План урока по казахскому литературе на тему Ы.Алтынсарин «?зен» ?ле?і


Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебі
Ы.Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына орай өтілген сабақтың үлгісі

Тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Өзен» өлеңі Дайындаған: Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қоштаева Меңдігүл Сайдановна.


Ыбырай Алтынсарин.
«Өзен» өлеңі
Сабақтың мақсаты: * Ы.Алтынсариннің адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру;
«Өзен» өлеңінің мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу;
* Оқушылардың ойын еркін айтуға дағдыландыру;
*Табиғаттағы өзен суының пайдасын, адам өміріндегі маңызын ұғындыру.
Сілтеме: Әдебиет пәнінің оқыту әдістемесі;
Әдебиет пәніне арналған дидактикалық материалдар;
Өлеңдер жинағы.
Оқу нәтижесі: Ы.Алтынсарин туралы білімдерін кеңейту;
«Өзен» өлеңін талдау арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту;
АКТ-ны тиімді пайдалану.
Негізгі идеялар: Су-тіршілік көзі. Өзеннің тірі табиғат/адам, жан-жануар/ үшін пайдасын айқындау.
Сабақта қолданылатын ресурстар: Интербелсенді тақта, тақырып бойынша тұсаукесер, стикерлер, флипчарт, маркер.
Оқыту әдістері: Жаңа әдістер:сұрақ-жауап, АКТ, СТО,
Бағалау түрі:формативті, дөңгелектер тарату.
Жұмыс түрлері:жеке, топтық.
Дерек көздері: Табиғат туралы слайдтар. Ы.Алтынсариннің өлеңдер жинағы.
Тапсырмалар: Мәтінмен жұмыс, тақырып бойынша постер құру.
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
І.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
(5 минут) Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:
Сыныптағы психологиялық ахуал орнату мақсатында, өлеңді жатқа айта отырып үш түрлі смайликтер тарату арқылы топқа бөліну:
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз,жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Оқушылар өлең тармақтарын жатқа айта отырып, ретімен жатқа оқып, смайликтерді таңдау арқылы үш топқа бөлінеді.

ІІ.Жаңа тақырып (10 минут) Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:
Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбы, мақсат-міндеттерімен таныстыру.Әр топтың спикерлері интербелсенді тақтада алдын ала берілген тапсырмаларды қорғайды.Бағалау дөңгелектерін беру арқылы формативті бағалау. 1-топ:Ыбырай-ағартушы.
2-топ:Ыбырай-шағын әңгіме шебері.
3-топ:Ыбырай-ақын.
Мағынаны ашу (6 минут)
Өзендердің табиғаттағы орны, /слайдтар көрсету/ 1.Оқушыларға өлеңді оқып таныстырамын.
2.Түсініксіз сөздерге түсінік беру. Сабақты зер сала қарап, мұқият тыңдап, есте сақтайды.Дәптерге түртіп алады.
Тапсырмалар (11 минут) Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:
2 минут Жеке жұмыс.Өлеңді оқушыларға оқыту.Оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқуын қадағалау. Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.
6 минут Топтық жұмыс. Постер құрғызу. 1-топ: Су-тіршілік көзі
2-топ:Өзен қайда орналасады.
3-топ:Көлдің көркі-құрақ,
Таудың көркі-бұлақ.
3минут Қолпаштау сөздері арқылы бағалау. Әр топ постер қорғайды.
ІІІ.Қорытындылау ( 5минут) Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:
«Миға шабуыл» стратегиясы 1.Өлеңнің бір шумағына талдау жасату.
2.Өлеңнен өзеннің тірі табиғатқа деген пайдасын тауып, өз сөздерімен мазмұнын айтқызу,
3.Өлеңде ақын өзеннің маңызын қалай көрсетеді?
4.Ақынның айтқысы келген өзекті ойы қандай?
5.Қазіргі кездегі еліміздегі өзеннің жағдайы туралы не білеміз? Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларымен бөліседі.
ІҮ.Үй тапсырмасы: (2 минут) Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:
«Тұщы су- еліміздің байлығы» тақырыбына шығарма жазу. Үй тапсырмасын білу, күнделіктеріне түртіп алу.
Ү.Бағалау. (2 минут) Формативті бағалау Спикерлер бағалау парағы бойынша сөйлейді.
ҮІ.Рефлексия (4 минут) Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша стикерлерге жазғызу. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын қысқаша стикерлер арқылы жеткізу.