Т?уелсіздік тірегі — т?л тірегі
Күні: 15.11.2014 ж
Тақырыбы: Тәуелсіздік тірегі – төл теңге.
Мақсаты: Ұлттық валютамыз – теңгенің тарихы туралы мағлұмат беру,
ақша түрлерімен таныстыру,
1. Білімділік:
Оқушыларды еңбек және экономикалық тәрбие бағытында экономикалық білім алуға, ізденуге, ақшаны қалай жарату , қалай көбейту, қалай үнемдеу керектігі жөнінде толық жүйелі түрде білім дағдыларын үйлестіру,
2. Дамытушылық:
Оқушылардың сөз байлығын, экономикалық ой-өрісін, өзіндік көзқарасын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік:
Оқушыларды Отанын сүюге , еңбектене білуге, өзгенің еңбегін қадірлей білуге, ақшаны тиімді жаратуға, үнемшілдікке, қайырымдылық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөз плакаты , ақшаның суреттері, буклет
Мұғалімнің сөзі: Қош келдіңіздер құрметті қонақтар, оқушылар! Тәуелсіздік алған елдің ең бір айрықша белгісі-ұлттық валюта.Ол ҚР-ның төңірегінде пайдаланылатын заңды төлем құралы.Ұлттық валютамыз – теңгені ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев 1993 жылы 12 қарашадағы жарлығымен енгізді. 1993 жылы 15 қараша күні таңертең сағат 8.00-ден бастап теңге айналымға енді.
1 кезең «Тәуелсіздік тірегі – төл теңге» баяндама.
Ақша айырбас құралы. Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік – экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді.
Кейінгі палеолит дәуірінде айырбас саудасы жүргізілген:
Теңізшілер балықпен;
Таулы аймақтағылар металмен;
Мал шаруашылығымен айналысатындар малмен;
Егіншілер егінмен алмастырып отырған.
Келе-келе металдан ақшалар жасала бастады, сапасы құрамындағы алтынға байланысты болды. Таза алтыннан жасалған алғашқы теңгені парсы патшасы I Дарий шығарды, сондықтан оны «дарик» деп атады. Ақша – қандай да бір затты сатып алу үшін қолданылатын, заттың құнын білдіретін, металдан, қағаздан жасалған бірлік.
-құн өлшемі,
-айналыс құралы,
-төлем құралы,
-қор және қазына жинау құралы,
-дүниежүзілік ақша.
Теңгені жасауға 2 жыл уақыт кеткен. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990ж теңгенің үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрады. Елімізде ұлттық ақша жасайтын арнайы мамандар мен фабрикалар болмағандықтан шетелден іздеуг тура келді. Алғашқы ұлттық теңгелерді ағылшындық «Харрисон» компаниясы шығарды.18 көзге көріне бермейтін және валютаны қолдан жасаудан қорғайтын сапа бар.
2кезең – Ұқсас валюталар
СОМ – СУМ (Қырғызстан-Өзбекстан)
ЛАТ – ЛИТ (Латвия-Литва)
ЛЕВ – ЛЕЙ – ЛЕК (Болгария-Молдова-Албания)
3 кезең – Шетелдік валюталар (сәйкестендіру)
ИЕНА – Монғолия
ЮАНЬ – Аргентина
ДОЛЛАР – Үндістан
МАНАТ – Қытай
РУПИЙ – Жапония
РИАЛ – АҚШ
ТҰҒРЫҚ – Аргентина
ПЕСО – Бразилия
1990ж қарашада құрылған тұңғыш банк – «әл-Барака – банк Қазақстан» (Сауд Арабиясымен бірігіп)
Қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер – Тимур Сүлейменов, Ағымсалы Дүзелханов,Меңдібай Алин, Қайролла Әбжәлелов.
1993ж 12 қарашада Н.Назарбаев «ҚР ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. 1993ж 15 қарашада теңге айналысқа енді. Ескі ақшаны теңгеге айырбастау 1993ж 15 қараша сағат 8.00-де басталып 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды. Осы кезде 1 теңге – 500 сом, 1 доллар – 4,75 теңгені құрады.
4кезең «Қайырымдылық қорына ақша салу» ақша суреттерінің (сканерленген) астында құнына лайықты сұрақтар жасырынған осыған жауап беріп қайырымдылық жәшігіне ақша салады.
Қорытынды: Ақша табу- батырлық
Оны сақтау ақылдылық
Ал, оны үнемдеп жұмсау - өнер,- деп неміс жазушысы Б. Авербах айтқандай ақшаны тиімді жұмсауды үйренсек, ақшамыз көп болса қайырымдылық жасауға асығайық. Қайырымдылық қайырлы іс!