді теңіз түбіне саяхатқа апаруға келді. Дельфин ең адал жануар. Сіз ақырындап дельфиннің үстіне отырып, қатты ұстап алыңыз. Сізді дельфин ақырындап теңіздің түбіне жүзіп алып келе жатыр. Жан жағынызға қараңыз, әр түрлі балықтар. Оң жақтарыңызға қарасаңыздар қып – қызыл балдырлар, сол жақтарыңызға қараңыздар сары, көк түсті балықтар. Сізді дельфин ақырындап осы балықтардың арасымен жүзіп алып келе жатыр. Қараңызшы алдыңызда сегізаяқ. Өзі сондай үлкен. Теңіз түбі қандай ғажап десеңізші. Теңіздің түбіндегі тыныштықты сезіндіңізбе? Осы тыныштықта бір сәт отыра тұрыңыз. Енді артқа қайтуға дайындалыңыз. Дельфин сізді теңіздің бетіне алып келе жатыр. Теңіз бетіне шыққанда беттерңізге самал желдің үрлеп тұрғанын сезіндіңіздер. Дельфин сізді теңіз жағалауына алып келді. Сіз ақырындап дельфиннен түсіп, оған өз ризашылықтарыңызды білдіріңіздер. Оны сипаңыздар. Жылы құммен ақырындап артқа жүріңіздер. Мектептің есігінен кіріп, өз кабинетімізге ораламыз. Өз орындарына отырыныздар.
Сұрақтар
Көз алдарыңызға не елестеді?
Қандай сезімде болдыңыздар?
Үй тапсырмасын тексеру
Ортасы
Рефлексия Бес Т ережесі құрастыру:
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық
Жаңа тақырып: -Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Жылы жүрек – жақсы тілек » деп аталады.
3.Жағымды ой-пікір. (дәйексөз)
-Оқушылар бәріміз тақтаға назар аударайық. Тақтада дәйексөз берілген.
Жақсы сөз – жан жылытар
Халық мақалы
- Сендер осы халық мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?
Жақсы сөз дегенді қалай түсінесіңдер?
Жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді. Ауыр сөз жағымсыз әрекеттер адамның көңілін түсіреді, мұңайтады, оны уайымға салады
Әңгімелеу (Мұғалімнің сыйлығы) Қандай тілек жақсы?
Сол күні Амантайдың апасының қас қабағы келісіңкіремей отырды.-Балам, бүгін мазам кетіп шаршап тұрмын. Шайды өзің қамдап қоямысың? Күнде қапырық болды ғой. Мен аздап жантайып тұрайын.Амантай зыр жүгіріп, шай әзірлеп, апасының бетіне де жалтақ қарап қояды. Бүгін олар күндегіден ертерек жатты. Амантай апасының әр қозғалысына, тыныстағанына құлағын түріп, елеңдей берді. Кейде жүрегі жиі- жиі соға жөнеледі. Өстіп жатып ұйықтап кетті. Жарқ- жұрқ найзағай жарқылдап,күннің күркірегенінен оянып кетті. Апасы әлі ұйықтамапты,күбір күбір сөйлеп жатыр, Амантай тағы тың тыңдай қойды.«-Жасаған ием,құлындарым ер жеткенше қуат бере гөр. Жарым жан көңілдерінің жұбанышын көпсін бе, жасаған. Қос құлынымды кім мүсіркеп, кім маңдайларынан сипар екен дегізіп, көздерің жәутеңдете көрме!»-деп апасы терең күрсініп, аунап жатты. Амантайдың бетін ағыл тегіл жас жуып, үнсіз егілді. Өткендегі жаман ойы көңіліне оралып, бүкіл денесі дір ете түсті. Жүрегі қайта дүрс- дүрс соғып, зәресі ұшты. Әне бір жолы Ерболат Жанұзақ ағайды әкелеп жүргенінде мұның іші әлем жәлем қызғанышқа толып, көңіліне көпіршілік келген. Сол есіне түсіп, мазасызданып кетті.
-Апа ,біреуге жаман тілек ойлаған жақсы емес, ә?
-Әрине балам. Досың түгілі қасына да жаман тілек тілеуге болмайды -деді анасы.
-Апа енді сол қызғанып барып, ойлаған жаман тілекті қалай қайтарып алуға болады?
-Балам түн ұйқыңды төрт бөліп, ағаттығыңа өкініп жатқанының өзі сол адамға ақ ниет тілегенің.Қызғаншақтық жақсы қасиет емес, ол адамды жаман іске жетелеп, жаныңды жаралап, тас жүрек етеді. Осыны ұмытпа, балам!
-Амантайдың әрекеті туралы не айта аласыңдар?
- Неге жақсы ойлауымыз керек?
-Сендер Амантайдың орнында болсаңдар қандай тілек тілер едіңдер?
осы баланың орнында болсаңдар әке өсиетін дұрыс түсінесіңдер ме?
Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс
1-топ.
Ситуациялық жағдаяттардың шешімін тап.
 2-топ.
Жылы жүректен шыққан жақсы тілектер жазу.
3-топ
Ребус, сөзжұмбақтар құрау
Топпен ән айту.
Достар әні.
Сөзі: Фариза Оңғарсынова
Әні: Айжігіт Асанов
- Ал, енді балалар, Достар әнін орындайық.
(әннің сөздерін таратамын, музыка қосылады)
1.Ақ, қарамыз, сарымызТату доспыз бәріміз.
Достық жайлы ән салып,
Шырқатайық, қәне біз.
2.Жүзімізге қараңыз,
Бал- бұл жанған баламыз.
Бізге қымбат күн шуақ,
Бізге қымбат Анамыз.
3.Күннің нұрын сүйеміз.
Қырдың гүлін сүйеміз.
Бізді ойнатып тәтелер.
Күлдіргенін сүйеміз.
4.Балдырғанбыз арай жүз,
Бал-бұл жанып қараймыз.
Ойыншықтар біздерде,
Көп болғанын қалаймыз
Оқушылар көбелек стикеріне жылы жүректеріндегі жылы тілектерін жазып ағашымызға жапыстырады


Үй тапсырмасы беру
Соңы Дәйексөз жаттау
Соңғы тыныштық сәті
Баяу музыка ойнайды. Балалар көзімізді жұмып, бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.