Тербелмелі ?оз?алыс. Тербелмелі ?оз?алысты сипаттайтын негізгі шамалар.


Шілдебаева Айгүл Амангелдіқызы
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы
№201 орта мектеп-лицейінің
физика пәнінің мұғалімі
Қысқа мерзімді жоспар № 24
Сабақтың тақырыбы Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар.
Сілтеме
1.Ұзақ мерзімді, орта мерзімді жоспар.
2.Мұғалімге арналған нұсқаулық, І деңгей.
3.А. Орақова, Ж. Жартынова «Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару»
4.Ғаламтор .
Жалпы мақсаты 1.Танымдық: Оқушыларға механиыл қтербелістер, тербелмелі қозғалысты мипаттайтын негізгі шамалар туралы білімді өз беттерімен іздену мүмкіндіктері арқылы қалыптастыру, формулаларын қорытып шығару, есеп шығару дағдысын дамыту, тербеліс периоды , тербеліс жиілігі , ығысу шамаларының физикалық мағынасын түсіндіру.
2.Эмоциялық: Сыныптағы ынтымақтастық, ықпалдастық негізінде психологиялық жағымды орта қалыптастыру.
3. Әлеуметтік: Әлеуметтік өзара әрекеттесетін жұмыс түрлерін ұсыну, жұппен жұмыс жасауға , бірлесіп жұмыс жасауға баулу.
Ресурстар Интерактивті тақта, маркерлер, стикерлер, постерлер, оқулық, бағалау парағы, электрондық оқулық (9 сынып), тапсырмалары бар парақшалар, таныстырылым .
Күтілетін нәтиже Оқушылар механикалық тербелістер, тербелістің мысалдары, тербелмелмелі қозғалысты сипаттайтын физикалық шамалар туралы толық мәліметті біледі, формулаларды қорытады, орташа және жоғары дәрежелі есеп шығарады .

Негізгі идеялар Механикалық тербелістер деп дененің бірдей уақыт аралығындағы дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын айтады.
Дереккөз
1.Б.М. Дүйсембаев, Р.Башарұлы, Д.Қазақбаева, У.Тоқбергенова, Н.Бекбасар «Физика және астрономия 9 сынып» Алматы «Мектеп» 2009ж
2. А.П.Рымкеевич. Физика есептерінің жинағы, Алматы «Мектеп» баспасы, 2012
3. Б.А. Кронгарт,С.М. Тезекеев Физика және астрономия. Есептер жинағы. 9сынып
Алматы, «Мектеп» 2009
Әдістер Сергіту.
«Миға шабуыл»
«Аялдама» әдісі
Бағалау.
Топтық жұмыс. Екі жұлдыз, бір тілек.
Жұптық жұмыс. Смайликтер арқылы.
Жеке жұмыс. Критерийлер арқылы .
Жиынтық бағалау
Тапсырмалар 1.Миға шабуыл ( Ашық сұрақтар арқылы)
2.Топтық жұмыс ( Мәтінмен танысу) «Аялдама» әдісі
3.Жұптық жұмыс ( Дұрыс/Дұрыс емес)
4.Жеке тапсырма (Тест тапсырмалары)
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары (мұғалім және оқушы немен айналысады) :

Сабақ кезеңдері Әдістер Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті
1 Ұйымдастыру кезеңі
(3 минут) Сергіту «Адасқан заттар
Ойыны
«Топқа бөлу».
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, зейінін сабаққа аудару.
«Адасқан заттар» ойыны арқылы топқа бөлу.
Оқушылар «адасқан заттар » ойынын ойнайды
Оқушылар ортадағы заттар бойынша төрт топқа бөлінеді

2 Үй тапсырмасын сұрау
(4 минут) «Кім тапқыр?»
Топтарға стикерлер таратылып беріледі.
Оқушылар стикерге үй тапсырмасына байланысты сұрақ жазады, келесі топқа береді, топтар жауап береді.
3 Қызығушылығын ояту. (4 минут) «Миға шабуыл».
Ашық сұрақтар арқылы
Сұрақтар:
1.Әткеншектің қозғалысы қалай болатынын еске түсіріңдер.
2.Күнделікті тұрмыста немесе табиғатта үнемі қайталанатын қозғалыстар кездеседі ме?
Оқушылар ашық сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
4
Мағынаны тану.
(18 минут)
Топтық жұмыс.
Мәтінмен жұмыс.
«Мәтін бөліктері» әдісі
Жұптық жұмыс.
«Дұрыс/Дұрыс емес»
Топ мүшелеріне мәтінмен танысуға тапсырма беріледі.
Тапсырмалары бар парақшалар таратып беру.
Оқушылар мәтінді оқиды.
4 топқа бөлінеді: 1-кіріспе; 2-негізгі ой;
3-қорытынды; 4-«толықтыру» .
Мәтін бөліктерін әңгімелеуді ретімен бастайды. «Толықтыру » тобы әрбір топтан кейін сөз алады. Ойыннаң соң , мәтінді тағы бір қарап шығып, берілген ақпаратпен салыстырып, қай топтың неғұрлым нақты айтқанын анықтау.
Оқушылар жұппен тапсырманы орындайды.

5 Ой толғаныс.
(9 минут). Жеке жұмыс. Тест тапсырмалары Тест тапсырмалары бар парақшаны тарату.
Жұмысты тексеру,
критерийлер бойынша бағалау .
Оқушылар тапсырманы жеке орындайды.
6 Қорытынды
(4 минут)
Кері байланыс
(3 минут) «Менің сабақтан алған әсерім...» «Механикалық тербелістер» тақырыбындағы
таныстырылым арқылы қортындылаймын.
Оқушылар бүгінгі сабақ туралы ойларын ақ параққа жазып , ауызша оқиды.
7
Үй тапсырмасы.
Кейінгі тапсырмалар. Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар. 21 - жаттығу
Кейінгі оқу.
Реферат. Механикалық тербелістер
Эссе. «Тербелмелі қозғалыстар»
РРРРРр
Жұптық жұмыс. Дұрыс/ Дұрыс емес
Ұйғарымдар
Дұрыс/дұрыс емес
1 2 3 4 5 Жеке тапсырма. Тестпен жұмыс.
1. 3 с ішінде маятник 6 тербеліс жасайды. Тербеліс периоды
A) 6 с
B) 3 с
C) 2 с
D) 0,5 с
E) 18 с
2. Дене 4 мин-та 60 тербеліс жасайды. Тербеліс периоды мен жиілігі
A) 15 с және 0,2 с-1.
B) 4 с және 6 с-1.
C) 6 с және 0,6 с-1.
D) 4 с және 0,25 с-1.
E) 3 с және 2 с-1.
3. Жиіліктің өлшем бірлігі :
A) 1 с
B) 1 м
C) 1 Н.
D) 1 Гц.
E) 1 Гн.
4. Серіппеде ілулі тұрған жүк 8с-та 32 тербеліс жасаса, оның периоды мен жиілігі қандай?
A) 0,25 с және 4 с-1.
B) 4 с және 24 с-1.
C) 6 с және 0,6 с-1.
D) 4 с және 20 с-1.
E) 32 с және 8 с-1.
5.Серіппеде тербеліп тұрған жүк 4 с ішінде 16 тербеліс жасады. Тербелістің периодын және жиілігін анықтаңдар
A) 4 с және 4 с-1.
B) 0,25 с және 4 с-1.
C) 16 с және 4 с-1.
D) 16 с және 20 с-1.
E) 4 с және 12 с-1.
6.Серіппелі маятниктің тербеліс периоды 1,5 с болса, 30 с уақытта жасайтын тербеліс саны 
A) 30.
B) 20.
C) 2.
D) 5.
E) 10
7.Жиілігі 4 Гц жүктің тербеліс периоды
A) 0,25 с
B) 2 с
C) 4 с
D) 0,75 с
E) 0,5 с18.
8. Тербеліс периоды 2 есе кемігенде, оның жиілігі қалай өзгереді?
A) 4 есе артады.
B) 2 есе кемиді.
C) 2 есе артады.
D) Өзгермейді.
E) 4 есе кемиді.
9. Циклдік жиіліктің өлшем бірлігі:
A) 1 Гц
B) 1 с
C) 1 .
D) 1 м.
E) 1 м/с
10. Егер әткеншекке бір бала орнына екі бала отырса, оның тербеліс периоды
A) есе өседі.
B) Өзгермейді.
C) 2 есе өседі.
D) 2 есе азаяды.
E) есе азаяды.
Критерийлер бойынша бағалау.
3-6 сұрақ – «3»
7-9 сұрақ – «4»
10 сұрақ – «5»

Рефлексия.
Сабақта мақсатыма жете алдым ба ________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________
Сабақтың тиімді жақтары _________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________
Тиімсіз болған жақтары ___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________
Келесі сабақта нені ескеру қажет _________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________