Атаны? а? батасы. Білімділік О?ушыларды? затты? атын, ?имылын білдіретін с?здер туралы білімдерін шы?дау.


1 сынып
Ана тілі Сабақ №
Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Атаның ақ батасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушылардың заттың атын, қимылын білдіретін сөздер туралы білімдерін шыңдау.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату.Табиғатты аялау, табиғатқа жанашырлықпен қарауға баулу.Ананың еңбегін бағалап, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.
Көрнекілік: Суреттері. Бүктемелер. «Жыл мезгілдері», «Көктем» тақырыбындағы суреттер
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс: Өлеңді, әңгімені мәнерлеп оқу, түсінік айтуға дайындалу.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Жаңа сабақ.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).
Оқулықпен жұмыс.
118–жаттығу.
1. Сөйлемдерді оқып, көшіріп жазыңдар.
2. Қара әріппен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.
Көктемде мал төлдейді. Жазда егін шығады. Күзде ағаш жапырақтары сарғайып, түседі. Қыста дала ақ қар жамылады.
119–жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар. «Жаз келді» Т. Айбергенов
Шертті дала сырларын,
Жамыраған жаз келді.
Қанатында тырнаның,
Қалықтаған саз келді.
Жырлап теңіз жырақтан,
Бұрқыратып бу ақты.
Былдыр–былдыр бұлақтан,
Сылдыр–сылдыр су ақты.
120–жаттығу. «Наурыз» тақырыбына шағын әңгіме жазыңдар.
5029200190500
4229100129540Наурыз тойы
00Наурыз тойы
5600700552450041148005524500
Оқулықпен жұмыс.
- Мәнерлеп оқып беру.
548640010096500400050010096500 - Мазмұнын түсіндіру.
50292004000500 - Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту
Сергіту сәті. Жұмбақты шешу
Атаның ақ батасын жаттап алыңдар.
Атаның ақ батасы
Ниеттерің ақ болсын,
Наурыздың қарындай.
Бастарыңа бақ қонсын,
Шаштарыңның санындай.
Тыныш болсын даламыз,
Түгел болсын нуымыз.
Таза болсын ауамыз,
Тұнық болсын суымыз.
О. Асқар
.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, түсінік айту.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.