7-сынып ?аза? ?дебиетінен Жамбыл Жабаевты? Ал?адай туралы ?рбір ой ?ле?і


Cыныбы: 7-сынып Пәні: қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой», «Аттандыру» өлеңдері
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: жүз жасаған ақын Жамбыл туралы мағлұмат бере отырып, «Алғадай туралы әрбір ой», «Аттандыру» өлеңімен таныстыру тақырыбымен, идеясын ашу.
Ә)тәрбиелік: ата-ананың балаға деген сүйіспеншілік сезімін және Отанды қорғай білуге шақыру, батырлыққа тәрбиелеу;
Б)дамытушылық: салыстыра білуге, поэзиялық шығармаларды талдай білуге қол жеткізу, шығармашылыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: ақын суреті, кестелер
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Әдістері: Сыни тұрғыдан ойлау, сатылай кешенді талдау
Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, слайд
Сабақтың дәйексөзі:
Өлең сөздің даңғылы, Бар қазақтың Жамбылы
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын сұрау. Жамбыл жайында тың деректер іздену
Жаңа сабақ
1. Өлең сөздің даңғылы, Бар қазақтың Жамбылы.
2. Халық поэзиясының алыбы.
3. Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Жамбыл дүниеге екі рет келді:тоғыз ай, тоғыз күнде ана құрсағынан, тоқсан жасқа келгенде заман құрсағынан туылды. Ғ. Мүсірепов. Жамбыл...... Түстіктегі Жамбыл тауының бөктерінде, боранды ақпан айында осыдан бір жарым ғасыр бұрын дүниеге ақын келіп, кейін әлгі тауды да, бүкіл қазақ халқын да жалпақ жахан, айдай әлемге жария етті.Қақаған қара аралас соғып боран,Ел үрей - көк найзалы жау торыған.Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппынЖамбыл деп қойылыпты атым содан.

Мағынаны тану
13 жасынан бастап Жамбыл алғашқы өлеңдерінің шығарып, өз әкесінің келісімінсіз атақты Сүйінбай ақыннан бата алған. Сүйінбай ақынның батасы.Жамбыл шығармашылығында айтыс қомақты орын алған. Жамбыл айтыста да, жыраулық өнерде де биік дәрежеге көтеріледі. Ақынның оннан астам айтыстары сақталған. Әсіресе оның Құлманбетпен Досмағамбетпен, Шашубаймен айтысы жақсы мәлім. Жамбыл айтыс ақыны Шөжемен дидарласады. Жамбыл – айтыстың асқан шебері. Ол өз кезенінің көптеген атақты ақындармен айтысып, ешкімнен жеңілмеген. Жамбыл мен Құлманбет айтысы – күрделі, мазмұны кең айтыс, Айтыста Жамбыл жеңеді. Жамбылдың артықшылығы Құлманбетке: байлығыңмен мақтанба, ерлікті айт, татулықты айт, бірлікті айт,- деген сөздерінен көрінеді. Жамбыл Құлманбет сияқты бір жақты емес, ойлауы кең жан - жақты.Жамбыл батырлық, ерлік, адамгершілік сияқты бүкіл халықтық құндылықтарға толық сенеді дей келе сатиралық өлеңдері: «Кәдірбайдың төбеті» деген өлеңі де бар. («Кәдірбайдың төбеті» өлеңнің оқу.) Сонымен қатар, патшаға қарсы ұл - азаттық қозғалысы кезінде Жамбыл елді азаттық күреске шақырған: «Патша әмірі торылды», «Зілді бұйрық» деген өлеңдері бар. « Сұраншы батыр», « Өтеген батыр» атты жыр - дастандары бар.Сонымен қатар Жамбыл Верный қаласында өткен Жетісу ақындарының тұңғыш слетіне қатысады, Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен көркемөнерінің онкүндігіне қатысады.Жамбыл өмірінің екінші кезеңі ауыр қайғыда болады. 1941 - 1945 жылдар аралығын біздің Отанымыз үшін ең ауыр жылдар болды. Гитлер бастаған неміс басқыншылары соғыс жарияламай жерімізге енді. Сол кезде біздің аталарымыз ел ақсақалдарынан бата алып, майданға аттанады. Ал балалар, енді артқа шегініс жасап, халық поэзиясының бір түрі: тұрмыс салт жырларындағы «бата», «жұбату», «қоштасу» түрлеріне тоқталайық.Қане, кім қандай бата біледі? Ендеше бүгінгі сабағымыз Жамбылдың халық поэзиясына құрылған өлеңдеріне берелік. Сондағы Жамбылдың өлеңі: « Алғадай туралы әрбір ой» (оқушылар кітаптан тауып « Алғадай туралы ой» атты өлеңнің оқиды) Алғадай – Жамбылдың өте жақсы көретін баласы. Майданға әке әмірімен аттанады. Майданда еткен еңбек, ерліктерін естігенде қуана жауап жазады, алғыс айтады. Майданда әр жеңіске қуанышын да білдіріп отырады.Алғадай – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ақынның ұлы. 1943 жылы баласы Алғадайдың қайтыс болғанын Ғали Орманов (сол кездегі хатшы), Әбділда Тәжібаев естірткен. Алғадай майданға аттанғаннан кейін 7 күннен соң, Жамбылдың ұрпағын жалғастырар өмірге ұл бала келеді. Немерелі болып, атын ырымдап Қуаныш қояды. Жамбыл осы немересіне алданып, өзін жұбатып « Атаның әлдиі» атты өлеңнің шығарады. ( кітаптан « Атаның әлдиі» атты өлеңнің оқу) Неміс - фашист басқыншылары Нева өзенінің жағасындағы Ленинград қаласы 900 күн қамауда қалады. Халық үшін зұлмат күндер болды. Осы қайғылы жағдайға байланысты Жамбыл өзінің « Ленинградтық өренім» атты өлеңнің арнайды. Жамбылдың бұл өлеңі Ленинград қаласының бар жерінде ілініп, Ленинградтықтарға күш - жігер берді, қуаттандырды.(оқушылар Жамбылдың «Ленинградтық өренім» орысша - қазақша нұсқаларын оқиды).Жамбыл ауыр қайғыдан кейін басын көтеріп, өз жолдастарының қатарына қосылғанмен де оңала алмайды. Өнер адамдарымен де кездеседі. Өз домбырасын Нұрғиса Тілендиевке бере тұрып: « Мына, қасиетті қара домбыраның киесі сенде болсын. Осыны көзіңнің қарашығындай сақтап, қазақтың қара домбырасын бар әлемге асқақтата паш ет» деп, батасын береді.Нұрғиса Тілендиев Жамбыл аманатын ұрпақтар сабақтастығы ретінде қазақтың қара домбырасын айдай әлемге паш етіп, Жамбыл атамыз сияқты артына өшпес мол мұра қалдырып кетті.Жеңіс жырын естіп, ауыр қайғыдан кейін Жамбыл атамыз 1945 жылы 22 маусымда 7 сағат 55 минутта дүниеден өтті. Жамбыл атамыз өлсе де, аты өлген жоқ, хаты өлген жоқ. Жамбыл өлеңдері, жырлары әрқайсымыздың жүрегімізде соғып тұр. «Жасымнан атым аян Жамбыл едім, Сүрінбес қара өлеңге даңғыл едім»,- деп өзі жырлағандай, шашасына шаң жұқпаған дана жырау ақындық туын әрдайым жоғары ұстаумен өтті. Ол тарихта «Халық поэзиясының алыбы», «ХХ ғ. Гомері», «феномен - феникс» атағымен қалды.
«Өлең сөздің даңғылы, Бар қазақтың Жамбылы» болған Жамбыл бабамыз өз шығармаларының біразын Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлерге күш-қайрат, жігер беруге және  елін, жерін қорғауға үндеуге арнады. Соның бірі өз ұлын майданға шығарып саларда шығарған «Аттандыру» өлеңі.
1.«Бата» дегеніміз не? Қоштасу дегеніміз не?
2. Қандай бата білесіңдер?
Әдебиет теориясы
Бата да, қоштасу да – халық поэзиясының шағын түрлеріне жатады.
Бата - өлең түрінде беріліп, елге тыныштық, от басына амандық, жасөспірімдерге
бақытты өмір тілеу мазмұнында болып келеді (ақ бата, теріс бата туралы түсінік беру). Қоштасу – мазмұны, сыр – сипаты әр алуан болып келетін жыр. Мәселен, өмірмен қоштасу, туған жермен қоштасу, жақын достан, жүйрік аттан, қыран құстан айырылу, жақын адамын ұзақ сапарға аттандырарда  қоштасу, т.б.
Қоштасу, қоштасу өлеңі– қазақтың  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D3%99%D1%81%D1%82%D2%AF%D1%80" \o "Дәстүр" дәстүрлі салт  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D1%8B%D1%80" \o "Жыр" жыры.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%95%D0%BB-%D0%B6%D2%B1%D1%80%D1%82&action=edit&redlink=1" \o "Ел-жұрт (мұндай бет жоқ)" Ел-жұртымен, туған туысымен, сүйген жарымен, ата-анасымен, жүйрік атымен, қыран құсымен, т.б. Қоштасу бар. Қоштасу өлеңі  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D0%BF%D0%BE%D1%81" \o "Эпос" эпос, дастандарда көп кездеседі. “ HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D2%9A%D0%BE%D0%B7%D1%8B_%D0%9A%D3%A9%D1%80%D0%BF%D0%B5%D1%88_%E2%80%93_%D0%91%D0%B0%D1%8F%D0%BD_%D1%81%D2%B1%D0%BB%D1%83&action=edit&redlink=1" \o "Қозы Көрпеш – Баян сұлу (мұндай бет жоқ)" Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырындағы Таңсық қыздың “Балталы, Бағаналы ел аман бол” деп басталатын Қоштасуы ел арасында кең тараған. “ HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%95%D0%BB%D1%96%D0%BC-%D0%B0%D0%B9&action=edit&redlink=1" \o "Елім-ай (мұндай бет жоқ)" Елім-ай” өлеңі кіндік қаны тамған жерінен айрылған халықтың ауыр күйзелісін, қайғылы көңіл-күйін білдіретін шығарма.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C.%D3%98%D1%83%D0%B5%D0%B7%D0%BE%D0%B2" \o "М.Әуезов" М.Әуезовтың жіктемесі бойынша Қоштасу жырлары:а) жермен, елмен Қоштасу (Ай, Таңсық өлеңдері);ә) Сарыарқамен Қоштасу (Күдері Қожаның Қарқаралыдан кетерде айтқаны);б) өмірдің өткен шағымен Қоштасу ( HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A1%D0%B0%D0%B1%D1%8B%D1%80%D0%B1%D0%B0%D0%B9_%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D0%BD&action=edit&redlink=1" \o "Сабырбай ақын (мұндай бет жоқ)" Сабырбай ақынның қызы Қуандыққа айтқан сөздері, Кемпірбайдың Әсетпен қоштасуы;в) Өтіп бара жатқан заманмен Қоштасу ( HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D2%9A%D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%82%D0%BE%D2%9B%D0%B0&action=edit&redlink=1" \o "Қаратоқа (мұндай бет жоқ)" Қаратоқа  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%95%D1%81%D0%B5%D1%82_%D0%B1%D0%B8&action=edit&redlink=1" \o "Есет би (мұндай бет жоқ)" Есет бидің еңкейген шағындағы өлеңі, Тезек төренің “Сексен” деген әні) сияқты түрлерге бөлінеді.Қоштасу өлеңдерін түрлерге жіктеу әдебиеттану ғылымында қазіргі күнге дейін өзекті мәселелердің бірінен саналады. Қазақ халқының “ HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D1%8B%D0%B7_%D0%96%D1%96%D0%B1%D0%B5%D0%BA" \o "Қыз Жібек" Қыз Жібек”, “ HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D1%80_%D0%A2%D0%B0%D1%80%D2%93%D1%8B%D0%BD" \o "Ер Тарғын" Ер Тарғын”, “ HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%BE%D0%B1%D1%8B%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B_%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%8B%D1%80" \o "Қобыланды батыр" Қобыланды батыр”, т.б.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9B%D0%B8%D1%80%D0%BE-%D1%8D%D0%BF%D0%BE%D1%81%D1%82%D1%8B%D2%9B&action=edit&redlink=1" \o "Лиро-эпостық (мұндай бет жоқ)" лиро-эпостық және  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D1%82%D1%8B%D1%80%D0%BB%D1%8B%D2%9B" \o "Батырлық" батырлық жырларында Қоштасудың көркем үлгілері кездеседі.
Сынып екі топқа бөлінеді.
I топ. «Аттандыру» өлеңі
Сатылай кешенді талдауАвторы: Ақын, әнші, жыршы, сатирик, ұстаз,шәкірт, халық қамқоршысы, домбырашы Ж.ЖабаевТақырыбы: Баласы Алғадайға бата, тілегін білдіру.
Идеясы: Әке үмітін, ел үмітін ақтау
Жанры: өлең
Түйін: Ел үмітін-ер ақтар
Әдеби-теориялық ұғымдар: ассонанс
Өлеңдегі сөз           Оқушы түсінігі
Арлы  ар сақтағыш, ұяты бар
Абырой ар, ұятатақ, дәреже, беделАғат жаңсақ, жаңылыс, терісАңғарлы әріден ойлап білетін, толғамды II топ. «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңі
Сатылай кешенді талдау
Авторы: Ақын, әнші, жыршы, сатирик, ұстаз,шәкірт, халық қамқоршысы, домбырашы Ж.Жабаев
Тақырыбы: Алғадайды жоқтау,сағыну, іздеу. Өзіне тоқтау айту.
Идеясы: ерлігін дәріптеу, адамгершілік қасиеттерін көрсету, барлық қайғы шеккен жандарға демеу болу
Жанры: өлең
Түйін: Бала – бауыр етің
Ажал деген атқан оқ,Бір алланың қақпаны.  Дүниеде не өлмейді?  Жақсының аты өлмейді,  Ғалымның хаты өлмейді.Сөздікпен жұмыс.Мүрде - өлген адамның денесі, өлік.Көзел - көпті көрген, сұңғылаСаулақ – елден еренЖабы - қазақ жылқысының байырғы қарабайыр түріКәріп - соқыр, мүгедек.
Түнеу күнгі кеткеннен,  а
Ғали жаңа келдің бе? б
Алғадайым мүрдесін а
Жол-жөнекей көрдің бе? а
Сұрай арнау түрінде жазылған. Бұл өлең 7 буынды, 8 шумақты, әр тармағы 2 бунақты, 4 жолды, 6 кезектес ұйқасқа құрылған өлең.
Проблемалық сұрақтар
Баласын жоғалтқан әке қайғысы қандай?
Оны қандай өлең дейміз?
Қазақ әдебиетінде қандай жоқтау өлеңдерді білесіңдер?
Жоқтау немесе элегия (гр. ἐλεγεία – жоқтау) дауыс қылу деп те аталады, қазақ халқының әдет-ғұрпында адам қайтыс болған күннен бастап оның жылы өтіп, асы берілгенше жоқтау айтылады. Қазаны естіген жанашыр туыстар ауылға “ой, бауырымдап” ат қойып шауып келіп, атынан жығыла түсіп, жақындары жоқтау айтып, қайғылы сарынмен көріседі.
Сергіту сәті. Ерлік, батырлық туралы мақал, нақыл сөздер
Шығармашылық жұмыс. РАФТ әдісі. I топ. Рөл – Жамбыл, аудитория-оқушы, форма-аттандыру, тақырып- Қош, балам!
II топ. Рөл – Алғадай, аудитория – оқушы, форма – қоштасу, тақырып – Қорғаймын елді жауыңнан!
Қорыту кезеңі: Жамбыл – өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. 13 - 14 жасынан бастап сөзінің көбін өлеңмен айтқан ақынның XIX ғасыр шегінде шығарған өлең - жырлары мен айтыстары да өте мол болған. Олардан дәуір шындығы, Жамбылдың ақындық мұраты мен зор таланты айқын танылады. Ерлікті, елдікті дәріптеген, халықтың жоғын жоқтап, әлсіздерді күштілердің зорлығынан арашалаған, әділдікті, бостандықты жыр еткен көркем де қуатты поэзиясымен Жамбыл сынды тұлғаларымыз өз ғасырында қазақ әдебиетінде көрнекті орын алады.
Бекіту.1. Жамбыл кім? 2. Өлеңдерінің негізгі идеясы?Ү. Үй тапсырмасы. «Аттандыру » өлеңін жаттау. «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» шығарма.Бағалау.