Географиялы? ала? (интеллектуалды ойын)
Ақтөбе обл,Шалқар қаласы
№ 5 орта мектепПәні: география
Сыныбы: 10-11
Пән мұғалімі: Баймурзина Г.К
Өткізген күні: 19.02.15.
Тақырыбы: Географиялық алаң (интеллектуалды ойын)
Мақсаты: 1. Оқушылар дүниетанымын кеңейту;
2. Жаңаны білуге қызықтыру; 3. Географиядан алған білімдерін ортаға салу.
4. Шапшаңдыққа үйрету;
Қолданылатын құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта, слайд, карта, тұлғалар суреті,мемлеке тулары,бағалау парақшасы.Бағалау парағы арқылы бағаланады:
Толық ұпай-3,жартылай жауап-2,ең аз жауап-1,мүлдем жауапсыз-0
Ойынның жүру барысы:І Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды топтарға болу:Талапкер,Болашақ(нақыл сөздер арқылы топтау)Жалпы әр топтан 4 оқушы,оның біреуі-топ басшы болып сайланады,әділ - қазылар алқасын белгілеу, барлық қатысушылардың назарын аудару.
Талапкер тобының мүшелері:
1.Аманжолова Гүлім(капитан командасы.)
2.Сағидоллаева Айдана
3.Бисетай Қадір
4.Телағыс Жансерік
Болашақ тобының мүшелері:
1.Қанатбаев Нұржан(капитан командасы.)
2.Шалқарбаева Гүлім
3.Қарымсақ Ернұр
4.Сұлтанов Нұрлыбек
ІІ Кіріспе бөлімМұғалімнің кіріспе сөзі:Ойынның мақсаты мен шарттарымен, ойынға қатысатын топтар мен әділ - қазылар құрамымен таныстыру.ІІІ Негізгі бөлім1 тур:Топты таныстыру2 тур:«Не,қайда,қашан?» ойыны
3 тур:Сиқырлы жәшік
4 тур:Елтану
5 тур:Тұлғалар сыры
6 тур:Ойлы болсаң,озып көр!
7тур:Географиялық термин
8 тур:Шешендік өнер
1 тур:Топты таныстыруТопты таныстыру кезеңінде топ басшысы топтың атауын,құрамын және ұрандарын атап өтеді
2 тур:«Не,қайда,қашан?» ойынында белсенді тақтадан сұрақтар шығады, дайын топтар жауап беруге болады:1.Бұл аралдың ауданы 590 мың км 2 , ол жерде тұяқтылар мүлдем жоқ, өсімдіктің 3000 түрі кездеседі. Маймылдардың 35 –ке жуық түрі бар. (Мадагаскар аралы)
2.Бұдан екі ғасыр бұрын Еуропа халықтары Орта Азияның шөлдерінде «Оңтүстік қарағайы» өседі деп қате пікірде болған. Бұл пікірдің қалыптасуына 1700 жылдары Қазақстанға саяхат жасаған И.Фольк деген ғалым себепші болды. Бірақ ботаник В.Леонтьев бұл пікірді теріске шығарды. «Оңтүстік қарағай» деп аталған өсімдікті ата? (Сексеуіл)
3.Белгілі зерттеуші Александр Гумбольдт Ориноко өзенінен құрлыққа крокодилдердің қаптап шыққанын байқаған. Олардың өзеннен қашуына не себеп болды? (Жер сілкінісі).
4. Бұл атауды елдер арасындағы сауда қатынастарында алтынмен қатар халықаралық валюта деңгейіне дейін көтерілген тауармен байланыстырып атаған Қытайдың физикалық географиясы мен Азияның жер бедері жөнінде қомақты еңбек жазған атақты географ – ғалым Фердинанд фон Рихтгофен. Бұл қандай атау? (Ұлы Жібек Жолы).
5. Бұл – Жер шарындағы ең таңғажайып теңіздердің бірі. Оның аты бетінде тобымен қалықтап жүретін балдырларға байланысты қойылған. Балдырлар күшті бұтақтанған бұталар сияқты; сабағында ауа толған айрықша көпіршіктер болуына байланысты олар ұзақ уақыт суға батпай тұрып алады. Ғалымдардың есебі бойынша 1 км2 жерде жалпы салмағы 1 -2 тоннадай балдыр болады. Бұл қай теңіз? (Саргасс теңізі).
6.І-Николайдың тапсырмасымен Ресейде картоп қай жылдан бастап егіле бастады? (1842ж).
7. Бұл өсімдік көгілдір аспандай, аппақ қардай, күннің алтын сәулесіндей түске еніп құлпырады. Бұл елдің ақындары өздерінің ең нәзік өлеңдерін соған арнайды, ал суретшілері оның шілтерлі гүлінен ою - өрнек жасайды. Осы өрнектермен қолшатырды, желқағарды, матаны және шымылдық перделерді жиі әшекейлейді. Туристер әрқашан осы өсімдіктің гүлдеуін асыға күтеді. Бұл қандай өсімдік? (Сакура-жапон шиесі).
8. Бұл сөз орыс тілінде “мөр”, “батырма” және “бедер” деген мағыналарды білдірген. Оның жеңіл, ауыр, ұлттық, жұмсақ, қатты түрлері болады. Бұл не? (Мінез).
9. Американың кәсіби журналдарының бірінде ай сайын конкурс жарияланады. Стандартты пішіндегі алты суретте қолжазба мәтінінің үлгісі беріледі. Конкурстың талабы: оқырмандар бұл жазбаны анықтауы керек. Бұл конкурс қандай кәсіптің иелеріне арналған? (Фармацевтер (дәріханашылар, провизорлар) — олар рецепте жазылған дәрігерлердің қолжазбаларын анықтауы керек.).
10. Жапонша «Сөзсіз жеңіс« 確かに勝つ (китцу катцу). Жапон оқушылар мен студенттері емтиханға бойтұмар ретінде нені алып барады? (KitKat ).
11. Қытайдың бір мейрамханасында барлығы кішкентай болды: кішкентай ас мәзірі, кішкентай ыдыстар, даяшылар да кішкентай. Бұл мейрамханада не үлкен болды?( Бағалары үлкен болды )
12. Өмірінде алғаш рет қалаға келген үндіс көшеде келе жатқан ақ адамды көреді. Ол қасына келген кезде үндіс: “Ақ адам жалқау, ол тіпті отырып жүреді” деген екен. Ақ адам қалай жүріп келеді? (велосипедпен келе жатқан).
13Ортағасырларда Жерорта теңізінде орналасқан Менорка аралының астанасы -Майонның іргетасын қалаған кезде жұмыртқаның сары уызына араласқан цементті пайдаланған. Мемлекетті басқарып отырған Ришелье герцогі қалған шикі жұмыртқаның ақ уызынан тағам дайындауға жарлық берді. Нәтижесінде қандай тағам пайда болды? (Майоне қаласында пайда болған соус – Майонез).
14.Ет қоректі жануарлардың ешқайсысы содан өлген аңның өлексесін жемейді. Ол қандай өлексе? (Олар найзағай (жай, жалт) түсіп өлген жануардың етін жемейді.).
3 тур:Сиқырлы жәшік
Жәшік ішіне жасырылған заттың оқушыларға сипаттамасы беріледі, сол арқылы оның ішінде не бар екенін табу керек. 3 көмек болады, әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады.Ойлануға 1 мин, дұрыс жауап 10 ұпай. І топқа:Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден-бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны "жылан өсімдігі" деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.
Бірінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны - Орта Азия.Екінші көмек: Францияда шілдеден қаңтарға дейін әр бейсенбіде бұл өсімдіктің ғажайып жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.Үшінші көмек: Исі өткір, ащы, тамаққа пайдаланамыз.Жауап: Сарымсақ ІІ топқа:Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған. Ресейге бұл сусын тосыннан келген. 1638 жылы Москвадан монғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап, өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді, патша оны ұнатады. Басында оны дәрі ретінде пайдаланады, ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.Бірінші көмек: Отаны - ҚытайЕкінші көмек: Қытайдан басқа Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда, Индонезияда, Вьетнамда. Грузияда, Таиландта, Бирмада өсіріледі.Үшінші көмек: Бұл сусынды ішпесе қазақтардың басы аурады.Жауабы: Шай
4 тур:Елтану Әр сурет сандармен жасырылады,оқушалар ұнатқан сандарын таңдайды,артында белгілі ғимараттар бар.Олардың қайда орналасқанын табулары керек.
5 тур:Тұлғалар сыры.Бұл тұлғалар кімдер және қай салаға үлес қосқандар екенін табу керек.
(Ұлы даналар)
(Әуен саласында)
(Кино саласында)
(Спортшылар)
6 тур:Ойлы болсаң,озып көр! Мемлекеттің тулары кезекпен-кезек көрсетіледі.Дайын топтар тудың қай мемлекетке тиесілі екендігін тауып,астанасымен бірге атаса,толық ұпайға ие болады.
7тур:Географиялық термин(көрермендермен ойын) Оқушыларға әр түрлі ұғымдар беріледі, көрермендер жауап беріп,ұпайларын өздерін таңдаған топтарына бере алады.соларды саралап қарап қандай географиялық ұғымды білдіріп тұрғанын табулары керек. Ойлануға 30 секунд, дұрыс жауапқа 3 ұпай1. Толқын, қауіп - қатер, жылдамдық, апатты құбылыс, жер сілкіну.Цунами2. Өзен, теңіз, булану, бұлт, жауын-шашын, күн.Дүние жүзілік су айналымы3. Ессентуки, Анталия, Майами.Курортты жерлер4. Москва, Дели, Мадрид, Вильнюс, Осло.Астаналар5. Теңіз, көл, өзен.Су қоймалары6. Игуасу, Анхель, ВикторияСарқырамалар7. Гольфстрим, Солтүстік Атлант, БразилияЖылы ағыстар8. Мариана, Ява, Пуэрто - Рико.Шұңғымалар9. Гренландия, Отты Жер, Мадагаскар, ХонсюАралдар10. Атлас, Аппалач, Декан, Анд, Карпат.Таулар
8 тур:Шешендік өнер (капитандар сайысы.) Берілетін уақыт 3 минут.
Болашақ тобының капитан командасына:Болашақта әкім болсаң не дамытар едің?
Талапкер тобының капитан командасына:Талапкердің негізгі мақсат-міндеттері қандай?
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,Сөз кезегін қазыларға берейікАрамызда тапқыш достар көп екен,Солардың біз нәтижесін көрейік,- дей келе ендігі қорытынды сөз кезегін қазыларға береміз.
Ғылымның сырын ұғына,Шығыңдар білімнің шыңына.Дарындылық пен тапқырлық,Жеткізеді сіздерді,География сырына,- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.ІІІ. Қорытынды бөлімСайыстың қорытындысын шығару;Әділ қазыларға сөз беру;Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.Ең үздік топты анықтау,сонымен қатар «Ең үздік ойыншы» номинациясы бойынша бір оқушыны марапаттау.
Топтар
I
Топтық
таныс
тыру
II
Не,қайда
қашан?
III
Сиқырлы
жәшік IV
Елтану V
Тұлғалар сыры VI
Ойлы болсаң,
озып көр! VII
Географиялық термин VIII
Шешен
дікөнер
Болашақ
Талапкер Толық ұпай-3, жартылай жауап-2, ең аз жауап-1, мүлдем жауапсыз-0
№5 орта мектеп
«Географиялық алаң »
(интеллектуалды ойын)
Өткізген: Баймурзина Гулден Кадирбаевна
Класс: 10 «В»,11«Б»
2014-2015 оқу жылы
Шалқар қаласы