Ана тілі. Затты? ?имылын білдіретін с?здер. Б?л ?ай кезде болады?


Тексердім: Күні: Пәні: сауат ашу 1 класс мұғалім : Жуминова Ж.Ж.
Сабақтың тақырыбы Заттың қимылын білдіретін сөздер. Бұл қай кезде болады?
Мақсаты Оқушыларға жыл мезгілдері туралы мағлұмат бере отырып, оқушыларға заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсіндіру,сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, топпен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі Өлеңді мәнерлеп оқиды, идеясын түсінеді; Заттың қимылын  білдіретін сөздер туралы мағлұмат алады.Сыни тұрғыдан ойлауы қалыптасады; Ауызша сөйлеу, есте сақтау қабілеттері артады; Топпен, жұппен жұмыс жасауға белсенді қатысады. Сұрақтарға толық жауап беруге тырысады;
Сілтеме Ана тілі оқулығы 1 класс, Ана тілі Алматы «Атамұра» 2012ж
№1 жазу дәптері Ана тілі Алматы «Атамұра» 2012ж
Негізгі идеясы Көктем мезгілі туралы толық ақпарат алуы
Қолданылған әдістері мен тәсілдері Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, АКТ-ны пайдалану, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқытуды басқару және көшбасшылық, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту және оқу.
Ресурстар Ақ бетшелер, маркерлер, компьютер,смайликтер, стикерлер, үлестірме деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың өтілетін уақыты 45 минут
Сабақ кезеңдері
Уақыты 45 минут Мұғалім мен оқушының іс-әрекеті Қолданылған әдіс -тәсілдері Оқыту модульдері Жеке жұмыс ОүБ бағалау
Оқуды бағалау
Ұйымдастыру
Кезеңі
5 минут Сабақ басында жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатында топқа бөлу.Оқушыларды үш топқа бөлу суреттермен
1топ Балдырған 2 топ: Жасұлан 3топ: Жасқыран
Табыс критерийін құру.Тыныштық сақтау, топта ұйымшылдықпен жұмыс жасауға үйрену, бірін-бірі тыңдау, уақытты ұтымды пайдалану
Психологиялық сәт. Бір-біріне қарап жымияды. Шаттық шеңбері Оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу Шаттық шеңберін құрып көңіл-күйлерін байқатты. смайликтер
Үй тапсырмасын сұрау
10 минут Наурыз тойы өлеңін жатқа айтқызу- Наурыз тойының тойлану ерекшелігін айту:«Жұбын тап» ойынын ұйымдастыру.--------маңырады боздады қоздады үрді ұшты абалады қондыИт------------------------------------------------+ --------------+Құс ---------------------------------------------------------+-------------- +Түйе ------------------+Қой------ + -------------------------+
Венн диаграммасы:Көктем КүзҚар ериді, жыл Күн салқындайды,Жер көгереді, мезгілі Ағаш жапырақтары түседі,Мал төлдейді, Құстар жылы жаққаЖыл құстары қайтады, келеді, Күзгі өнімдер піседі,Мал өріске шығады, Егін орылады, Жер жыртып, Молшылық болады. Егін егіледі «Жұбын тап» ойыны
Венн диаграммасы: Сын тұрғысынаан ойлауға үйрету, Үш шапалақ
Қадағалау
1.Сұрақтарға толық , нақты, дәл жауап беруі. 4б 2.Сұрақтарға дұрыс жауабын беруі, бірақ оқушы жауабында бірізділік болмауы.
3б Шатасқан жерін ескерткен жағдайда, өздігінен түзете алуы. 3.Сұрақ жауабы нақты емес, сенімсіздік байқалуы.
.
Қызығушылықты ояту
5 минут «Көрейікте, білейік»
- Балалар қазір қай мезгіл? (көктем)- Көктемнің қай айы? (наурыз)
-Көктем айларын ата.
Сергіту сәті: Көктем әні шырқайды «Көрейікте, білейік» АКТ қолдану Сұрақ арқылы қызығушылығы оянады, білімін көрсетеді. Тамаша
Мағынаны тану
17 минут Бүгінгі өтетін тақырыбымыз заттың қимылын білдіретін сөздермен жұмыс . Автор туралы мәлімет: Галереяны шарлау:- Біз бүгін табиғат әлеміне ойша саяхат жасаймыз.1. Өлеңді мәнерлеп оқып беру;2. Топ оқушыларына мәнерлеп оқыту;«Бұл қай кезде болады?Қар, мұз еріп, ------------------Өрік, алма,Су көбейіп, ----------------------Шие, алша,Сай – салаға ағады. ----------Жидек, жүзім піседі.Бүршік шашып, ------------------ Қауын, қарбыз,Жапырақ ашып, ----------------- Қияр, сәбізГүл, бәйшешек басады. ------- Дүкендерге түседі.Бөбектерім айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады?Астық пісіп, Орақ түсіп. Қырман дәнге толады.
Бөбектерім, айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады?
3. Өлең мазмұны бойынша сурет салу:1 топ: 1 шумақ бойынша;2 топ: 2 шумақ жартысы,3 топ: 2 шумақ қалғаны бойынша,Дәптермен жұмыс: 117 жаттығу1. Көп нүктенің орнына керекті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.Ұшақ ұшт.... Кеме жүзд.... Аю ақ... рды. Қорадағы мал үр... кті.2. Қимылды білдіретін сөздердің астын сызыңдар.
Галереяны шарлау
Оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту Оқулықпен
дәптермен жұмыста, тақтаны пайдаланғанда әдемі сауатты жазуға қалыптасады.
Алған білімін тәжірибеде қолданаалады. Іс-тәжірибе жасау дағдысын қалыптастыру
Қадағалау,
Бақылау
Ой толғаныс
7минут «Жалғасын тап» ойыны
1 топ: 2 топ: 3 топ:Қар, мұз ------- Өрік,---------- Астық ----------,Су -----------, Шие,--------- Орақ түсіп,Сай - салаға ---------, --------------- піседі. Қырман дәнге -------.Бүршік -------- ---------- қарбыз,Жапырақ --------- қияр, -----------Гүл, бәйшешек --------. Дүкендерге түседі.Тапсырмасы: Жоғалған сөздерді тауып, сұрақ қояды, заттың қимылын, атын білдіріп тұрған сөздерді ажыратады. Топпен жұмыс
«Жалғасын тап» ойыны
Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс А деңгейлі топ
В деңгейлі топ
С деңгейлі топ
Жұмыс жасау барысында деңгейлерін анықтау Үш шапалақ
Үйге тапсырма
3 минут Міндетті : « Бұл қай кезде болады? » жаттап келеді Мүмкін: Көктем суретін салу Бағалау 3 минут Білетінім, үйрендім, білгім келеді.
«Бір сурет ,бес сөз » Оқушылар өздеріне ұнаған сәттерді сурет арқылы бейнелейді
стикермен
Рефлексия: Бүгінгі сабақта заттың қимылын білдіретін сөздердің ерекшеліктерін меңгере отырып , жыл мезгілдерінің ерекшелігін танып біледі деп ойлаймын.