Саба? жоспары. 8 сынып ?аза? тілінен саба? ?лгісі. Саба?ты? та?ырыбы: Бізді? д?ст?р
8 сынып
Сабақтың тақырыбы:Біздің дәстүр.
«Қазақтар - әдет-ғұрып, салт-сана, тіл жағынан біртұтас ұлт» В.В.Радлов. Сабақтың мақсаты:
Оқушылар бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіріледі, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алады. Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін толықтырып, кеңейтеді.
Жаңа сөздерді меңгереді, аударма жұмыстарында пайдаланады.
Мәтіннен құрмалас сөйлемдер табады, тұрлаулы мүшелерді сызады.
Үй тапсырмасын тексеру:
“Адамның құндылығы” дегеніміздің мағынысын түсіндір.
“Адамның құндылықтары” қалай қалыптасады?
“Ұят –адамның өз бойындағы адамшылығы” кімнің сөзі?
Өмірлік құндылықтың қалыптасуы жайында әңгімеле.
Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдары өте көп. Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт - дәстүрлерімен, ырымдарымен, той – мереке, тағы басқа да жол – жосындарымен талай елді таң қалдырып келеді. Ата- бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын ендігі болашақ ұрпақтың өз қолында.
Жаңа сөздермен жұмыс:
Шілдехана
Нәресте
Сәби
Қырқынан шығару
Қарын шашын алу
Аластау
Кәде
Тұсау кесу
Қаз тұру
Есу
Шашу
Құда
Құда түсу
Вечеринка по поводу рождения ребенка
Новорожденный младенец
Ребенок
Отмечать 40 дней со дня рождения
Утробный волос
Изгонять
Подарок
Разрезать путы
Стоять на ногах
Вить
Подарки, приносимые на торжества
Сват
Свататься
Шілдехана
Қалжа мен шілдехана тойы
Бір баланың дүниеге келуі тек сол бала туған отбасының қуанышы ғана емес, күллі ауыл аймақтың ортақ қуанышы. Әсіресе ұл баланың тууын қазақтар қатты қастерлеп, «ұл туғанға күн туады» дейді. Байырғы қазақ салты бойынша, бала туған күні сол отбасында той басталып, «қалжа» сойылып, маңайдағы абысын – ажын, тағы басқа әйелдер жиналып, «баланың бауы берік болсын» айтып құттықтайды. Ал кешке қыз – бозбала жиналып, түні бойы ән салып, домбыра шертіп, өлең айтып «шілдехана» күзетеді, түрлі ойын – сауық кейде өткізеді
Қырқынан шығару.
«Бесік тойы».
Жаңа туған балаға ат қойып, оны алғаш бесікке бөлеу жорасы «бесік тойы» деп аталады. Бұған көбіне сол төңіректегі әйелдер шақырылады. Келген әйелдер балаға арнап шашу, көйлек – көншек, тан – моншақ, үкі, т.б. тойлықтар әкеледі. Ат қойылатын баланың оң құлағына үш рет, сол құлағына үш рет «сенің атың.....» деп айтады. Ұрпақ өсірген үбірлі – шүбірлі қадірмен әйел бір – екі келіншектің көмегімен бесікт жабдықтайды.
Сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті бауырсақ үлестіреді. Онан соң әлгі баланы тұңғыш рет бесікке бөлейді. Тойға жиналғандар дастарқаннан дәм татып, баланың өмірі ұзақ, бауы берік, бақытты болуын тілеп бата беріп тарасады.
Тұсау кесу.
-318135403225Қыз ұзату.
«Қыз ұзату» (салт, той). «Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» ата ананың тілегі әрі парызы. Соның ішінде қыз ұзату үлкен той, думан әрі қызық. Бұл күні ата ана қуанады, әрі жылайды. Қуанатыны қыз өсірді және оны құтты жеріне қондыруы, жылайтыны әрине қимастық көңілі. Қызды алуға құда (тақ санмен) бес не жеті кейде одан да көп адам келеді. Мұның ішінде бас құда, құдалар және күйеу жолдас болады. Солтүстік және Орталық Қазақстанда тек ер адамдар барады. Құдалар әдетте кешкілік баруы керек. Мұнда ойын сауық, құдалық рәсімдер мен кәде жоралар жасалады. Жақын адамдар құданы үйіне шақырады. Ұзатылатын қызды дәстүр бойынша таң ата, күн шыға жөнелтеді. Оның алдында қыз «Қоштасу жырын», жастар «Жар жар», «Ау жар», «Аушадияр» айтылады.
Жалғасын тап:
Жамандықтан ұяла білген,
Ата мұраң-
Салт-дәстүрін ел бұзбас,
Ұят-
адамның өз бойындағы адамшылығы.
уәде-сертін ер бұзбас
асыл қазынаң
жақсылықты ұға біледі
Тапсырма :
Балаға үкі қадайды, кепеш кигізеді, әл – ауқатына сай лақ, қозы, құлын сияқты жас төлдің бірін ен салып береді.
Бала дүниеге келгеннен кейін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы балаға ат қояды. Ат қоюшы адам баланың құлағына: «Сенің атың…» деп үш рет қайталайды.
Бала тәрбиелеудегі салт-дәстүрлерді ретімен ата:
Үйге тапсырма:
“Отбасында әдет-ғұрыптарын қалыптастыру оңай ма?” тақырыбына өз ойларынды жазып келіңдер.
ІІ деңгей Қайталау, жаңа сөздерді жаттау Аударма