Зерде интелектуалды? ойын сайысы
Ақеділ: Біздің келер шамамыз,
Бестен үшті аламыз.
Төртті бөліп екіге,
Жауабын тез табамыз.
Мансұр: Біздің келер шамамыз,
Көбейтуге данамыз.
Төрт амалды тең білер,
Өте зерек баламыз.
Амина: Мектептің әдемі ғой әр сабағы,
Қызық-ау, әсіресе ән сабағы.
Шарипа Шара болып би билесе,
Күлипа Күләш болып ән салады.
Ажар: Шіркін, сурет сабағы,
Ауылды еске салады.
Мың құбылтып бояймын,
Туып-өскен даланы.
Ұлту: Қызыл бояу-қызғалдақ,
Сары бояу-сарғалдақ,
Жасыл бояу-жайлауым,
Іздеп барар армандап.
Өрбол: Гүл өсірсең, терлеп,
Мұның аты-еңбек.
Кесте тіксең, зерлеп,
Мұның аты-еңбек.
Қырға шықсаң, өрлеп,
Мұның аты-еңбек.
Сабағыңа жөндеп
Әзірленсең-еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.
Анатолий: Учит нас она считать и фигуры познавать,
Понимать значенье «равной»,
«Больше», «меньше» узнавать.
София: В дорогу девчонки, в дорогу мальчишки,
По лесенке знаний шагайте смелей.
Чудесные встречи и добрые книжки,
Ступеньками будут на ней.
По лесенке этой вы сможете скоро,
Достичь недоступной морской глубины.
Спуститься под землю ,взобраться на горы.
И даже дойти до луны.
Крутые ступеньки на лесенке будут,
Но выверен точный заветный маршрут.
Как подружить вас с удивительным миром,
Которое знаньем зовут.
Ақбота: Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең қасыңнан.
Бар ғылым саған үйір болады,
Досың солар, табылатын қасыңнан.
Мереке: Өз тілінде сөйлеп өсті сан ұрпақ,
Қазақ тілі көгімдегі шамшырақ.
Қазақ тілі болашаққа жетелеп,
Ұрпақтарын танытады әлемге.
Нұрберген : Қазақ тілі мемлекеттік тіл болды,
Мәртебесі көтеріліп нұр қонды.
Ұзақ өткен кезеңде ей, қазақтар,
Таза тілмен сөйлейтін уақыт болды.
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.Көрнекілігі: интербелсенді тақта , тапсырмалар, мақал-мәтелдер.Түрі: сайысБарысы:Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар !
Бүгінгі біздің 1 «а» сыныбында өтетін «Зерде» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер!
Қане, балалар, бүгінгі ойынымыз көңілді, қызықты өту үшін бәріміз бірге дайындық жасап, мына өлең жолдарын айтып жіберейікші.
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді,
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Тамаша болсын бүгінгі күн !
Мұғалім: - Балалар, көңіл күйіміз қандай болып кетті?
Оқушылар: - Көңілді.
( Оқушыларды екі топқа бөліп отырғызу)
Тауды биік деме сен, Талаптансаң шығарсың. Жауды мықты деме сен, Білімді болсаң жығарсың - дей келе, ендеше
«Зерде» ойынын бастайық. Достық пен бірлікті етіп тұлға,Жеңіске жеткен едің талай сында.Қара қылды қақ жарып әділ қазым,Еңбегін тапқырлардың әділ сына - деп әділқазы алқасымен таныс болайық. Бүгінгі өтетін сайысымыз келесі кезеңдерден тұрады:1. Таныстыру2. * Бір сөзбен айту* ойыны3. Математик4. Қалт етпей, қағып ал, жауабын тауып ал. 5. Тездет, бірақ қателеспе!6. * Жедел жауап* Көрермен жиналған бұл тамашаға, Құр қарап жай отыру жараса ма? Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес Соқ қолыңды білімді, дарындыға!- Ендеше , ойыншылар өздерін таныстырып өтсін.Әр оқушы өзінің аты-жөнін айтып , топтарымен таныстырып өтеді.І * Таныстыру* кезеңіІ топ «Бірлік» Ұраны: Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз – еңбектену,
Тапсырманы тез орындап,
Жеңіске қолды жеткізу.ІІ топ «Алғырлар» Ұраны: Кел, балалар, ойнайық!
Ойнайық та ойлайық ,
Қандай тапсырма болса да,
Шешпей оны қоймайық!
2. * Бір сөзбен айту* ойыны ( Берілген сөздерді оқушылар бір сөзбен айту керек )І топ «Бірлік»
Қыркүйек, қазан, қараша – айлар.
Шеге, балға, ара – саймандар.
Арыстан, түлкі,аю – аңдар.
Атырау, Ақтау, Көкшетау -қалалар.
Шырша, емен, терек – ағаштар.
Қарға, сауысқан, бүркіт – құстар.
Автобус, трамвай, трактор- көліктер.
Кесе, қасық, табақ – ыдыстар.
Үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш – пішіндер.
Сәбіз, қызылша, қияр- көкөністер.
ІІ топ «Алғырлар»
Қосу, азайту, тең – таңбалар.
Үстел, орындық, диван-жиһаздар.
Маса, сона, қоңыз- жәндіктер.
Жауқазын, бәйшешек, түймедақ-гүлдер.
Самат, Қанат, Талғат- есімдер.
Доп, қуыршақ, зырылдауық-ойыншықтар.
Алма, өрік, шабдалы-жемістер.
Жаз, күз, қыс-мезгілдер.
Құлын, қозы, бота-төлдер.
Ақшыл, көкшіл, сарғылт-түстер.Ойланайық азырақ, уақытымызды үнемдеп,Кім шығады кәнеки, жауабын мен білім деп? 3 кезең * Математик * Бос шаршының орнына тиісті таңбаларды қою *+*, *-*.І топ «Бірлік» ІІ топ «Алғырлар»
4+2 =6 6+1=7 2+5=7 6+0=67 - 2 =5 3+2=5 4-1=3 6-2=46- 0 = 6 5 – 3=2 3+1=4 7-5=23+3=6 7 – 2=5 6-6=0 2+2=45-4=1 0+2=2 5-3=2 1+5=6
4 кезең «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал».Логикалық тапсырма суреттер бойынша беріледі.
5. * Тездет, бірақ қателеспе!* Цифрмен белгіленген әріптерді пайдаланып сөздер құрастыр. 5 минут уақыт беріледі.
6. кезең * Жедел жауап* . Жұмбақтар шешу.
1. Алдына келесің,
Өзіңді көресің. ( Айна)
2. Әрқашан таң атпай,
Оятады сағаттай. (Әтеш)
3. Ақ көбік боп көпірер,
Кірдің бәрін кетірер. (Сабын)
4. Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (Кітап)
5. Қара сиырым қарап тұр,
Қызыл сиырым жалап тұр. (Қазан мен от)
1. Жаны бар тізбек тікен,
Кім бәрін тізбектеген. (Кірпі)
2 .Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады. (Аяз)
3. Отқа жанбас,
Суға батпас. (Мұз)
4. Аяғы бар, басы бар,
Арқалаған тасы бар. (Тасбақа)
5 .Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен. (Су )
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін қазыларға берелік.
Арамызда білімді достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік – деп , бүгінгі сайысымыздың қорытындысын айтуға қазыларға сөз кезегін берейік. Құрметті ұстаздар, оқушылар ! Осымен бүгінгі «Зерде» интеллектуалды ойынымыз да өз мәресіне жетті. Көңіл бөліп келгендеріңізге рахмет!
Тақырыбы: «Зерде» интеллектуалды ойыныМақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді жан-жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.Көрнекілігі: компьютер, экран, ұпай көрсетілген қағаздар.Барысы:Армысыздар, бүгінгі кешке жиылған математиканы сүюші қауым! Бүгінгі біздің «Зерде» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер!Білімменен тәнті етеді тектілер,Мұратына білім қалды жеткізер.Бар ізгілік тек біліммен алынар,Білімменен аспанға жол салынар.,- дей келе «Зерде» ойынын бастайық. Ендеше сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерді қошеметпен ортаға шақырайық.Достық пен бірлікті етіп тұлға,Жеңіске жеткен едің талай сында.Қара қылды қақ жарып әділ қазым,Еңбегін тапқырлардың әділ сына – деп әділ қазы алқаларын сайлап алайық.Сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады:1. Таныстыру2. Бәйге3. Жеті әлем4. Қалт етпей, қағып ал, жауабын тауып ал.5. Логикалық есептер.6. Жазбаша сауалнама1. Көрермен жиналған бұл тамашағаҚұр қарап жай отыру жараса ма?Туыс, досқа сыныптас, танысқа емесСоқ қолыңды білімді жас талантқаЕндеше ойыншылар өздерін таныстырып өтсін.4а « Қыран тобы»4ә «Тұлпар тобы»4б «Сұңқар тобы»Ойланайық азырақ, уақытымызды үнемдеп,Кім шығады кәнеки, жауабын мен білім деп?2. Ойынымыздың келесі кезегі «Бәйге» бөлімі:Бұл бөлімде 30-дан бастап 50 аралығындағы ұпайларға арналған сұрақтар жасырылған. Ұпай ұяшықтарын таңдап, берілген сұраққа жауап бері керек. Дұрыс жауап болса, таңдаған ұпайды алады. Жауап бере алмаса келесі топ жауап беруге болады, ол ойыншы таңдалынған ұпайдан 10 ұпай кем алады. Солай ойын жалғаса береді. Таңдау кезегін бірінші болып 4 сынып оқушыларына берейік.Сол жақтағы 20. Айналадағы дүние тұстары нешеу?Ортадағы 30: Басталатын нүктесі бар сызық./сәуле/Оң жақтағы 30: Шаршының периметрі 44см, қабырғасы неше тең?/11см/Сол жақтағы 40: Інісінің 14 асығы бар, ағасының одан 5 асығы артық. Екеуінің неше асығы бар?/33 асық/Ортадағы 40: Бұл ұпайды таңдаған ойыншыға 10 ұпай қосылады. Тағы таңдау құқығына ие болады.Оң жақтағы 40: Қайрат Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкені қайсысы? /Ажар/Сол жақтағы 50: Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?/0 саны/Ортадағы 50: Ең кіші төрт таңбалы сан. (1000)Оң жақтағы 50: Үш тауық 3 күнде 3 жұмыртқа табады. 12 тауық 12 күнде неше жұмыртқа табады?(12/22)3. Сайысымыздың келесі бөлімі «Жеті әлем» Бұл ойында әр жеті пәннен тапсырма беріледі.Математика:1 сұрақ. Егер сан 0, 2, 0, 4, 6, 8 цифрларынан аяқталса, онда ол бөлінеді нешеге? /2-ге/2сұрақ. Қандай сан натурал сан болмайды? /0 сан/3 сұрақ. Ешқашан қиылыспайтын түзулер / параллель/Қазақ тілі1-сұрақ Күрделі баяндауышы бар сөйлемді тапАйнұр кітап оқыды.Дәурен ертегіні қызыға тыңдап отыр.2 -сұрақ Қай дауысты дыбыс әрі жуан, әрі жіңішке дауыстыға жатады? (у)3 -сұрақ Байсалды сөзіне қарама-қарсы сөзді тап.Ағылшын тілі1. сұрақ Ағылшын тіліндегі ператтын аты:1. 2. Бейне сұрақ. chiken, milk, ice cream, rice осы сөздердің қазақша аудармасын ата?Дүниетану.1- сұрақЖаңбырдан кейін ағаш, томардың қай жақ беткейі тез кебеді?2-сұрақ: Судың жер бетін тілімдеп, жырып кетуінен не пайда болады?3-сұрақ: Мұнай – газ кен оны деген не?Орыс тілі1-сұрақ: Назави гласные звуки: а, в, г, о, и, л, м, у, р, с, е, э, х, ф, я.2-сұрақ. Что такое антонимы?Музыка1-сұрақ Елімай жыры қай жылы пайда болған?2-сұрақ Құрманғазының күйлерін ата: Кісен ашқан,.......3-сұрақ Домбыраның неше пернесі бар?Ана тілі1-сұрақ Әліппенің атасы кім?2-сұрақ Батырлар жырын ата:...............3-сұрақ Шоқан Уәлихановтың шын аты:..............4. Логикалық есептер.1-сұрақ Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда тырна 2кг болады. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы қандай болады?2- сұрақ Нұртуған мектептен үйге дейінгі қашықтықты адыммын өлшеді. Ол қос – қостан72 рет және үш-үштен 27 рет адымдады. Нұртуған қанша адым жасаған?А) 81 в) 99 с) 144 д) 2253 -сұрақ Логикалық сұрақ. 35 санының соңғы цифрын өшірсек, ол қанша бірлікке азаяды?/32/4- сұрақ Сандары белгілі бір байланыспен орналасқан. Сандар байланысы ерекшелігін тауып қатарды жалғастыр:9, 7, 10, 8, 11, 9, 12,... /10, 13, 11.../5 -сұрақ. Ауылда 3күн, 3түн боран соқты. Неше тәулік боран болды?6- сұрақ. Бес бұтақты ағаштаБұтақ сайын бес алма.Біреуін бер алашқаҚалады сонда қанша алма. /24/7-сұрақ. Бір бірімен жарысқа Төрт аю, бір арыстан Екі қой мен бір түлкі Бәрі нешеу кім білді?/сегіз/8-сұрақАлпыс төрт бөлмедеОтыз екі тұрғын бар.Ақ, қарағып бөлгенде,Бірін-бірі қуғандар,Ханы үшін де, жаны үшін деБермейді олар намысын. /шахмат/5. Келесі бөлім «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал»230002+3202006 см =? Мм5000х30111111х35т =? Кг105х401260х725км/сағ х 6сағ =? Км2500х6010356-64545км: 5сағ =? км/сағ6. Жазбаша сауалнамаШарты: Әр топ басшылары берілген бетшелерді таңдайды. Таңдаған тапсырмаға 8 мин дайындалады.1. 127 жылқысы бар үйірден келесі үйірге үштен бірін және екеуін айдап әкетті. Сосын қалған жылқылардың жартысын әкетті. Қанша жылқы қалды?А) 16б) 11с) 6 д)8 2. Сөз тіркесі қатарын тап.а) Талпынған балав) Егін пісті.г) қоңырау соғылды.с) Жаңбыр жауды3. Асан 600г тосапты 6 минутта жейді, ал Үсен оған қарағанда 2есе тез жейді. Екеуі бірігіп осы тосапты қанша уақытта жейді?А) 1минб) 2минв) 3минг) 4мин4. Картада қаланы қандай шартты белгімен көрсетілген?а) Текше.б) Тең жартысы бойалған дөңгелекв) Дөңгелекг) Қосу белгісі.5. Бір біріне қарама-қарсы келе жатқан пойыздардың ара қашықтығы 1200 км. Бір пойыздың жылдамдығы 58км /сағ. 3 сағаттан кейін бұлардың арақашықтығы қандай болмақ?А) 810кмв) 910кмс) 390 д) 820км6. Шахтадағы көмір өндіретін орынның аталуы:а) Қуақаздарб) Забойв) Кен орныг) КарьерСайыскерлердің қорытындысын шығарғанша көрермендерге викториналық сұрақ:Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр?7 ыдыста тосап болды. Сонда бір ыдысқа неше кг тосап құйылған?Отбасында жеті қыз және әр қайсысында бір-бірінен інісі бар. Отбасында неше бала бар? /8/Астана қай өзеннің бойында орналасқан?Өсімдік мүшелерін ата?«Зерек интеллектуалды ойынымызды аяқтаймыз. Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.Осымен сайысымыз аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет!