Буыная?тылар типі. Шаянт?різділер класы. ??рлысыны? ерекшеліктері. ?оректенуі. Тыныс алуы. К?бейуі.
Алматы қаласы Медеу ауданы № 172 мектеп – гимназиясының, биология пәні мұғалімі Шалгинбаева Динара Абдуллаевна қысқа мерзімді жоспары
Пәні биология Сыныбы 7 Сабақ 26
Сабақ тақырыбы:
Буынаяқтылар типі. Шаянтәрізділер класы. Құрлысының ерекшеліктері. Қоректенуі. Тыныс алуы. Көбейуі.
Жалпы мақсат:
Шаянтәріздестердің тіршілік әрекеті, құрылыс ерекшелігі,көптүрлілігі туралы оқушының өз бетімен меңгеруге мүмкіндік туғызу
Сілтеме:
Білім туралы Заң, биология оқыту бағдарламасы. Биология оқулығы 7-сынып электронды оқулық мәліметтері.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
● тапсырмалардың өзгергенін түсінеді;
● тапсырмаларды орындауға арналған нұсқаулықтарды қолданады;
● буынаяқтылар типіне жалпы сипаттама. Шаянның ішкі, сыртқы құрылысы, асқорытуы, тынысалуы, қантарату, зәршығару, жүйке жүйесі,
көбеюі, шаянтәрізділер класы туралы толық мәлімет алады
Негізгі идеялар:
● топпен жұмыстарды ұйымдастырады
● өзара әрекет арқылы бір-бірімен кеңесу,оқушылардың шаяндар тақырыбы бойынша түсініктерін одан әрі дамыту.
● оқушылардың кеңейтілген тапсырмаларды тиімді орындауын жүзеге асыру
Сабақта қолданылатын құрал – жабдықтар: Жануарлардың тұлыптары, суреттері, ішкі мүшелерінің ылғалды препарпттары, жеке қауырсындары, қаңқасы, оқулықтағы т.б суреттер. Үлестірмелі материалдар.
Оқыту әдістері: 1,2,3,4,5,6,7 модульдер.
Дерек көздері:
Электрондық оқулық 7-сынып , слайдтар.
Тапсырмалар:
Жұптық, топтық.
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс – әрекеті:
І. Сыныпты топқа бөлу, снып ахуалын қалыптастыру.(5 мин)
Мұғалім іс – әрекеті:
-Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді.
-Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады
Сабағымыздың ұраны:
-Сынып назарын сабаққа аударады, суреттер бойынша топқа бөледі
-бағалау парағын сабақтың алдында топтарға үлестіреді;
-топтың ережесін тақтаға іледі
Оқушының іс – әрекеті:
«Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің!»
Оқушылар сурет арқылы өз топтарын тауып орындарына отырады.
Бағалау парағымен танысады.
ІІ. Уй тапсырмасын сұрау. Жаңа сабақты меңгеруге дайындық (5 мин)
Мұғалім іс – әрекеті:
«Ой қозғау»
10 сұрақтан тұратын «Ұлулар типі» тақырыбынан алынған тест тапсырмаларын орындауға береді;
-оқушылардың тапсырмаларды орындауын қадағалайды;
-жауап қорытындысы бойынша, бағалау парағына бағаларын түсіртеді
Жаңа сабақ «Іздену»
Сабақтың мақсатын айқындау үшін берілген сөздердің жанына рет санын қойып анықтама беріңіздер
Оқушының іс – әрекеті:
Оқушылар алдарына таратылған тест парағын белгілейді. Қасындағы оқушымен алмасып тест жауабын тексереді және бағаланады.
Жаңа сабақ «Іздену» барысында алдарына берілген сөздерді құрастырып сөйлем шығарады.
Тақырыпты оқушылар өздері ашады.
ІІІ. Топпен жұмыс(10 мин)
Мұғалім іс-әрекеті
«Мағынаны тану»
1-топтың тапсырмасы
Өзен шаянының сыртқы құрылысы.
2- топтың тапсырмасы
Шаянның ішкі құрылысы, асқорыту, жүйке
және жыныс жүйелері
3-топтың тапсырмасы
Шаянның ішкі құрылысы, қан тамырлары және зәр шығару жүйелері
4-топтың тапсырмасы
Шаянтәрізділердің тіршілік ортасы, қозғалуы және табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы
Оқушының іс-әрекеті
Оқушылардың алдына берілген шаянның құрлысын өз - беттерімен кітаптан іздене отрып белгілейді.
Тақтадан дұрыс, бұрыс екенін көреді. Ойларын толықтырады.
ІҮ. Шығармашылық тапсырмалар жұппен орындалады(10 мин )
Мұғалім іс – әрекеті:
«Ой дамыту». Постермен жұмыс жасау
Топтарға тапсырмаларды орындату арқылы
«100 жылдан кейін шаяндарда қандай эволюциялық өзгерістер болуы мүмкін?» деген сұрақ қояды
Оқушының іс – әрекеті:
Оқушылар негізгі ойларын ортаға салып, жауап-тарын постерде сурет, кескіндеу, сызба арқылы салады,түсіндіреді, қорғайды
Ү. Қорытындылау (5 мин)
Мұғалім іс – әрекеті:
Бунақденелер типіне жататын жәндіктер.
Қорыту барысында кесте таратылады. Оқушының іс – әрекеті:
Оқушылар кестені кітаптан іздене отырып толтырады. Келесі сабақтың тақырыбымен қысқаша танысып өтеді.
Үйге тапсырма: Өзен шаянының сызбасуретін дәптерге салу,шаяндардың арғы тегі туралы мәліметтер жинап келу
ҮІ. Бағалау(5 мин)
Мұғалім іс – әрекеті:
Критериялды бағалау Оқушының іс – әрекеті:
Өзін – өзі, өз тобын, басқа топтарға баға беру
ҮІІ. Рефлексия(5 мин)
Мұғалім іс – әрекеті:
«Екі жұлдыз бір тілек» әдісі Оқушының іс – әрекеті:
Өзінің бүгінгі сабақтан алған әсерімен бөліседі беретін бағасы немесе пікірі.