Сыныптан тыс ж?мыс Есі?е мені ал?айсы?!
Есіңе мені алғайсың!
(Мұқағали шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш)
Кештің мақсаты: М.Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы поэзия өнеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Мәнерлеп оқуға, поэзия өнерін сүйе білуге баулу. Ұлы тұлғаны мәңгі есте сақтай білуге, өнерлі азамат болып өсуге тәрбиелеу.
Сахна безендірілуі: көрме, слайд,бейнетаспа.
«Көңіл толқыны» күйі орындалып тұрады.
/Жүсіпов Жансерік М.Мақатаевтың «Арыз жазып кетейін» өлеңін оқиды./
Жүргізуші:
Үй тұрар шумақтарын қойсаң қалап,
Өлеңдері өзіндей жайсаң ғажап.
Азамат ірі ақын боп, ұлы ақын боп,
Қайта туған ұлыңды қарсы ал, қазақ!
Шетінен өлең-жыры шұғылалы,
Әр қыры әр түске еніп құбылады.
«Зертте мені» деп еді Мұхаңды біз
Түсініп болған жоқпыз ұғып әлі.
-Армысыздар, құрметті өлең сүйер, өнер сүйер қауым!
Қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жарқырап өткен ақиық ақын М.Мақатаевты еске алу мақсатында өткізгелі отырған «Есіңе мені алғайсың!» атты әдеби- сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Биыл ақын, «Ғасыр ақыны», «Ақиық ақын» М.Мақатаевтың туғанына 85 жыл толып отыр.
Бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында Мұқағали ұрпақтарға ұлан-ғайыр мұра қалдырып кетті. Мұқағалиды білмейтін, жырын тыңдамайтын қазақ жоқ шығар,сірә! Ендеше, Мұқағалидың өз даусына құлақ түрейік.
( слайдпен ММақатаевтың «Есіңе мені алғайсың!» өлеңін өз даусында тыңдату.)
Жүргізуші:
Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін
Шекпен жауып өзіне қайтарамын, -деп жырлаған Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз аулында дүниеге келген. Әкесі Сүлеймен Калининград майданында қаза табады. Анасы Нағиман Мұқағалидың өкшесін баса туған үш ұлды асырап жеткізеді. Жасынан зерек,өткір Мұқағали мектепте үздік оқып, еңбекке ерте араласады. Ауыл советтің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, «Советтік шекара» газетінде, «Мәдениет ж/е тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында қызмет атқарады. 1962 ж ақынның нағыз поэзияға келу жолы басталады.
Рахат: «Қарасаз»
Ақсұңқар: «Бесік басында»
Еркемай «Автограф»
Жүргізуші : М.Мақатаев- ақын,драматург,жазушы, аудармашы, ұстаз, журналист. Оның қаламынан көзі тірісінде 8 жыр жинағы жарық көрді. «Қарлығашым келдің бе», «Ильич», «Армысыңдар,достар», «Мавр», «Шуағым менің», т.б Көзінің тірісінде өкімет орындарынан лайықты бағасын ала алмай, өмірден кеткеннен кейін 2000 жылы басылып шыққан «Аманат» жыр жинағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
Мұқағали поэзиясы - таңғы шықтай мөлдір поэзия. Оның әрбір өлеңін оқи отыра, үлкен әсер алып, керемет бір сезім бойыңды билеп, таңғажайып әлем дүниесіне еніп кеткендей боласың. Мұқағали қаламынан «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек,Райымбек!», «Жан азасы», «Ару-ана», «Мұзбалақ» т.б поэмалар туындады.
Ендеше, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді тамашалайық.
Жүргізуші: Абай-ақылдың ақыны, Мағжан-ақынның ақыны, Мұқағали-тұңғиық ақын, деп тек айтылмаған. Мұқағали өлеңдері сазды да, мұңды. Адамды өзіне тартып тереңге сүңгітіп арманға қанат қаққандай күй кештіреді. Олай болса, ақын өлеңдеріне кезек берейік.
Динара: «Туған жер»
Ислам: «Қазынам бар»
Диас «Шындық туралы»
Нұрай: «Поэзия»
Жүргізуші: Мұқағалидың әрбір өлеңі ән сұрап тұрғандай»
-деп Н.Тілендиев айтқандай, ақын өлеңдеріне талай сазгерлер ән жазды. Ендеше келесі кезекті Әнге берейік.
Ән: «Бақытыңды жырлайды»
Жүргізуші:
Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,
Ағынды өзен,асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Апыр-ай, ұлы ақынның сезімінде, еліне деген махаббатында шек бар ма?
Ендеше келіңіздер, ақынмен бірге туған елді, жерді жырлайық.
Қадірдан: «Үш бақытым»
Нұрсайын: «Халқым барда»
Алтынай «Елім барда»
Нұрмаш: «Қазақ жері»
Ән: «Туған өлке» (Орынбасар Аянаның орындауында)
Жүргізуші:
Иә, Мұқағали ағамыз: -Менің қымбатты достарым! Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті.Естеріңде болсын, әрбір өлеңім өз орнында тұрсын. Көз алмай, оқыңдар. Егер мені содан таппасаңдар, онда ақын болмағаным,-деп тектен- тек айтпаған. Ақын жырлары барлық тақырыпты қамтыды. Бірақ ол бір ғана тақырып. Ол-өмір.
Феридассура: «Бәріне жауаптымын»
Мөлдір «Өмір жайлы»
Жүргізуші: Мұқағали прозаға да батыл қалам сілтеп,көркем аудармалар жасап, өмір күнделігін де жазған.Өз күнделігінде балаларына:
-Сүйікті балаларым менің! Ақылсыз болмаңдар! Өмір тола қауіп, абай болыңдар. Жөні жоқ мейірбан, жұмсақ болмаңдар. Өмір бар жерде жауыздық та бар. Мейірбандықпен, жұмсақтықпен жауыздықты жеңуге болмайды.Сүйе де, жек көре де біліңдер, бірақ адам қалыптарыңда қалыңдар. Әрдайым сақ болыңдар, өздеріңді қорғай біліңдер.
Алматыға көшіп келгеннен кейін Майгүл атты қызы жол апатынан қайтыс болып, отбасы ауыр қайғыға душар болады. Ақын Майгүлді қатты жақсы көруші еді. Оны ақынның «Майгүлге» деген өлеңі дәлелдейді.
Шаризат «Майгүлге»
Ахмет Динара: «Бір келіншек»
Алтынбек,Бауыржан «Менің анкетам» (көрініс)
Ән: «Көнеміз де»
Жүргізуші:
Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы-деп дөп басып айтқанындай естелік жазбағандар кемде –кем. Олай болса, естелік сөздерге кезек берейік.
Шаризат: Н.Тілендиевтің естелігі
Мөлдір: Л.Әзімханқызының естелігі
Еркемай: М.Әлімбаевтың естелігі
Жүргізуші:
Өлеңдерім жай болып атылғанда,
Атылғанда, аспаннан оқылғанда
Мылқауларға тіл бітіп, керең естіп,
Жанар пайда болады соқырларға.
Иә, айнақатесіз солай болды.Жырының жай болып атылғаны да, аспаннан оқылғаны да бүгінгі күннің бұлтартпас шындығы.
-Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім!-деп ақын өзіне – өзі баға бергендей М.Мақатаев өмірден ерте кетсе де біз үшін мәңгі тірі, өшпес бейне, жүрегімізде жатталып, көңілімізде сақталып қалмақ. Ақынның өткір де мәнді, айшықты өлеңдері қазақ елінің аспанында шоқ жұлдыздай жарқырап, әдебиетіміздің асыл қазынасы, өшпес мұрасы болып қала береді.
Ән: «Саржайлау»
Жамбыл облысы, Талас ауданы,Ұшарал ауылы.
Ә.Сағынтаев атындағы орта мектеп
Ибраимова Раушан Қасымқызы