?аза? ?дебиеті Абай ??нанбай?лы. «Адамны? кейбір кездері», «?біш туралы», «?ле?- с?зді? патшасы, с?з сарасы» ?ле?дері. Он жетінші ?арас?зі.
Уақыты:22.11.16Қазақ әдебиеті
Мұғалім:Муканова К.С. Сынып :8
Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбайұлы. «Адамның кейбір кездері», «Әбіш туралы»,
«Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңдері. Он жетінші қарасөзі.
Жалпы мақсат: а) А.Құнанбайұлының қара сөздерінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту;
ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;
б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі
Үлестірме материалдары
Оқу нәтижесі: Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,
оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспаОқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады.
104140-6540500
Шарлар арқылы топтарға бөлу.
Қызығушылықты ояту «Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді. Талдау,жинақтау,қорыту
Жаңа тақырып 1.«Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін кімнен аударған?
2.Ақынды «Қазақтың бас ақыны» деп кім айтқан?
3.Ең алғаш шығарған өлеңдерін кімнің атынан жазған?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Абайдың 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз» деп аталады. Ол сыншылдық,ойшылдық және көбінесе адамгершілік,мораль мәселелеріне арналған өсиет,толғау тәрізді.
Абайдың 45 қара сөзі бар. Жиырма тоғызыншы сөзінде қазақтың мақалдарының іске татырлығы да бар,іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа,не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар -дей келе мақалдарға тоқталып өткен.
Шығармашылық жұмыс: Абай сынаған мақал-мәтелдерді теріп алып,салыстыру жұмыстарын жүргізіңдер.
Мақал-мәтелдер Абайдың сыны Өз пікірің
Топпен жұмыс: «Ата-анадан тәтті жоқ» немесе «Періштені алтын да жолдан тайдырмас» тақырыбына шағын пікірлесу жүргізеді.
І деңгей /міндетті деңгей/
1. Абайдың әкесі кім?
А) Өскенбай В) Ырғызбай С) Кененбай Д) Құнанбай
2. Абай қай жылдары өмір сүрді?
А) 1845-1904 В) 1845-1905 С) 1846-1905 Д) 1946-1906
3. Семейдегі алғашқы сабақ берген молдасы кім?
А) Әбдіжаппар В) Ғабулжаппар С) Ахмет-Риза Д) Әбдірахман
4. Абай болыс блды ма?
А) Жоқ В) Иә С) мүлдем Д) ешқашан
5. Абайдың рухани ізбасары,әлем әдебиетінің классигі, «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы кім?
А) М.Жұмабаев В) С.Сейфуллин С) М.Әуезов Д) І.Жансүгіров
6. Сөзжұмбақты шешіңдер.
1 А 2 Б 3 А 4 Й 1) Құнанбайдың Абайға еркелетіп қойған аты? /қарашұнақ/
2) Абайдың үлкен әкесі,атақты би /Өскенбай/
3) Абай қай айда туды? /тамыз/
4) Абайдың әйелі. /Әйгерім/
ІІ деңгей /алгаритімдік деңгей/
1.Абайдың шын аты кім?
А) Абай В) Телғара С) Ибраһим Д) Ибрағали
2. Әкесі Абайды неше жасында оқуға берді?
А) 9 В) 10 С) 11 Д)12
3. «Кәрі әже» ауылдың кімге қойған аты?
А) Ділдаға В) Зереге С) анасы Д) немересі
4. Ұлжан Абайға кім болып келеді?
А) әжесі В) қызы С) анасы Д) немересі
5. Абай қай рудан шықты?
А) Арғын В) Тобықты С) Шекті Д) Найман
6.Абай кім?
1828800307975Абай кім?
00Абай кім?
26289001936750026289007518400014859001936750014859007518400022859998382000228599986169500
ІІІ деңгей /эврестикалық деңгей/
Абайдың Ұлжаннан туған ағасы кім?
А) Құдайберді В) Тәңірберді С) Оспан Д) Ысқақ
2. Абайдың ең алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы жарық көрді?
А) 1907 В) 1908 С) 1909 Д) 1910
3. Абайдың дүниеге көзқарасының қалыптасуына игі әсер еткен революционер-деомакрат кім?
А) Крылов В) Лермантов С) Пушкин Д) Михаэлис
4. Абайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі кім?
А) шырын В) Шынар С) Шүкіман Д) Шырайлы
5. Құнанбайдың замандас құрдасы Тана мырзаның мешіт салдырған жерін анықтаңыз.
А) Үржар В) Семей С) Көкпекті Д) Алматы
6.Абайдың қандай ақын шәкірттерін білесіңдер?
IV деңгей /шығармашылық деңгей/
Кестені толтырыңдар.
Абай шығармаларын Мұхтар Әуезов
5 түрге жіктейді Абай шығармаларын сен неше түрге бөлер едің?
Абайдың жас шағындағы өлеңдері
Абайдың лирикасы
Абайдың поэмалары.
Абайдың аудармалары
Абайдың қара сөздері Шығармашылық жұмыс
Қара сөзден қандай тағлым,үлгі,ақыл-нақыл алдыңдар?
Қалай ойлайсыңдар,ақын сынын сол қалпында қабылдауға бола ма?
Ақынның қара сөз жазудағы негізгі мақсаты не?
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды
Үйге тапсырмасын беру Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
Бағалау Формативті бағалау Топтардың бірін-бірі бағалауы
Рефлексия Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру «Екі жұлдыз, бір тілек »