Конспект по казакскому языку на тему «Ы.Алтынсарин. ?зен


Сынып: 3Пән: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин. ӨзенМақсаты:Білімділік: Оқушыларды өлеңнің мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру. Дамытушылық: Өлеңді түсініп мәнерелеп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға,сүйе білуге тәрбиелеу.Типі: аралас сабақТүрі: дәстүрліӘдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, мадақтау Көрнекілігі: кітап, дәптер,Ы.Алтынсарин суреті,өзен.суреттері,физ.карта
Кезең Өту барысы
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Үй жұмысын тексеру
Сергіту сәтін өткізу
Жаңа сабақты ашу
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Бекіту
Қорытынды
Бағалау
Үйге тапсрыма
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Көңіл күйлерің қалай? Жақсы дем алып келдіңдер ма?
Сабағымызды мына өлең жолдармен бастайық!
Біз бейбіт ел ұланы,
Өнер –білім –қраны.
Алдымыздан жақсы арман
Күлім қағып тұрады.
Қайталау.
Өткен бөліміміз неліктен «Жақсы-ай мен күндей,әлемге бірдей» деп аталған?
Ендi бiз демаламыз,
Айналаны шоламыз.
Қол-аяқты кезекпен,
Оңға-солға созамыз.
Күн шыққанда сүйiнiп,
Бәйшешектей иiлiп,
Бiз тынығып аламыз.
Жиi-жиi жаттығып,
Үлкен кiсi боламызҚазақстандағы қандай өзендерді білесіңдер?
Біздің аулымыздағы өзен қалай аталады?
Балалар Ыбырай Алтынсарин кім?
Біз оның қандай өлеңдерін білеміз?
Ыбырай Алтынсарин 1841 — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.
Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген.
1876 жылдан бастап "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды.  "Қазақ хрестоматиясы" балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырылды.
Өлеңмен таныстыру. Өлеңді бір оқушыға мәнерлеп оқыту.
Өлең не туралы?
Ақын өзенді қалай суреттеген?
Ақынның «сарқыраған», «жарқыраған», «арқыраған» деген сөздері неге қатысты?
Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай?
Адамдар неліктен суды құрметтейді?
Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту.
Өзеннің суретін салыңдар.
«Тас тастан алтын таста сынамаққа.Сонда да аққан өзен қабында» деген жолдардан не түсіндіңдер?
Судың адам өміріндегі маңызы қандай?
Өзеннің ше?
Өлеңнің мазмұны түсінікті ме?
Мына жұмбақтармен сабақты аяқтаймын.
Сабаққа жақсы қатынасқан оқушыларды мадақтау?
176 бет өлеңді жаттау
Күні:05.04.2016 ж.
Сыныбы:3
Пәні:ана тілі
Тақырыбы:Ж.Аймауытов «Торғай»
Мақсаты:
1.Оқушыларға Ж.Аймауытов туралы мәлімет беру. Әңгіменің мазмұнын ұғындыру.
2.Сөздік қорын,ойлауын,елестету қабілеттерін дамыту.
3.Қоршаған ортаны аялай білуге ,адамгершілікке,сыпайлыққа тәрбиелеу.
Әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгіме.
Түрі:жаңа білімді меңгерту,
Көрнекілік: Ж.Аймауытов суреті,құстардың ағаштардың суреттері.
Кезеңдері Өту барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасы
Сергіту сәті
Жаңа сабаққа
кіріспе
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Қорытынды
Бағалау
Үйге тапсырма
-Сәлеметсіздерме,балалар!
-Жақсы отырыңдар.
-Ал,енді үйге қандай тапсырма берілді?
Ы.Алтынсаринныің «Өзен» өлеңін жатқа айту.
Жапырақтай жайқалып,
Табиғатты сүйеміз
Көк аспанда шалықтап,
Құстай ұшып,самғаймыз.
Балалар табиғатты қорғау дегенді қалай түсінесіңдер?
Ал,балалар біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз Ж.Аймауытов «Торғай» әңгімесі.Мен сендерге Ж.Аймауытов жайлы қысқаша түсіндіріп өтемін,сендер мені мұқият тыңдаңдар.
Қазақтың аса көрнекті жазушысы, ғалым,қоғам қайраткері Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы Павлодар облысының Баянауыл өңіріндегі Қызылтау маңында дүниеге келген. Ол 13-14 жасынан қисса, дастан жаттап,өлең шығара бастаған. Әншілік өнері, композиторлық қабілеті де болған. Оның әйгілі
« Ақбілек» деген романы бар. Ж.Аймауытов балаларға арнап ертегілер,әңгімелерге жазған.
Балалар сендер торғайды блесіңдер ма?
Олардың қандай пайдасы бар?
Торғайдың оншақты түрі бар.Біздің елімізге жылы жақтан ең бірінші ұшып келетін осы құс.Оны білмейтіндер кемде-кем.Мектеп оқулықтарында суреті жиі ұшырасады.Біздегі сары тұмсық қара құстың әні де қызық.Кейбір әндердің әуені,иттің үрігені,қарғаның қарқылы,адамның күлкісі-бәрін-бәрін айнытпай салатын да осы торғайлар. Өзі адамға да үйір.
Сүйкімді.Жем беріп,қолға үйретіп алуға да болады.Талай ақындардың жырына,сал-серілердің әніне де арқау болған осы қараторғай,бозторғайлар.
-Мұнда бізге Ж.А-тың «Торғай әңгімесі берілген.
Назар салып тыңдаймыз.Әңгіменің мазмұнымен таныстыру.
Сұрақ жауаптармен толықтыру.
Ж.Аймауытов кім болған?
Оның қандай дарыны болды?
Торғай неге шырылдады?
Ол қандай қалыпта тұр?
Торғай Ақбілектің алдында неліктен ағып түсті?
Ол неге безек қағып ,жанталасты?
Бозторғайға шұқшиған жыланнаң түрі қандай?
Бозторғай ажалдан қалай құтылды
Ал,енді оқулығымызды ашамыз.
Мәтінді неше бөлікке бөлуге болады?
Мәтінді бөлікке бөліп оқып, әр бөлікке ат қоямыз.
Балалар,енді дәптерімізді ашамыз бүгінгі ай-күнді жазып қоямыз.
Дәптерге мәтіндеге өздеріңе ұнаған сөз тіркестерін жазып алыңдар.
Ж.Аймауытовтың тағы басқа қандай шығармалары бар?
Ол қайда қаза болды?
Әңгіме неге «Торғай» дер аталған?
Мәтінге тағы қандай ат қояр едіңдер?
Ақбілектің ойына бала кезіндегі қандай әңгіме түсті?
Ақбілек неге қуанды?
Балаларды бағалау.
178 беттегі әңгімені түсініп оқып,мазмұндау.
-Сабақ аяқталды,сау болыңдар!
Күні: 07.04.2016 ж.
Сынып: 3
Пәні: Ана тілі
Тақырыбы: М.Сүндетов.Қайырымдылық
Мақсаты:
1. Оқушыларға әңгіменің мазмұны туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың мәтінмен жұмыс барысында ой-өрісін, түрлі тапсырмалар
арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытып, пәнге деген қызығушылықтарын
арттыру.
3. Оқушыларды қайырымдылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас
Сабақ түрі: дәстүрлі
Әдісі: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу,сұрақ–жауап,көрнекілік.
Көрнекілігі: М.Сүндетов суреті, суреттер, сызбалар,үлестірмелі қағаздар.
кезеңдері Өту барысы
Ұйымдастыру
кезеңі
Психологиялық дайындық
Үй жұмысын тексеру
Жағдаяттар шешу

Жаңа сабақ
Мәтінмен жұмыс
Сергіту сәті
Бекіту
Дәптермен жұмыс
Шығармашылық жұмыс
Қорытынды
Бағалау
Үйге тапсырма
–Сәлеметсіздер ме, балалар!
-Бүгінгі сабақты бастамас бұрын мына өлең жолдарын айт
ып шығайық. Мен айтамын сендер менін соңымнан қайталаңдар.
Бізге ашық күн керек
Аспан керек мөп-мөлдір
Қуанышқа тұр бөлеп
Бақытты өмір төккен нұр.
Жеңдіріп біз ашуды
Ақылға әркез келеміз.
Азамат боп ер жетіп,
Ағаларға ереміз.
Жарайсыңдар балалар. Орындарымызға отырамыз.
Үйге қандай тапсырма берілді?карточкамен жұмыс:
Торғай әңгімесі кімнің әңгімесі?(Ж.Аймаутов)
Ж.Аймаутов кім болған?
Торғай әңгімесі не туралы?
Торғай не себепті қорқып бір орында тапжылмай тұрды?
Бозторғайға кім көмек берді?
Бозторғай неліктен ащы дауыспен шырылдады?
Ақбілек торғайды аман алып қалу үшін не істеді?
Ақбілек торғайды аман алып қала алды ма?
(Суреттері лініп тұрады.)
1.Мына суретте нені көріп отырмыз?(қызы мен анасы)
2.Ал екінші суретте ше?(2 дос)
3.үшінші суретте ше?(мұғалім мен оқушы)
(балалар ат қояды,талдайды.Әңгімелеп береді)
Автобусқа бала және бір қария кісі кіріп келді. Бала бос тұрған орынға тездетіп отыра қойды. Ал қария кісі орын болмаған соң тұрып тұрды. Бала улкен кісіге орын бермеді?
Баланың ісі дұрыс деп ойлайсыңдар ма?
Бала қайырымды іс істеді ме?
Оқушылар жағдаяттарды талдап әңгімелейді.
Қайырымдылық дегеніміз не?
Сендер қандай қайырымды істер жасадыңдар?
Кімдерге істедіңдер?
Сендерге достарың немесе ата-аналарың қайырымды іс істеді ме?
Қайырымды адам дегеніміз кім?
Демек олардың барлығы қандай адамдар екен?
(қайырымды)
Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Қайырымдылық». Кітабымыздың 251-бетін ашамыз.Мәтінге назар аударамыз
Бір оқушыға оқыту.
Бұл мәтін кім туралы?
Мұхтар қандай бала?
Күнде сабаққа барар алдында Мұхтарға анасы не деуші еді?
Ол күні Мұхтар неге үйіне кір-қожалақ болып барды?
Мұхтардың істегі дұрыс теп ойлайсыңдар ма?
Неліктен?
Ал қарқ-қарқ күліп ойнап жатқан балалардың ісі ше?
Мұхтар кір-қожалақ болып келгенде анасы не деді?
Кішкене сергіп алайық.
Орнымыздан тұрамыз,
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біздер тату боламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Енді осы мәтіннің астындағы сұрақтарға назар аударай-
ық.
1.Мұхтардың іс-әрекетіне баға бер. Мұхтардың орнында сен болсаң не істер едің?
2.Мәтіндегі оқиғаға сүйеніп, «Қайырымдылық деген не?» сұрағына жауап бер. Қайырымдыққа тағы не жатады?
Дәптерімізді ашып бүгінгі күнді жазамыз. Наурыздың3-і.
Мұхтар қандай?(әдепті, қайырымды,қамқор, батыл,ақылды
Таза,ұқыпты тб)
Дәптерімізге өзіміздің істеген қайырымды ісіміз жайлы өзіміздің ойымыздан шағын ғана эссе жазамыз.
Бүгін біз сабақта не істедік?
Қандай мәтінмен таныстық?
Бұл мәтін кім туралы?
Мұхтар қандай бала екен?
Сендер Мұхтардың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
Қайырымдылық дегеніміз не екен?
Сендер қандай қайырымды іс ісдіңдер?
Сендерге кімдер қайырымды іс істеді?
Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі сабаққа белсене қатыстыңдаң,барлығыңа жақсы деп бағалаймын.
Үйге 179-180 беттегі М.Сүндетовтың «Қайырымдылық» мәтінін оқып, мазмұндауға дайындалып келеміз.
Күні : 08.04.2016 ж.Сынып: 3Пән: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Ә.Қоңыратбаев.Киіктің айласы Мақсаты:Білімділік: Оқушыларды әңгіменің мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру. Дамытушылық: Әңгімені түсініп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға,сүйе білуге тәрбиелеу.Типі: аралас сабақТүрі: дәстүрліӘдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, мадақтау Көрнекілігі: кітап, дәптер,Ә.Қоңыртаевтің суреті,киіктің суреттері,жұмбақтар.
Кезең Өту барысы
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Үй жұмысын тексеру
Сергіту сәті
Жаңа сабақты ашу
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Бекіту
Қорытынды
Бағалау
Үйге тапсрыма
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Көңіл күйлерің қалай? Жақсы дем алып келдіңдер ма?
Сабағымызды мына өлең жолдармен бастайық!
Біз бейбіт ел ұланы,
Өнер –білім –ұраны.
Алдымыздан жақсы арман
Күлім қағып тұрады.
Үйге 179-180 беттегі М.Сүндетовтың «Қайырымдылық» мәтінін оқып, мазмұндауға берілген.
Секіреміз топ-топ,
Шапалақтап көп-көп.
Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,
Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.
Тақтада сандар берілген. Осы сандарды ретімен қойсаңдар, бүгінгі күнгі жаңа тақырыптың аты шығады.10 - к30 - і 20 - и 70 - ң, 80 - а 130 - ы40 - к 50 - т 60 - і 90 - й 100 - л 110 - а 120 - сК и і к т і ң а й л а с ыӘуелбек Қоңырбаев
1905 жылы Қызылорда облысында дүниеге келгенӘдебиет зерттеуші, сыншы, ғылым докторы,Педагогикалық оқу орнында қызмет атқарған.«Сұр көжек», «Ғ. Мұратбаев туралы естелік, «Қозы Көрпеш»жырын. «Қорқыт ата кітабын» қазақ тіліне аударған.
Бүгін Ә.Қоңырбаевтың «Киіктің айласы» әңгімесімен танысамыз.
Біз дүниетану сабағынан аңдар мен жануарлар туралы олардың қорғаныу тәсілдерімен таныспыз. Әрбір жабайы аң мен жануарлардың жауларынан сақтанатын қару-құралы немесе айла-тәсілі болады.
Әңгімемен таныстыру.Мазмұнын түсіндіру.
Сұрақтармен пысықтап өту.
Киіктер неге жосып жөнелді?
Киіктің бір текесі он шақты қасқырды қалайша алдап кетті?
Оқушыларға мәтінді оқыту.
Мәтінге сүйене отырып аң мен жануарлардың жауларынан сақтанатын қару-құралын,айла-тәсілін айтыңдар.
Топтасыру. Киік туралы не білесіңдер,соны жазыңдар.
Баласын құралай дейдіКөзі әдемі, аяқтары жіңішкеТанауы үлкенТаза су ішедіШөппен қоректенедіМүйізінен дәрі жасайдыЖауы көп
«Мақал - мәтелдер жалғасын тап» ойыны.1. Балығы болмаған ---- көл құрысын,Киігі болмаған ----- шөл құрысын.2. Тауда жүрген ---- киіктіңКөзінен өзге ----- айыбы жоқ.3. Қасқырдың ойлағаны ---- арамдық,Қойдың ойлағаны --------- амандық.4. Қасқыр тойғанына емес, ------ қырғанына мәз.
Мәтіннің авторы кім
Қасқырлардың қаруы не?Мәтінде қай мезгіл суреттелген?Ақбөкеннің сүйенері не?Ақбөкен қандай үй жануарына ұқсайды?10. Теке өзінің үйірін қасқырлардан несі арқылы құтқарды?
Оқушыларды мадақтау
181-182 беттегі әңгімені оқып келу.
Күні : 11.04.2016 ж.Сынып: 3Пән: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы:С.Мұханов.Көкшенің көрнісіМақсаты:Білімділік: Оқушыларды әңгіменің мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ашып түсіндіру.. Дамытушылық: Мәтінді түсініп мәнерелеп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға,сүйе білуге тәрбиелеу.Типі: аралас сабақТүрі: дәстүрліӘдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, мадақтау Көрнекілігі: кітап, дәптер,С.Мұқанов суреті,суреттер.
Кезең Өту барысы
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Сергіту сәті
Үй жұмысын тексеру
Жаңа сабақты ашу
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Бекіту
Қорытынды
Бағалау
Үйге тапсрыма
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Көңіл күйлерің қалай? Жақсы дем алып келдіңдер ма?
Сабағымызды мына өлең жолдармен бастайық!
Жайнатар кең өлкені,
Болашақтың ертеңі,
Біз бақытты балдырған
Ата-ананың өркені.
Ал, балалар, тұрайық.
Алақанды ұрайық
Оңға қарай иiлiп
Солға қарай иiлiп
Бiр отырып, бiр тұрып,
Бойымызды созайық
Белiмiздi жазайық.
Оңға-оңға түзу тұр
Солға-солға түзу тұр
Жоғары-төмен қарайық
Қолымызды созайық
Бойымызға күш жинап
Бiр шынығып алайық.
181-1801беттегі Ә.Қоңыратбаевтің «Киіктің айласы» әңгімесін оқып,мазмұнын айту.
Көсілген Көкшетаудың даласынан,
Көк майса сансыз өлке саласынан
Шолақпен тете шыққан Қажымұқан
Оралған көк Есілдің жағасынан.
Сәбит Мұқанов-қазақтың аса көрнекті жазушысы.
Біз бүгін С.Мұқановтың «Көкшенің көрнісі» атты әңгімесімен танысамыз.
Балалар біз Көкше туралы тағы кімнің шығармаларымен таныспыз. С.Сейфуллиннің «Көкшетау» өлеңімен,
Көптеген ақындар,жазушылар Көкшенің кербез сұлу табиғатын барынша ән-жырға қосып жырлаған.
Әңгіменің мазмұнымен таныстыру.
Күмбез кеудесі аспанмен астасып:
-Кел! –
-Күмбезіме шық!-
-Көкке төбеңді тигізейін! –
-Күнге бетіңнен сүйгізейін!- дегендей болды Көкше.
Сұрақ жауаптармен пысықтау.
Жазушы Көкшенің көркін қалай суреттеген?
Неліктен Көкшенің гауһар тастан жасалған күмбезге,аспанға теңейді?
Мәтінді і оқушыларға мәнерлеп оқытып шығу.
Мәтіннен жазушының Көкшеге деген сүйіспеншілігін тауып жазамыз.
Көкшетауда қандай тарихи орындар бар?
Әңгіменің авторы кім?
Әңгіме қалай аталады?
Көкшенің көркін өте көркем етіп тұрған не?
Сабаққа белсенді қатынасқан оқушыларды мадақтау.
183-184 бет әңгімені түсініп оқып,мазмұнын айту.
Күні : 12.04.2016 ж.Сынып: 3Пән: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы:С.Сейфуллин.Ақсақ киікМақсаты:Білімділік: Оқушыларды өлеңнің мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру. Дамытушылық: Өлеңді түсініп мәнерелеп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға,сүйе білуге тәрбиелеу.Типі: аралас сабақТүрі: дәстүрліӘдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, мадақтау Көрнекілігі: кітап, дәптер,Сәкен Сейфуллин суреті,суреттер.
Кезең Өту барысы
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Үй жұмысын тексеру
Сергіту сәті
Жаңа сабақты ашу
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Бекіту
Қорытынды
Бағалау
Үйге тапсрыма
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Көңіл күйлерің қалай?
Сабағымызды мына өлең жолдармен бастайық!
Күн нұрындай көңліміз
Даладай кең пейліміз,
Мейрімге толы жүрегіміз
Біз қайрымды баламыз.
183-184 беттегі С.Мұқановтың «Көкшенің көрнісі» әңгімесін түсініп оқып,мазмұнын айту.
Шаршасаңдар, балалар,Қолдарыңды созыңдар.Саусақтармен ойнаңдар,Қолдарыңды сермеңдер.Денелерiң шынықсын,Саналарың тынықсын
Балалар сендер киікті білесіңдер ма?
Қазақтар киік деп атайтын, ақбөкен деп жазатын түз тағысы – шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Ауа – райына, жайылымының жағдайына байланысты қоныстарын кейде ауыстырып отырады.
Олар көктемнің кеш туатынын, қыстың қарлы боранды, суық болатынын алдын-ала болжап біледі, соған сәйкес тіршілік етеді. Киіктер жұп тұяқтылардың ең өсімталы, жылына бір рет лақтап, өсіп – өнеді. Лақтарын – құралай деп атайды. Жыл сайын мамыр айының 19-21 жұлдызы аралығында «Құралайдың салқыны» деп аталатын ауа райының құбылмалы кезеңі өтіп тұрады. Бұл күндері жаңбыр, кейде қар аралас жаңбыр жауып, температура суытады, салқын жел соғады. 
С.Сейфуллин –Қазақтың аса көрнекті ақыны, жазушысы, белгілі қоғам қайраткері.Ол қазіргі Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Туған халқының әдебиетін зерттеп,халық ауыз әдебиеті нұсқаларын жинаған. Халқына қалтықсыз қызмет еткен. Ол жалған жаламен ұсталып,дүниеден ерте кетті.
Бүгін біз С.Сефуллиннің «Ақсақ киік» өлеңімен танысамыз.Өлеңмен таныстыру.
Балалар, өлеңнің бастапқы жолдарында айтылатын Арқа, Бетпақдала туралы мәлімет бере кетейін.
Арқа, яғни, Сарыарқа Орталық Қазақстанды алып жатқан аймақ. Батысынан шығысына қарай 1200 км өңірді алып жатыр. Бетпақдала осы Сарыарқада орналасқан. батысы сазды, шығысы тасты, құмды, шөлді жер. Бетпақдалада ағын су жоқтың қасы. Бұл күндері аң - құстар мен жануар - жәндіктердің көптеген түрлеріне жайлы мекен. Бетпақтың даласында ширек гектар жер, аң - құс қорығы ретінде қорылады.. Онда елді мекен, өзен, көл де болмайды. Өсімдіктен жусан өседі.
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
Өзге аңға жануарды тең көрмедім,
Көздері мөлдіреген ақ бөкенді
Адамның баласынан кем көрмедім .
Сұрақ жауаптармен толықтыру.
«Бетпақ» қай жердің даласы?
Бетпақ даланы неге шөл деп атайды?
Киіктер қай жерде мекендейді?
Киікті тағы қалай атайды?
Ақын киіктің сұлулығы туралы не дейді?
Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту.
Суретпен жұмыс:
Суретке назар саламыз.
Суретте не бейнеленген?
Суреттегі киіктің халі туралы не айтасыңдар?
Сурет сендерде қандай көңіл күй туғызды?
Табиғатты қорғау дегенді қалай түсінесіңдер?
Өлеңнен киіктің сұлулығын бейнелейтін жолдарын тауып, дәптерлеріңе жазыңдар.
Киіктер неге азайып бара жатыр?
Киіктің пайдасы туралы өлеңде не айтылған?
Киіктің мүйізінен нелер жасалады?
С.Сейфуллин кім?
Өлең неліктен «Ақсақ киік» деп аталынған?
Біздің елімізде неліктен киікті қорғау талап етіледі?
Оқушыларды мадақтау
185 беттегі С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңін түсініп мәнерлеп оқып,қазақ халқының табиғатты қорғау туралы тыйым сөздерін жинасырып келіңдер.
Күні : 15.04.2016 ж.Сынып: 3Пән: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы:Б.Емельянов.БүркітМақсаты:Білімділік: Оқушыларды әңгіменің мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру. Дамытушылық: Әңгімені түсініп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.Типі: аралас сабақТүрі: дәстүрліӘдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, мадақтау Көрнекілігі: кітап, дәптер,Б.Емельянов портреті,бүркіттің суреттері.
Кезең Өту барысы
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Үй жұмысын тексеру
Сергіту сәті
Жаңа сабақты ашу
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Бекіту
Қорытынды
Бағалау
Үйге тапсрыма
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сабағымызды мына өлең жолдармен бастайық!
Болашаққа сенеміз,
Бәрін көріп келеміз.
Жақсы оқумен,еңбекпен,
Біздер жауап береміз.
185 беттегі С.Сефуллиннің «Ақсақ киік» өлеңін түсініп мәнерлеп оқып, қазақ халқының табиғатты қорғау туралы тыйым сөздерін жинасырып келу тапсырылған.
Аққу болып ұшамызКөлге келiп қонамызКөлдiң бетiн құшамызҚайта самғап ұшамыз.
Аспанда еркін самғайды,
Мекендеп шыңның қиясын.
Тыныштау жерді таңдайды,
Салады берік ұясын.
Мұздақтан болар төсегі,
Жартастан таңдап жатағын.
Балапан еркін өседі,
Қарсы алып таңның шапағын.
Б.Емельянов орыс жазушысы,композитор.1941 жылы сәуірдің 20-шы жұлдызында Хабарск өлкесінде көпбалалы отбасында дүниеге келеді.Оның әкесі теміржолда паровоз жүргізушісі болып жұмыс істейді.Оның балалық шағы Қазақстанның Көкшетау өңірінде өтеді.Ол бала күнінен музыкаға әуес болып өседі.Қазіргі күнде Москва қаласында жасайды, зейнеткер.
Бүгін орыс жазушысы Б.Емельяновтың «Бүркіт» әңгімесімен танысамыз.Балалар Бүркіттің білесіңдер ма? Ол қандай құс.
Бүркіт – HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D2%B1%D2%A3%D2%9B%D0%B0%D1%80%D1%82%D3%99%D1%80%D1%96%D0%B7%D0%B4%D1%96%D0%BB%D0%B5%D1%80" \o "Сұңқартәрізділер"сұңқар
тәрізділер отрядына, қаршыға  тұқымдасына жататын үлкен HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D2%B1%D1%81" \o "Құс"құс. Көбінесе тоғайлы және таулы жерде тіршілік етеді.
Бүркіт -Қазақстанда HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D1%80%D0%BC%D0%B0%D0%BD" \o "Орман"ормансыз және  шөл далалардан басқа барлық жерлерде кездеседі , бірақ сирек. Қыста көбіне оңтүстікке ұшып кетеді.
Көбінесе тоғайлы және таулы жерде тіршілік етеді. Биік ағаштар мен зәулім жар тастарға ұя салады. Бүркіт төрт жасынан бастап ұя сала бастайды.
Әңгімемен таныстыру. Мазмұнын баяндап беру.
Сұрақ жауаптармен пысықтау.
Жолаушылар қайда келді,олар кімдер еді?
Гайдар нені көрді,неге таңырқады?
Жолаушылар бүркіттің соқыр екенін қайдан білді?
Жолаушыларды қарт қайда шақырды?
Оларды қалай күтті?
Қарт жолаушыларға өзін қалай таныстырды?
Оларға қандай әңгіме айтты?
Қиын кезде қыран бүркіттің қандай көмегі тиген екен?
Жауыз адамдар бүркітке не істеді?
Халық бүркіттің жақсылығын қалай қайтарды?
Мәтінді бөлікке бөліп оқушыларға оқыту.
Мәтіннің әр бөлігіне ат қою.
Бүркітті сипаттап жазамыз.Суретін саламыз.
Әңгімеде оқиға қай кезеңде болғпн деп ойлайсыңдар?
Ол кезде қандай қиыншылықтар кездескен еді?
Бүркіттің әрекетімен,жауыз адамдардың әрекеті туралы не айтасыңдар?
Гайдардың «жақсылықты ұмытпауды үйрен» дегенін қалай түсінесіңдер?
Әңгімеден не ұқтыңдар?
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап,мадақтау.
186-188 беттегі мәтінді түсініп оқып,мазмұндау.
Күні : 18.04.2016 ж.Сынып: 3Пән: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы:И.Байзаков.Алтай аясындаМақсаты:Білімділік: Оқушыларды өлеңнің мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру. Дамытушылық: Өлеңді түсініп мәнерелеп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға,сүйе білуге тәрбиелеу.Типі: аралас сабақТүрі: дәстүрліӘдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, мадақтау Көрнекілігі: кітап, дәптер,Иса Байзақов суреті, қажетті суреттер.
Кезең Өту барысы
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Үй жұмысын тексеру
Сергіту сәті
Жаңа сабақты ашу
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Бекіту
Қорытынды
Бағалау
Үйге тапсрыма
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Көңіл күйлерің қалай? Жақсы дем алып келдіңдер ма?
Сабағымызды мына өлең жолдармен бастайық!
Біз бейбіт ел ұланы,
Өнер –білім –қраны.
Алдымыздан жақсы арман
Күлім қағып тұрады.
186-188 беттегі Б.Емельяновтың «Бүркіт» әңгімесін түсініп оқып, мазмұнын айту.
Сағаттың тіліндей,Иіліп оңға бір,Сағаттың тіліндейИіліп солға бір.Оң аяқ, сол аяқ,Жаттығу оңай-ақ.
Алтай тау жүйесі — Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км-ге созылып жатыр. Алтайда өзен де, көл де көп. Олар басын таудағы қар суынан, мұздықтардан алады. Ең үлкені - Ертіс. Алтай өлкесі аңға бай. Орманда бұғы-марал өсіретін шаруашылықтары бар. Тағы аңдардан аю, жабайы шошқа, бұғы, таутеке, қар барысы тіршілік етеді.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D2%B1%D0%BB%D2%93%D1%8B%D0%BD" \o "Бұлғын" Бұлғын, қаракүзен, ақкіс сияқты терісі бағалы аңдар жиі ұшырайды.Құстардан меңіреу құр, шіл, кекілік, тоқылдақ. 
Иса Байзақов 1900 жылы 3- қазанда Павлодар облысы Ертіс ауданы Үлгілі ауылында дүниеге келген. Исаның әкесі Байзақ та, анасы Ғазиза да әнші,сауықшыл,өнерге жақын адамдар болған. 9 жасында шешесі қайтыс болып, әжесі Жанбаланың бауырында өседі. нағашы ағасы рахмет оған домбыра тартып,ән салуды үйретеді. Ол кішкентайынан "Домбырашы бала", "Әнші Иса " атанады. 1924 жылы алғашқы өлеңдері жарияланған. Жазушылар Одағында қызмет етті. Иса әйгілі "Құралай сұлу" дастанын жазған.Балалар Қазақстанда қандай таулар бар?
Бүгін біз И.Байзақовтың «Алтай аясында» өлеңімен танысамыз.
Өлеңмен таныстыру.
Көргенде көз,көңілдің Алтай емі,
Алтайдың кен аңқиды алған демі.
Жерінен алтын,күміс жентектеліп,
Алтайдың кен құсады талай жері- деген жолдардан не аңғардыңдар?
Ақын Алтай тауының әдемілігі туралы не дейді?
Ол қай шумағында айтылған?
Алтайдың биіктігі туралы не делінген?
Алтай аясында қандай аңдар мен хайуанаттар мекендейді?
Өлеңді мәнерлеп оқушыларға оқыту.
Өлеңге сүйеніп Алтай тауынан өндірелетін кендерді атаймыз.
Өлеңдегі ақын сөздерін пайдаланып,Алтай тауын сипаттап жазыңдар.
Өлеңде Алтай тауының биіктігі қалай жырланған?
Таудың табиғатын қалай жырлаған?
Өлеңді кім жазған?
Өлеңде қандай тау туралы жырланған?
Оқушыларды бағалау
190 беттегі өлеңді түсініп мәнерлеп оқу.
Күні : 21.04.2016 жСынып: 3Пән: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы:Көжек. (Ертегі)Мақсаты:Білімділік: Оқушыларды ертегімен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру. Дамытушылық: Түсініп мәнерелеп оқу дағдыларын арттыру. Сөз байлығын, тілін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу.Типі: аралас сабақТүрі: дәстүрліӘдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, мадақтау Көрнекілігі: кітап, дәптер,қажетті суреттер.
Кезең Өту барысы
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Үй жұмысын тексеру
Жаңа сабақты ашу
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Бекіту
Қорытынды
Бағалау
Үйге тапсрыма
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сабағымызды мына өлең жолдармен бастайық!
Тату-тәтті достармыз біз,
Ынталы да талапты.
Көп білуге құштармыз біз,
Жақсы оқимыз сабақты.
190 беттегі Иса Байзақовтың «Алтай аясында» өлеңін түсініп мәнерлеп оқып келу.
Сұрақ жауаптармен пысықтап өту.
Балалар сендер ертегінің қандай түрлерін білесіңдер?
Ертегілердің  үш  түрі  бар. Олар:
1. Хайуанаттар  туралы ертегілер
2. Қиял – ғажайып  ертегілер
3. Шыншыл  ертегілер
Балалар туған жер туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Өз елім-өлең төсегім.
Елінен безген ер оңбас.
Туған жердің жері де көрікті,
Елі де сүйікті.
Балалар сендер ертегіні жақсы өресіңдер ма?
Қандай ертегілерді жақсы көресіңдер?
 Ертегілер  ауыз  әдебиетінің  ең  көне  жанрына 
жатады.  Бұларда  көбінесе  өмірде  сирек  кездесетін  немесе  мүлде  кездеспейтін,  ойдан  шығарылған  оқиғалар  баяндалады.  Ол  ауызша  айтылып,  елесінде  ғасырлар  бойы 
сақталып,  ұрпақтан – ұрпаққа  ауысып  біздің
дәуірімізге  жеткен. Әр кезеңдеертегі айтушылар өз
жандарынан ертегі  мазмұнына  жаңа  оқиғалар  қосқан. Сөйтіп ол  үнемі жаңарып,  толықтырылып,
жетілдіріліп  отырған.
Бүгін біз «Көжек» ертегісімен танысамыз.
Көжек қоянның баласы екенін барлығымыз жақсы білеміз.
Ертегіні тыңдаймыз.
Сұрақ жауаптармен толықтырамыз.
Шаруа қоянның көжегін қайдан тауып алды?
Адам көжекті қайда әкелді?
Үйге әкелген көжекті балалар қалай қызықтайды?
Мазасы кеткен көжек қайда тығылады?
Қайда кетіп қалады?
Мәтіннің соңындағы көжектің сөзін тауып оқып,оның мәнін түсіндіреміз.
Ертегіні тізбектеп оқушыларға оқытып шығу.
Тақырыпқа байланысты сурет салыңдар.
Көжек жып-жылы үйден неге қашып кетті?
Шаруа оны екінші рет қайдан тауып әкелді?
Шаруа көжекті тауып алып не деді?
Көжек шаруаға не деп жауап берді?
Көжектің жауабынан не түйіндеуге болады?
Оқушыларды бағалау
191 беттегі ертегіні оқып,мазмұнын айтып беру.
Күні : 22.04.2016 жСынып: 3Пән: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы:Б.Соқпақбаев.Қамқорлық.Мақсаты:Білімділік: Оқушыларды әңгіменің мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру. Дамытушылық: Әңгімені түсініп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға,сүйе білуге тәрбиелеу.Типі: аралас сабақТүрі: дәстүрліӘдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, мадақтау Көрнекілігі: кітап, дәптер,Б.Соқпақбаев суреті,суреттер.
Кезең Өту барысы
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Сергеіту сәті
Үй жұмысын тексеру
Жаңа сабақты ашу
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Бекіту
Қорытынды
Бағалау
Үйге тапсырыма
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Жабырқауды білмейміз
Жалқаулықты сүймейміз
Біз талапты жас ұлан
Үлгі аламыз жақсыдан.
Аққу болып ұшамызКөлге келiп қонамызКөлдiң бетiн құшамызҚайта самғап ұшамыз.
Иiлiп оңға бiр,Иiлiп солға бiр.Денемiздi дұрыстап,Тұрамыз тік ұстап.
191 беттегі ертегіні оқып,мазмұнын айтып беру.
«Көжек» ертегінің қандай түріне жатады?
«Қамқорлық» деген сөзді қалай түсінесіздер(оқушылардың ойы) Толықтыру.
Біз бүгінгі сабағымызды халқымыздың дана ұлдарының бірі,балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Қамқорлық» атты әнгімесімен танысамыз. Б.Соқпақбаевтың қандай шығармасы сендерге таныс?
Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 15-қазанда Алматы облысы,Нарынқол ауданы,Қостөбе ауылында туған.Балаларға арналған 20-дан астам әңгіме,роман кітаптарын ұсынды. « Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Шынықсын денеміз»атты еңбектері бар. «Менің атым Қожа»фильмі 1967 жылы Францияда өткен халықаралық балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдер фестивалінде арнаулы жүлдеге ие болды. Ол 1991 жылы дүниеден өтті.
Әңгімемен таныстыру.
Әңгіменің кейіпкерлері кімдер? 
Торғай неден шошып кетті?
Балапан қалай аман қалды,
Оған кім себепші болды.
Қожаның әрекетіне қандай баға бересіңдер?
Мәтінді бөлікке бөліп оқимыз. Әр бөлікке ат қоямыз.
Торғай байғұстың жанталасқан халін суреттеп дәптерге жазамыз.
Жазушы Жантастың жағымсыз іс-әрекеттерін қалай суреттеген?
Қожаны қандай кейіпкердің қатарына жатқызасыңдар?
Әңгіме неліктен «Қамқорлық» деп аталған?
Мәтінге сендер қандай ат қояр едіңдер?
Бұл әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?
Балапан торғай жазылды ма екен? Сендер қалай ойлайсыңдар?
Сабаққа белсенді қатынасқан оқушыларды мадақтау
192 беттегі әңгімені түсініп оқып,мазмұнын айту.
Күні : 25.04.2016 ж.Сынып: 3Пән: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы:Қ.Сегізбай. Арқарға үлкен мүйіз неге керек?Мақсаты:Білімділік: Оқушыларды әңгіменің мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру. Дамытушылық: Әңгімені түсініп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Тәрбиелік: Оқушыларды қһтабиғатты қорғауға,ондағы аң-құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу .Типі: аралас сабақТүрі: дәстүрліӘдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, мадақтау Көрнекілігі: кітап, дәптерҚ.Сегізбай портреті,жұмбақ,суреттер.
Кезең Өту барысы
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Үй жұмысын тексеру
Сергіту сәті
Жаңа сабақты ашу
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Бекіту
Қорытынды
Бағалау
Үйге тапсрыма
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сабағымызды мына өлең жолдармен бастайық!
Біз бейбіт ел ұланы,
Өнер –білім –қраны.
Алдымыздан жақсы арман
Күлім қағып тұрады.
192 беттегі Б.Соқпақбаевтың «Қамқорлық» әңгімесін түсініп оқып,мазмұнын айту.
Орнымыздан тұрамыз,
Қос бүйiрдi сығамыз.
Оңға, солға бұрылып,
Бiр айналып шығамыз.
Бiр,екi, үш, төрт, бес
Қолды қолға ұрамыз.
Арқар – Азия құрлығында мекен ететін жануардың бірі. Әсіресе, Тянь-Шань, Памир, Алтай тауларында кездеседі. Негізгі қонысы біздің қазақ даласы екен. Кең байтақ даламыздың көптеген бөліктерінде бар. Елімізде оның үш түрі кездеседі. Алғашқысы – Қаратау арқары. Олардың саны өте аз. Жойылуға жақын десек те болады. Тек Қаратауда ғана таралған. Таудың жазықтау жоталарында көзге ұшырасады. Жалпы саны - 100 басқа жуық. Арнайы қорғайтын орындар жоқ. Одан кейінгісі Тянь-Шань тауының қазақстандық бөлігінде жүреді. Үшіншісі Солтүстік Қазақстан өңірін мекен еткен. Арқарлар өздері тіршілік ететін аймақтарға байланысты бөлінеді. Алтай тауының біздің еліміздегі бөліктерінде де арқарлар көзге ұшырасады. Ал елімізде қанша арқар бар дегенге дөп басып айта алмаймыз. Алайда әрі кеткенде 10 мыңнан аса қоймайды
. Кәдірбек Сегізбай
Жұмбақ жасырамын.Жақпар тастың өркешiне, 
Секiредi құламай. Қия құздың өр төсiне, Орғып шығар ол оңай. (Арқар) Біз бүгін К.Сегізбайдың «Арқарға үлкен мүйіз неге керек?»
әңгімесімен танысамыз.Әңгімемен таныстыру.
Сұрақ жауаптармен толықтыру.
Атасы немересін қайда апарғысы келді,неге?
Немересі атасына қандай сұрақтар қойды?
Атасы немересіне қандай тапсырма берді?
Қошан жауапты қалай,қайдан іздеді?
Арқардың мүйізі жөнінде әкесі қандай әңгіме айтты?
Қошан арұарды қалай бақылады,нені байқады?
Арқар қайдан,қалай,неге секірді?
Мәтінді оқушыларға оқыту.Мәтіннің әрбір бөлігіне ат қоямыз.
Арқардың суретін саламыз
Жаңылтпаш жаттайық Қырқада қырық арқар бар. Қырық арқарда ақ арқар бар. Алты арқарда марқа арқар бар 
«Арқарға үлкен мүйіз неге керек?» деген сұраққа сандай жауап тапты?
Атасы үлкен мүйіздің арқарға не үшін керек екенін қалай әңгімелеп толықтырды?
Оқушыларды бағалау
194-19. беттегі әңгімені түсініп оқып,мазмұнын айту.
Күні : 26.04.2016 ж.Сынып: 3Пән: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы:А.Сейдімбек.БетпақдалаМақсаты:Білімділік: Оқушыларды өлеңнің мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру. Дамытушылық: Өлеңді түсініп мәнерелеп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға,сүйе білуге тәрбиелеу.Типі: аралас сабақТүрі: дәстүрліӘдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, мадақтау Көрнекілігі: кітап, дәптерАқселеу Сейдімбек портреті,суреттер.
Кезең Өту барысы
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Үй жұмысын тексеру
Жаңа сабақты ашу
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Бекіту
Қорытынды
Бағалау
Үйге тапсрыма
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Көңіл күйлерің қалай?
Сабағымызды мына өлең жолдармен бастайық!
Біз бейбіт ел ұланы,
Өнер –білім –қраны.
Алдымыздан жақсы арман
Күлім қағып тұрады.
194-19. беттегі К.Сегізбайұлының «Арқарға үлкен мүйіз неге керек» әңгімесін түсініп оқып,мазмұнын айту.
Балалар, өткен сабағымызда «Бетпақдала» туралы мағлұмат алған болатынбыз.Қане,еске түсірейік.
Ақселеу Сланұлы Сейдімбек Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданына қарасты Атасу аулында 1942 жылы 12 желтосанда дүниеге келген.
Ақселеу Сейдімбектің әңгімелері мен повестері "Ақиық" (1972), "Қыр хикаялары" (1977), "Тауға біткен жалбыз" (1979), "Аққыз" (1981) деген атпен, очерктері "Кеніш" (1979), "Серпер" (1982) дегенатпен жеке кітап болып жарық көреді. "Кеніш" кітабы үшін Қазақстан Журналистер одағының лауреаты болып, бірінші сыйлықпен марапатталады.Ғалым-этнограф 2000 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Астанадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры болып еңбек етті.
Біз бүгін А.Сейдімбектің «Бетпақдала» әңгімесімен танысамыз. Әңгімемен таныстыру.
Уақиға қай кезеңде,қай заманда болған екен?
Салқындауға келген хан қандай жағдайға душар болды?
Аулына хан қандай жарлық берді?
Ақылгөй қарт ханға нендей тоқтау айтты, оны хан елемегендіктен неге ұшырады?
Ханның екінші жарлығы не болды,одан кейін табиғат құбылысы қандай өзгеріске ұшырады?
Тышқандар неліктен қаптап кетті?
Бөрілердің көбеюі неден?
Мәтінді мына жоспар бойынша бөлікке бөліп оқимыз.
1.Құнарлы өлке
2.Асқан-тасқан хан.
3.Салқындауға келген хан.
4.Ақылгөй қарт
5.Күтпеген сұмдық
6.Ханның екінші жарлығы
7.Табиғат құбылысы.
8.Нәубет
9.Өрген бөрілер
Мәтіндегі мақал-мәтелдерді тауып дәптерлеріңе жазып алыңдар.
Жері шүйгін,ғажайып жер ақыры қандай жерге айналды?
Неге ол жер «Бетпақдала» деп аталған?
Табиғаттағы тіршіліктер бір-бірімен қалай байланысты
екен?
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау
198-200 бет түсініп оқып,мазмұндау.
Күні : 28.04.2016 ж.Сынып: 3Пән: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы:Абай. Жаз.Мақсаты:Білімділік: Оқушыларды өлеңнің мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру. Дамытушылық: Өлеңді түсініп мәнерелеп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға,сүйе білуге тәрбиелеу.Типі: аралас сабақТүрі: дәстүрліӘдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, мадақтау Көрнекілігі: кітап, дәптер,А.Құнанбаевтің суреті,жұмбақ,суреттер
Кезең Өту барысы
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Үй жұмысын тексеру
Сергіту сәтін
Жаңа сабақты ашу
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Бекіту
Қорытынды
Бағалау
Үйге тапсрыма
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Көңіл күйлерің қалай?
Сабағымызды мына өлең жолдармен бастайық!
Біз бейбіт ел ұланы,
Өнер –білім –қраны.
Алдымыздан жақсы арман
Күлім қағып тұрады.
198-200 беттегі А.Сейдімбектің «Бетпақдала» әңгімесін түсініп оқып,мазмұндау.
Әппақ болып таң атты,Түтiн тiке шығады.Қарлығаштар қанатынСамғап биiк ұшады.Топ-топ, топ басайық,Жалаудан күн жасайық.Жаса, жаса алтын күнЖаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)
Өрік,алма, Астық пісіп,
Шие,алша, Орақ түсіп,
Жидек,жүзім піседі. Қырман дәнге толады.
Қауын,қарбыз, Бөбектерім,
Қияр,сәбіз Айтыңдаршы,
Дүкендерге түседі. Бұл қай кезде болады?
Балалар Абай Құнанбаев кім?
Біз А.Құнанбаевтің табиғат лирикасына байланысты қандай өлеңдерін жаттадық?
Бүгін тағы бір өлеңімен танысамыз.
Өлеңді мәнерлеп жатқа айту.
«Шілде» деген сөзі қалай түсінесіңдер?
Ақын жазғы табиғат туралы не дейді?
Жазда табиғат қандай болады?
Жаз мезгілінде жан-жануарлар,құстар тіршілігінде қандай өзгеріс болады?
Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту.
Дәптерлеріңді ашып «Жаз» мезгілі сендерге несімен ұнайды соны жазыңдар.Жазда сендер не істегілерің келеді?Қайда барғыларың келеді?
Өлеңді ақын қандай сезіммен жазған?
Неліктен?
Өлеңде «Шұрқырап жатқан жылқының,Шалғыннан жон қылтылдап» деген жолдарынан нені аңғаруға болады?
Жаз айларын атаңдар?
Оқушыларды бағалау
203 беттегі «Жаз» өлеңін жаттап келу.
Күні: 29.04.2016 ж.
Сыныбы: 3
Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатов «Шілде»
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларды Міржақып Дулатовтың шығармашылығы туралы білімдерін кеңейтіп,Шілде деген әңгімесінің мазмұнын меңгерту.
2.Ойлау қабілеттерін,ой-өрістерін, тіл мәдениетін әртүрлі жұмыс формалар арқылы дамыту.
3.Оқушыларды табиғатты аялауға,ластамауға,салт-дәстүрлерді қадірлеуге тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ
Типі: Дәстүрлі
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру.әңгімелеу,сұрақ-жауап,хабарлау,көрнекілік.
Көрнекіліктер: Міржақып Дулатовтың суреті, жаз мезгілін бейнелейтін сурет,кластер.
Кезеңдері Өту барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Үй жұмысын тексеру
Кіріспе бөлім
Жаңа сабақ
Сергіту сәті
Мәтінмен жұмыс
Сөздік жұмыс
Шығармашылық жұмыс
Бекіту
Қорытынды
Бағалау
Үйге тапсырма
-Сәлеметсіздер ме,балалар!
Балалар,сендерге үйге қандай тапсырма берілген?
(Жаз өлеңін жаттау )
-Қане кім айтқызғысы келеді?
-Балалар,сендер жаттап келген өлеңдерін қандай жыл мезгілі туралы?
-Жаздың неше айы бар,олар қагдай-қандай?
-Иә,дұрыс айтасыңдар! Бізде жаздың 3 айы бар:солардың бірі шілде.Балалар,шілде айындағы ауа райы қандай
-Ендіше,балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбына көшейік. Бүгін біз сабақта Міржақып Дулатовтың «Шілде» деген шығармасымен танысамыз.
-Міржақып Дулатов біз үшін таныс па?
-Ол туралы не білетінімізді есімізге түсірейік.
-Ол үшін барлығымыз дәптерлерімізді ашып,бүгінгі күнді жазамыз.
-Кластер құруды білемізғой,ендіше ортасына Міржақып Дулатов деп жазамыз.
-Ол туралы не білетінімізді жазамыз.
-Ал,балалар кім оқиды?
-Жарайсыңдар!
-Балалар.біздің білімдерімізді кеңейту үшін мен сендерге оның өмірбаянының қосымша мәліметтерді айтып берейін,ал сендер мұқият тындап,дәптерлеріне жазып аласыңдар.
Міржақып Дулатов
Дулатов Міржақып 1885 жылы,қазіргі Қостанай облысы,Жангелдин ауданында туған. Торғайдың 2 сыныптық орыс-қазақ педагогикалық училищесін бітірген. (1902. 1902-)
1911 жылдары Торғайда ,Қызылжарда мұғалім болды. 1911-1918 жылдары «Қазақ» газетінде қызметкер,1917-1918 жылдары «Алаш» партиясының үкіметі болды.
Дулатов Міржақып әдебиет пен мәдениетте жаңа демократиялық бағыттың кеңінен орын алып,дамуына зор үлес қосты. «Бақытсыз Жамал» атты тұңғыш романы.(1910).
А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың. И.А.Крыловтың шығармаларын кейбір туындыларын қазақ тіліне аударған.
-Қане,Міржақып Дулатов туралы не білдік?
-Бәріміз шаршап калған шығармыз
-Ендіше сәл демалып алайық.
-Бәріміз орнымыздан тұрып,менен кейін қайталаймыз.
Шаршадым «Ух» дедім
Өкіндім «Туф» дедім
Ренжідім «Ах» дедім
Қуанып «Во!» дедім.
-Ал,енді балалар,барлығымыз оқулықтың 203 бетін ашып, Шілде деген мәтінді оқимыз.
-Қане балалар,1 қатардан бастап,ретімен оқимыз. Қалғандарымыз мұқият тыңдап,түсініксіз сөздерді белгілеп қоямыз.
-Балалар,мәнтінде түсініксіз сөздер кездесті ма?
Түсініксіз сөздердің мәнін ашу
-Балалар,қазір біз мәтіннің әр бөлігіне ат қоямыз.
-Мәтіннің 3 бөлігі бар:
Басы-Шілде айы
Ортасы –Шілде айының оқиғалары
Аяғы- Күзге дайындық
-Жарайсыңдар,енді осы бөліктер бойынша мәтіннің мазмұнын айтамыз.
-Кім маған айтады,1 бөлікте не туралы айтылған?
-Шілде айында қандай оқиғалар болады?
-Ал мәтіннің 3 бөлігінде не туралы айталған?
-Жарайсыңдар,балалар! Сонымен мәтінді толық айтып шықтық.
-Балалар,шілде айын барлығымз жақсы көреміз.
-Шілде айында жазғы демалыстың қызықты оқиғалары болады.Ендіше,бәріміз дәптерлерімізді ашып,шағын ғана шығарма жазайық.Бірнеше сөйлемнен тұратын «Шілде айында немесе жалпы жазда болған оқиға» деген шығарма,
-Балалар,уақытымыз аяқталды.Қане,кім өз оқиғасымен бөліскісі келеді?
-Өте жақсы! Оқиғаларын шынымен де өте қызықты екен.
-Бүгін сабақта қандай мәтінді оқыдық?
-Ол не туралы?
-Оның авторы кім?
-Міржақып Дулатов туралы не білдік?
-Жарайсыңдар! Ал,енді мен сендердің бағаларынды айтайын.
-Сабаққа өте жақсы қатысқан оқушыларға 5.
-Балалар,үйге 203 беттегі «Шілде» деген мәтінді оқу,мазмұның айту және мәтіннің мамұны бойынша сурет салу.
-Осымен,біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды.
-Сабаққа жақсы қатысқандарын үшін рахмет!
-Сау болыңыздар!
Күні : 14.04.2016 ж.Сынып: 3Пән: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: С.Мұханов. Шыбынсыз жаз.Мақсаты:Білімділік: Оқушыларды әңгіменің мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру. Дамытушылық: Мәтінді түсініп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға,сүйе білуге тәрбиелеу.Типі: аралас сабақТүрі: дәстүрліӘдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, мадақтау Көрнекілігі: кітап, дәптер,С.Мұхановтың суреті,тақырыпқы байланысты суреттер,жұмбақ.
Кезең Өту барысы
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Үй жұмысын тексеру
Сергіту сәті
Жаңа сабақты ашу
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Бекіту
Қорытынды
Бағалау
Үйге тапсрыма
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Көңіл күйлерің қалай?
Сабағымызды мына өлең жолдармен бастайық!
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса,
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса,
Сәлем саған жер ана!
Сәлем саған нұрлы күн!
-Балалар,үйге 203 беттегі М.Дулатовтың «Шілде» әңгімесін оқу,мазмұның айту және мәтіннің мамұны бойынша сурет салу.
Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.Саусақтармен ойнаңдар,Қолдарыңды сермеңдер.Денелерiң шынықсын,Саналарың тынықсын
Ой қозғау– Ал, балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырамын тыңдаймыз:Шидім - шидім шидім құсШи басына қонған құсҚарқырауық қара құсХан басына қонған құс (Ол не? Шыбын)Сәбит Мұқанов – қазақтың әйгілі жазушысы, қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Оның есімін жалпы қазақ оқырманына кеңінен танытқан «Сұлушаш» дастаны, «Адасқандар» романы осы кезде өмірге келді. Осыларға жалғаса жазылып, бірінен кейін бірі жарық көрген «Майға сәлем» (1933), «Советтік армия» (1934) атты өлеңдері, «Ақ аю» поэмасы (1935), «Жұмбақ жалау» романы (1938).Сәбит Мұқановтың туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданы. Сәбит Мұқанов қаламынан шыққан ірі туындылар «Ботагөз» романы (1938, бұрыңғы аты «Жұмбақ жалау»), «Менің мектептерім» (1941), «Колхозды ауыл осындай» (1937) шығармалары. Біз бүгінгі сабағымызда Сәбит Мұқановтың «Шыбынсыз жаз» әңгімесімен танысамыз. Тақырыптың аты ұнап жатыр ма? Ол қандай жаз екен,назар салып тыңдаймыз!
Тақырыптың мазмұнымен таныстыру.
Әңгіме ұнады ма?
Ақын жаз табиғатының суретін неге теңейді?
Өткен сабақта М.Дулатовтың «Шілде» әңгімесімен танысқан болатынбыз. Екі шығармада да жылдың қай мезгілі суреттелген? Оны неден аңғаруға болады?
Екі шығарманың қайсысы бұрынырақ жазылған деп ойлайсыңдар?
Мәтінді оқушыларға оқытып шығу.
Дәптерлеріңе «Жаз» мезгіліне байланысты өлең немесе шағын әңгіме жазыңдар.
Масасыз,шыбынсыз салқын жайлаудың малға қандай пайдасы бар?
Біздің жерімізде сондай «Шыбынсыз жаз» бола ма?
Неге?
Шығарманың авторы кім?
Әңгіме неліктен «Шыбынсыз жаз» деп аталған ?
Сендер өздерің «Шыбынсыз жаз» дегенді қалай түсінесіңдер?
Сабаққа белсенді қатынасқан оқушыларды бағалау
204 беттегі мәтінді оқып келу.
Күні : 19.04.2016 жСынып: 3Пән: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: М.Иманжанов. Таңның атуы.Мақсаты:Білімділік: Оқушыларды әңгіменің мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру. Дамытушылық: Мәтінді түсініп мәнерелеп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға,сүйе білуге тәрбиелеу.Типі: аралас сабақТүрі: дәстүрліӘдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, мадақтау Көрнекілігі: кітап, дәптер,М.Иманжанов суреті,сабақа қажетті суреттер.
Кезең Өту барысы
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Үй жұмысын тексеру
Сергіту сәті
Жаңа сабақты ашу
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Бекіту
Қорытынды
Бағалау
Үйге тапсрыма
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Көңіл күйлерің қалай? Жақсы дем алып келдіңдер ма?
Сабағымызды мына өлең жолдармен бастайық!
Біз бейбіт ел ұланы,
Өнер –білім –қраны.
Алдымыздан жақсы арман
Күлім қағып тұрады.
204 беттегі С.Мұқановтың «Шыбынсыз жаз» әңгімесін оқып келуге берілген. Сабаққа дайынсыңдар ма?
Әппақ болып таң атты,Түтiн тiке шығады.Қарлығаштар қанатынСамғап биiк ұшады.17. Топ-топ, топ басайық,Жалаудан күн жасайық.Жаса, жаса алтын күнЖаса, жаса жарқын күн.
Таң атып келе жатқанда нені байқауға болады?
Күн қай жақтан шығады?
Көкжиектің не тұсы бар?
Шығысты кім көрсетеді?
М. Иманжанов. Мұқан Иманжанов  Қарағанды облысының Ұлытау ауданында 1916 жылы 20 желтоқсанда туған. Есеп санақ техникумын бітірген. Одан кейін Қазақстан Жазушылар одағы жанында ашылған алты айлық курсты аяқтаған. Кейіннен радио хабарларын тарату жөніндегі редактор
,«Егемен Қазақстан») газетінде қызметкер, бөлім меңгерушісі, қызметтерін атқарды.М.Иманжановтың публицистикалық мақалалары, очерктері мен әңгімелері әрдайым газет-журналдарда жарияланып тұрды. Шығармалары: «Адам туралы аңыз» әңгімелері, «Көк белес» романы, әңгімелер, повесть, пьесалары бар.
Бүгін бізМ.Иманжановтың «Таңның атуы» атты әңгімесімен танысамыз. Әңгіменің мазмұнымен таныстыру.
Таң атарда шығыс жақ қандай болып көрінеді екен?
Суретке назар саламыз.
Суретте не бейнеленген?
Мәтінге сүйеніп,атып келе жатқан таңды суреттеп өз ойымызды айтамыз.
Мәтінді оқушыларға оқытып шығу.
Шолпан жұлдызы туралы берілген сөйлемді тауып жазыңдар
Таң атарда шығыс жақ қандай боп көрінеді екен?
Таң атарда жұлжызжар қайтеді?
- Мұқан Иманжанов қай жылы туылды?
-Таң атарда шығыс жақ қандай боп көрінеді ?
-Шолпан жұлдызы қай уақытта туады?
-Мұқан Иманжанов қай өңірде туылған?
-Қандай пьессалары бар?
-Әңгімелері қай тілде аударылған?
Сабаққа белсенді қатынасқан оқушыларды мадақтау
205 бет мәтінді түсініп оқып, тақырыпқа байланысты сурет салып келіңдер.