Ана тілі п?нінен саба? жоспары Затты? атын білдіретін с?здер


Сынып: 1 «ж» Күні: Сабақ: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы Заттың атын білдіретін сөздер
Жалпы мақсаты Заттың атын білдіретін сөздер туралы оқып-үйрену.
Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға үйрену.
Күтілетін нәтижелер Заттың атын білдіретін сөздерді таниды, ажырата алады.
Заттың атын білдіретін сөздерді сөйлем ішінен таба біледі.
Өлеңді мәнерлеп оқи отырып, негізгі идеяны түсінеді.
Сабақ түрі Жаңа сабақ.
Тапсырмалар Топтық, жұптық, жеке тапсырмалар.
Керекті жабдықтар Интербелсенді тақтадағы таныстырылым, дидактикалық материалдар, ойындар, суреттер.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Оқушылармен амандасу.
Топқа бөліну.
Психологиялық дайындық.
Біз ақылды баламыз,
Бар білімді саламыз.
Маңыз беріп оқимыз
Сауат ашу сабағын. Мұғаліммен амандасу.
Топқа бөлінеді.
Тұсаукесер Өткенді еске түсірсек.
Семантикалық карта
Мағынасы қарама-қарсы сөздер Мағынасы жуық сөздер Мағынасы әртүрлі сөздер
Шыдамды, төзімді + Жақсы-жаман, үлкен-кіші + Ара-жәндік,
ара-еңбек құралы +
Бір-бірін бағалау.
Дұрыс жауаппен сәйкестендіріп тексеру. Оқушылар тапсырмаларын орындайды.
Жұптар өзара жұмыстарын тексереді.
Негізгі бөлім -Балалар, бізге бүгінАлпамыстан хат келіпті.Қане, бәріміз тынышталып,осы хатта не жазылғанын тыңдайық. «Құрметті менің достарым!Мен сендерден көмек сұрай, хат жазып отырмын.Апам биыл мені мектепке баруға дайындап,маған дүкеннен оқу құралдарын сатып әкелді.Оар өте көп.Бірақ мен бәрінің аттарын біле бермеймін.Мен сендерге олардың суреттерін жіберіп отырмын.Сендер мектепте оқисыңдар ғой, маған осы заттардың атын білдіретін сөздерді жазып жіберіңіздерші. Сәлеммен Алпамыс»-деп хатын аяқтапты.
Олай болса, балалар, мен Алпамыстың жіберген суреттерін бір-бірден көрсетемін,сендер ол заттардың атын атап,тақтаға жазып отырасыздар.
әр сурет көрсетілген сайын«бұл не?»деген сұрақ қойылып отырады. Ең соңында Алпамыстың суреті шығады,оған«бұл кім?» деген сұрақ қойылады.
Барлық суреттегі заттардың аттары аталып болған соң, оқушылардың ойын жинақтап, қорытады.
-Заттың атын білдіретін сөздер кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап береді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
(топтық жұмыс)
І топ. «Шашылған сөздер»
(оқушы, кітап, әдемі, оқыды, ұшқыш, қызыл, домбыра, биік, қалам, жүгірді, жұлдыз, дәрігер, жазды, торғай, бес)
ІІ топ. «Артық сөзді тап»
(Аға, гүл, ата, ана.
Құс, әтеш, тауық, жылқы.
Шанышқы, қасық, кесе, үстел.
Мектеп, сынып, жалқау, сабақ.)
ІІІ топ. «Орныңды тап»
((не? )...гүлге қонады.
(кім?)...егін екті.
(не?)...-жердің аты.
(кім?)...үйге кірді.
Керекті сөздер: Сарыбел, атам, егінші, ара.)
ІV топ. «Мамандық иесі кім?»
(Не? Кім?
Қой ............
Ұшақ ............
Көмір .............
Қылқалам .............
Машина ..............
Кітап ............)
Бағалау «Бағдаршам».
Оқулықпен жұмыс.
«Адам болам десеңіз» өлеңін мәнерлеп оқып беру.
-Өлеңнің авторы туралы не білесіңдер?
Автор туралы түсінік беру.
-«Бес асыл іс» дегенді қалай түсінесіңдер?
-Адам,талап, еңбек сөздеріне сұрақ қойыңдар
-«Бес дұшпан» деп нені айтып тұр?
Кесте толтыру.

Бес асыл іс Бес дұшпан
Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.
Сергіту сәті:
Интербелсенді тақтаға қарап орындау.
Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу.
Топпен жұмыс.
І топ. Суреттегілердің атын жазу.
ІІ топ. Оқу құралдарының атауын жазу.
ІІІ топ. Ыдыс-аяқтардың атауын жазу.
ІV топ. Үй жануарларының атауын жазу. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Ереже шығарады.
Оқушылар топтық жұмыстарын орындайды.
Өлеңді мәнерлеп оқиды.
Сұрақтарға жауап береді.
Кесте толтырады.
Оқушылар сергіту сәтін орындайды.
Әр топ тапсырмаларын орындайды.
Қорытын
ды
Графикалық диктант.
Абай Семей қаласында дүниеге келген. (ия)
Дәптер сөзі кім? сұрағына жауап береді. (жоқ)
Кітап сөзі не? сұрағына жауап береді. (ия)
Затқа, жануарларға не? нелер?деген сұрақтар қойылады. (ия)
10547354889589281048895
1264285130175540385130175 . . . . .
Бағалау. Оқушылар тапсырманы орындайды.
«Смайлик»
Рефлексия «Сұрағы бар қорап» №30 орта жалпы білім беретін мектеп
Шаймарданова Шынар Сагындыковна
Бастауыш сынып мұғалімі