0-ден 10-?а дейінгі сандар. Толы? онды?тар (салыстыру, сандарды ?осу ж?не азайту). 10 к?леміндегі сандарды? ??рамы


1-сабақ
Сабақтың тақырыбы: 0-ден 10-ға дейінгі сандар. Толық ондықтар (салыстыру, сандарды қосу және азайту). 10 көлеміндегі сандардың құрамы.
Білімділік мақсаты: 10 көлеміндегі кестелік қосу және азайтуды, 10 көлеміндегі нумерацияны, 10 көлеміндегі сандардың құрамын қайталау
Дамытушылық мақсаты: сандардың қатарын ажырата білу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: шапшаң есептеуге баулу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Тірек білімдерін дамыту.
Сандарды қайталау.
Бірінші сыныпта алған математика сабақтарында нені үйренгендерін еске түсіруді сұрау
Сабақта оқығандарыңның барлығын естерңе түсіре алдыңдар ма, соны тексерейік. Бұл үшін бірнеше жаттығулар орындайық.
10-ға және 20-ға дейін тура және кері бағытта санаңдар (сан сәулесін пайдалануға болады).
5-тен кейінгі санды ата, келесі санның 5-тен нешеуі артық?
9-дың алдындағы санда ата, алдыңғы санның 9-дан нешеуі кем?
3,9,1 сандарының көршілерін ата
6 мен 8, 7 мен 9 сандарының арасында қандай сан тұрады?
Қосу кестесін қайталау.
«Мақсатыңа жет» ойыны. Мысалдар тізбегін ата бастаймын. Балалар жауап ретінде цифрлы карточкаларды көрсетеді. Қате санағандарды ұстап аламын.
Тізбектер әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, 5+4-3+2, 9+1-8-1+7, 5+0-2+7-10.
Ойын срңында тапсырманы жақсы орындағандарды атап өту.
Сандар құрамын қайталау.
Санды атау, балалар осы санды құрастыруға болатын цифрлары бар екі карточканы көрсетеді.
Қосу және азайтуда сан атауларын қайталау.
ІІІ. Оқулық бойынша жұмыс.
Математика оқулығымен таныстыру. Шартты белгілерді таныстыру. Не үшін қажет екенін түсіндіре отырып, қалай пайдалануды үйрету.
1-жаттығу. Балалар футбол добын қақпайлаған қақпашының суретін қарастырады. «Гол, соқ!» ойыны түрінде жүргізіледі. Алдымен 2+=10 деген өрнек құрылады. Ал кейіннен балалар сондай саны бар допты таңдап, тура теңдікті шығарады. Одан кейін қосындының мәні өзгеріп, ойын жалғасады.
2-жаттығу. Жалпылама ауызша орындауға болады.
3-жаттығу. Нұсқа бойынша таптарда жаппай жұмыс ұйымдастырылады. Кестедегі әр жолға белгілі бір сурет сәйкес келеді. Осы суреттерден тұратын кестенің жанында өрнектер қарастырылған. Балалар кестеден тиісті санды таңдап алып, өрнек құрастырады және олардың мәнін табады. Өрнектер санын алдын ала келісіп алуға болады.
4-жаттығу. өзіндік жұмысы ретінде беруге болады. Соңынан тексеру қажет.
5-жаттығу. тақтамен жұмыс. Мұнда оқушылар көшіріп жазуды естеріне түсіреді. Сонан кейін оқушылар мұғалімнің басшылығымен кері есептер құрастырып, оларды ауызша немесе жазбаша орындайды. Егер жұмыс ойдағыдай орындалса, өздік жұмыс дәптеріндегі екі тапсырманы беруге болады.
7-жаттығу. балалар шешуін негіздей отырып, сыныпта орындалады. Оқушылармен бірге талдау жүргізіп, қай фигуралар сыртқы контурды құрайтынын және олар қалай қайталанатынына көңіл аудару керек. Сонан кейін кіші фигуралар қарастырылады.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
2-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сандарды салыстыру. Теңдік. Теңсіздік.
Білімділік мақсаты: теңдік және теңсіздік туралы түсініктерді қайталау,
Дамытушылық мақсаты: сандарды, сандық және әріптік есептерді салыстыру дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: шапшаң есептеуге баулу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Қайталау сабағы.
Сандарды қайталау.
20-ға дейін тура және кері бағытта санау.
9-дан 17-ге дейін, 17-ден 4-ке дейін сана.
13 санының сол жағында 3 бірліктен кейін қандай сан тұрады?
10 санының оң жағында 5 бірліктен кейін қандай сан тұрады?
16 ,19 сандарының «көршілерін» ата.
Ондықтанмен тура және кері бағытта сана.
Сандарды кему ретімен жаз.
Математикалық диктант.
10 мен 9, 4 пен 5, 10 мен 50, 50 мен 40 сандарының айырмасын тап.
10 мен 5, 90 мен 60, 100 бен 70, 18 бен 10 сандарының айырмасын тап.
«Иә мен жоқ» ойыны. Дұрыс немесе бұрыс болуы мүмкін тапсырмалар оқылады.
4-тің алдында тұрған сан 6-ға тең.
7-нің алдында тұрған сан 6-ға тең.
5-тен кейінгі сан 4-ке тең.
6-дан кейінгі сан 8-ге тең.
2 мен 1 сандары 3-пен көрші тұр.
7 саны 8 санынан артық, т.б.
Ауызша жаттығуларға 2-жаттығуды және 8-логикалық тапсырманы енгізу.
«Үндемес» ойыны. Карточкалардағы 10 көлеміндегі қосу мен азайтудың мысалдарын көрсетеді. Мұғалім оқушылардың жауабын тексереді және тексеру жүргізуді оқушыларға тапсырады.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Алдан ала дайындық жұмысы жүргізілгеннен кейін жазбаша түрде орындалады. Мұғалім балалардың назарын кестенің әрбір жолына белгілі бір фигура сәйкес келетініне, әр жолда қосынды мен айырма жазылғанына аударады және оларды іріктеп оқуды сұрайды. Осы фигуралардың қатарында теңдік және теңсіздік құрылған, оны тірек ете отырып, оқушылар сандық теңдік және теңсіздік құрады, оны тақтаға және дәптерлеріне жазады.
3, 5, 6-жаттығу. Әртүрлі есептер құрастыру және шығару дағдыларын қалыптастыруға арналған. Бұл жұмысты алғашқы сабақтарда есептің берілуін мұқият талдай отырып, тақтада орындауға болады.
4-жаттығу. Оқушылар түсінік бере отырып орындайды.
7-жаттығу. Өздік жұмысқа арналады.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
3-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару. Кері есептер.
Білімділік мақсаты: кері есептер үштігін құрастыру
Дамытушылық мақсаты: кері есептерді шешу дағдыларын арттыру
Тәрбиелік мақсаты: ұғымдардың ерекшеліктерін ажырата алуға үйрету
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Тірек білімдерін жетілдіру.
«Сандардың көршісін ата» немесе «Үйлерге орналастыр» ойыны.
Үйге 10отбасы қоныстануы тиіс. Барлығы 7отбасы келді. Тағы қанша отбасы көшіп келуі керек?
«Қай мысал шешілді?» ойыны. Мысалдарды тақтаға жазылады:
5+2 4+6 6-6 10-3
8+2 7+1 8+1 6-2
Мұғалім мысалдардың бірінің жауабы жазылған карточканы көрсетеді де, осы жауапқа сәйкес келетін мысалды көрсетуді сұрайды.
Жаттығуларды ауызша орындау.
Шатырда жеті антенна бар. Электр маманы оның төртеуін ғана бекітті. Қалғандарын оның ағасы бекітті. Ағасы қанша антенна бекітті?
Үш лақ тату-тәтті өмір сүріп жатты. Оны үйдегі бес жаутаңға бір-бірден үлестірмек. Сонда түлкі қанша саңырауқұлақ әкеле жатыр?
Ауылда жапырақтары жайқалып 7 емен және 3 қайың өсіп тұр. Сонда барлығы қанша ағаш? Жақсылап санап шығыңдар.
«Математикалық диктант».
7-ге 2-ні қос.
Бірінші қосылғыш - 5, екінші қосылғыш -3. Қосындының мәнін тап
Азайғыш - 10, азайтқыш – 3. Айырманың мәнін тап.
9-ды 4-ке кеміт.
5-т 3 бірлікке арттыр
5-тен артық, 7-ден кем санды жаз
Ауызша жаттығуларға 1,7,8-жаттығуларды қосу.
Оқулық бойынша жұмыс.
2-5 аттығулар өрнек құру және шешу дағдыларын дамытуға арналған. Жаттығулармен жұмыс оқушылардың дайындық деңгейіне қарай ұйымдастырылады.
6-тапсырманы уақытқа байланысты ауызша да, жазбаша да орындауға болады. бастапқы сан беріледі, мысалы, 40. Сонан кейін оны түрлендіру жұмысы жүргізіледі (+30 + 10), алынған нәтижені есептеу керек. Түрлендіруді жол бойынша ғана емес, әр санды үш рет өзгертіп, нәтиже алуға болады.
Дәптермен жұмыс. Дәптердегі жаттығулар өздік жұмыс ретінде беріледі.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
4-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Білім, білік, дағдыны меңгеру деңгейлерін анықтау.
Білімділік мақсаты: өтілген материалдарды меңгеру деңгейін тексеру
Дамытушылық мақсаты: оқушылар тарапынан жиі жіберілген қателерді анықтау
Тәрбиелік мақсаты: мұқияттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Математикалық диктант.
4 пен 2 сандарының қосындысын жаз9-дан 5-ті азайт4-ті 6-ға арттыр7-ні 3-ке кеміт8-ден артық, 10-нан кіші санды жаз4 пен 4-тің қосындысын тап
80 мен 20 сандарының айырмасын тап
60-қа 10-ды қос
100 санынан 30-ды кеміт ІІ. Бақылау жұсымы.
(екі нұсқада)
Есепте:
3+5 7-6 90-40 4+5 8-3 80-30
9-2 9-3 50+20 10-4 7-4 40+30
2+7 4+3 60-30 2+8 3+6 100-20
Салыстыр:
7*0 10-3*6 10-5*9-7 7*5 6-3*7 9-5*9-7
8*5 5+5*8 7+2*7-2 9*10 3+3*6 8+2*8-2
Есепті шығар:
Ақеркеде 10 қарындаш бар, ал Нұрланда одан 2 қарындаш кем. Нұрланда неше қарындаш бар?
Айгүл 9 сурет салды, ал Балнұр 3 сурет кем салды. Балнұр қанша сурет салды?
Теңдеуді шеш:
7+х=9 8-х=2 10-х=3 х+4=9
Ұзындығы 7 см кесінді сыз. Ұзындығы 5 см кесінді сыз.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
5-сабақ
Сабақтың тақырыбы: 11-ден 20-ға дейінгі сандарды құру, жазу, оқу, жазу және салыстыру
Білімділік мақсаты: оқушыларды 11-ден 20-ға дейінгі екі таңбалы сандардың құрылуы, жазылуы, оқылуымен таныстыру
Дамытушылық мақсаты: осы сандық кесіндіде сандардың ондық құрамы негізінде қосу мен азайтудың есептеу тәсілдерін қарастыру
Тәрбиелік мақсаты: сандардың өзара ерекшеліктерін ажырата алуларына үйрету
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Білімдерін дамыту.
«Қай мысал шешіледі?» ойыны. Мұғалім тақтада жазылған мысалдардың бірінің жауабын көрсетеді.
«Математикалық диктант». Оқушылар есептің жауабын ғана жазады:
Көлікте 8 адам келе жатты. Жолда 5 адам түсіп қалды. Көлікте неше адам қалды?
Айсәуле 9 жаста, Әзиза 6 жаста. Айсәуле Әзизадан қанша жас үлкен?
Жандостың 3 қызыл қарындашы және қызыл қарындаш қанша болса, сонша жасыл қарындашы бар. Жандоста барлығы қанша қарындаш бар?
Араның 6 аяғы болады, ал шаянда 4 аяқ артық. Шаянның қанша аяғы бар?
Бұтақта 5 қарға отыр. Тағы 2 қарға ұшып келді. Бұтақта барлығы қанша қарға болды?
Сұлтанда 6 шар бар. Ол 4 шарды досына сыйлады. Сонда Сұлтанның қанша шары қалды?
Құмырады 6 раушангүл бар, ал қалампырдың одан 3-еуі кем. Құмырады қанша қалампыр бар?
Ауызша есептеуге 7 логикалық жаттығуды енгізуге болады.
ІІІ. Жаңа материалдарды түсіндіру.
1-жаттығуды санағыштарды пайдаланып орындауға болады.
Санағыш таяқшаларды санап шығыңдар. 10 таяқшаны басқаша қалай айтуға болады? оқулықтағы суретке қараңдар. 10-ға дейін санай отырып, біз бірліктердің санын атаймыз. Бірінші суретте (екінші және т.б.) қанша бірлік берілген? 1 (2, 3, 4) бірлік қандай цифрмен белгіленеді? 10 таяқшаны бір бума етіп біріктіріңдер. 10 таяқша – бір ондық. Бір ондықта қаншы бірлік бар?
Әрбір суреттегі бірліктер санын цифрмен жазыңдар.
11, 12, 13, 14 және басқа сандардың қалай жазылатынына көңіл бөліңдер. Оң жақта бірліктер саны, сол жақта ондықтар саны жазылады. 11 санында қанша бірлік және қанша ондық бар? Қай жерге бірліктер, қай жерге ондықтар жазылады? 11 санын жазыңдар. 20 санын жазыңдар. Жазылған сандарды оқыңдар.
Оқулық және дәптер бойынша жұмыс мұғалімнің қалауына қарай жүргізіледі. Сандарды салыстыру кезінде (3-жаттығу) оқушыларды негізделген жауап беруге бағытталған жоспарлануда болады.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
6-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы сан. Сандардың ондық құрамы. «Ондық», «Бірлік».
Білімділік мақсаты: екі таңбалы сандар, олардың ондық құрамы туралы түсінік қалыптастыру
Дамытушылық мақсаты: осы сандық кесіндіде сандардың ондық құрамы негізінде қосу мен азайтудың есептеу тәсілдерін қарастыру
Тәрбиелік мақсаты: сандардың өзара ерекшеліктерін ажырата алуларына үйрету
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Білімдерін дамыту.
«Математикалық баспалдақ ойыны». Мұғалім баспалдақ түрінде мысалдар жазады. Екі оқушы тақтада шығарады да, ойынның басталғаны туралы белгі береді. Балалар мысалдарды орындауға кіріседі. Баспалдақ басына ең бірінші шыққан оқушы жеңімпаз болады.
«Есептеу машинасы» ойыны. Мұғалім математикалық өрнектер оқиды. Оқушылар есептей отырып, цифр жазылған карточкалар көмегімен өрнектің мәнін көрсетеді.
2+1+7-8+10-2-4+1
6+2-4+4-3+5-2-4-2
4-3+9-8+7-3+2-6+3
«Математикалық диктант». «Дұрыс немесе бұрыс». Мұғалім дұрыс және бұрыс математикалық амалдар оқиды. Оқушылар дәптерге дұрыс болса «+», бұрыс болса «-» таңбасын қояды. Содан кейін мұғалім берген -+-++-++ жауаптарымен салыстырып, қателерді түзеп, өз жұмыстарын бағалайды.
7-нің алдында тұрған сан 5-ке тең
4-тің алдында тұрған сан 3-ке тең
8-ден кейін тұрған сан 10-ға тең
8+2 өрнегі 10-ға тең
9 бен 7-нің айырмасы 2-ге тең
4 пен 5 сандары 3-ке көрші тұрған сандар4 саны 5-тен кіші2 мен 7-нің қосындысының мәні 9-ға тең.
ІІІ. Өткенді қайталау.
Мұғалім тақтаға үш оқушыны шақырады да, 14, 13, 19, 17, 15, 10, 11, 12, 16 деген сандарды атайды. Оқушылар оларды тақтаға жазады.
Жазылған сандар оқылады. Сандардың ішінен ең кіші екі таңбалы сан табылады. Ең үлкен санды табу. Бұл сандардың әрқайсысында неше ондық, неше бірлік бар?
ІҮ. Жаңа сабақ.
1 және 2-жаттығуларға ұқсас жұмыстар жүргізіледі. Бастапқы пысықтау үшін 3-жаттығу беріледі. 4 пен 5-жаттығуларды оқушылар мұғалімнің көмегімен орындайды. 6-жаттығуда әріптік өрнектерді салыстыру кезінде оқушылар өз тұжырымдарын негіздеуі қажет. 7-жаттығу өздік жұмыс ретінде беріледі.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
7-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ондық құрам негізінде қосу және азайту
Білімділік мақсаты: сандардың ондық құрамы негізіде азайту және қосу амалдарын түсіндіру
Дамытушылық мақсаты: есептеу дағдыларын дамыту
Тәрбиелік мақсаты: шапшаң есептеуге баулу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Білімдерін дамыту.
«Есептеу машинасы» ойыны. Мұғалім тапсырманы оқиды, ал оқушылар өрнектерді шеше отырып, карточкалардың көмегімен жауаптарды көрсетеді. Соңынан тексеру жүргізіледі.
8+2-9+6-4+3-2+5-7
10-7+5+2-3-4+7-5+2
5+4-9+7-6+2+4-3+6
«Математикалық диктант». Мұғалім тапсырманы оқиды. Оқушылар тиісті өрнектерді жазып, мәнін табады.
6-ны 2-ге арттыратын өрнек жаз
9-ды 1-ге азайтатын өрнек жаз
Бірінші қосылғышы 5, екінші қосылғышы 2 болатын өрнек жаз. Қосындының мәнін тап. Өрнекті жаз.
7-ні 2-ге азайт. Өрнекті жаз.
8 бен 2-нің қосындысының мәнін тап. Өрнекті жаз.
Мәні 7-ге тең болатын өрнекті жаз.
Есеп: «Балалар мектеп маңына 6 емен және 3 қарағаш отырғызды. Барлығы қанша ағаш отырығызды?»
Ауызша есепке №1 дайындық жаттығуы енгізіледі.
Жаңа тақырыпты түсіндіруде карточканы пайдалануға болады. тақтааға ондықты білдіретін бірнеше карточка орналастырылады.оқушылар 11-ден 19-ға дейінгі кез келген санды атайды. Мұғалім нөлдің орнына тиісті санды қояды. Алынған саннан оқушылар мысалдар төрттігін құрастырады. Мұғалім мысалдардың шығарылуын көрнекі құралдармен көрсетеді. Мысалы, 10+9 (мұғалім 9-ды 10 санындағы 0-ді жаба отырып үстіне қояды. 19-9=10 (9 саны бар карточканы алып тастайды және т.б.). Бұдан соң оқушылар №2 жаттығуды орындайды.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
8-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Пысықтау.
Сандардың онлық құрамы негізінде қосу және азайту.
Білімділік мақсаты: сандардың ондық құрамы негізіде азайту және қосу амалдарын түсіндіру
Дамытушылық мақсаты: есептеу дағдыларын дамыту
Тәрбиелік мақсаты: шапшаң есептеуге баулу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
20-ға дейінгі сандар қатарын қалпына келтіру.
Сандар қатарын толықтыр. 10, …, …, 13, 14, …, …, …, 18, …, … .
20, 19, …, …, …, 15, …, …, 12, …, … .
Толықтырылып жазған сандарды ондық және бірлік түрінде жазыңдар.
«Есептеу машинасы» ойыны.
4+5+1-6-2+4+3 2+8-3-1-2+1-4 5+5+4-10+3+2-5
«Есептерді қандай таңбамен шығару керек?» математикалық диктант.
Асқарда 3 доп , Бауыржанда 2 доп бар. Балаларда барлығы неше доп бар?
Жасыл таспаның ұзындығы 8 см, сары таспа жасыл таспадан 2 см ұзын. Сары таспаның ұзындығы нешеге тең?
Балада 10 марка бар. 5 марканы ол альбомға жапсырды. Қанша марка қалды?
Ыдыста 7 алма бар, ал алмұрттың одан 2-еуі артық. Ыдыста қанша алмұрт бар?
Бірінші кесіндінің ұзындығы 5 см, екінші одан 2 см қысқа. Екінші кесіндінің ұзындығы нешеге тең?
Ыдыста 3 қызанақ және 5 қияр бар. Қиярдың қызанаққа қарағанда нешеуі артық?
1-жаттығу мен 7-логикалық тапсырманы ауызша орындау.
Оқулықпен жұмыс. 2 және 4-жаттығуларды оқушылар түсінік бере отырып орындайды. Өздік жұмыс ретінде 3 және 5-жаттығуларды ұсынуға болады, ал кері есептер мұғалімнің көмегімен құрастырылады. 6-жаттығуды орындаған кезде оқушыларды түрлі есептер құрастыруға ынталандыру қажет.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
9-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Разрядтан аттап қосудың тәсілдерін енгізуге және азайтудың сәйкес жағдайларын орындауға дайындау
Білімділік мақсаты: разрядтан аттап қосудың тәсілдерін енгізуге және азайтудың сәйкес жағдайларын орындауға дайындау
Дамытушылық мақсаты: есептеу дағдыларын дамыту
Тәрбиелік мақсаты: шапшаң есептеуге баулу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Білімдерін дамыту.
«Тізбекті» мысалдарды шешудің түрлері:
5+1+4+2=?
«Қалдырған сандарды тап» жаттығуы:
6+=10 8+=10 7+=10
12-=10 17-=10 16-=10
«Үндемес» ойыны.
«Белгі бер» ойыны.
Мен маркасы жоқ 10 хатқалта сатып алдым. 4 хатқалтаға маркалар жапсырдым. Марка жапсырылмаған неше хатқалта қалды?
Альбомда түрлі түсті 8 фотосурет бар, ал түрлі түсті емес фотосуреттің 3-еуі кем. Альбомда түрлі түсті емес фотосурет нешеу?
7 себет таңқурай және 3 себет қарақат терілді. Барлығы қанша себет жеміс терілді?
Гүлдестеде 5 сары және 8 ақ қалампыр гүлі бар. Сары гүлдің ақ гүлден нешеуі кем?
Қорапта 8 тәтті нан бар. 5 тәтті нан қалу үшін, қораптан олардың нешеуін алу керек?
Мұзайдыннан 4 бала кетіп қалды, қалған 6 бала сырғанап жүр. Мұз айдында бастапқыда қанша бала болды?
Ауызша жаттығуларға 7-тапсырма қосылады. Егер балалар бұл тапсырмаларды шешуле қиналса, шешуін тақтада суреттермен көрсетуге болады.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
2-тапсырма ауызша орындалады. Бұл сабақта өздік жұмыс (№1, №3, №6) ұйымдастырылып, соңынан тексеру жүргізуге болады. 4 және 5-жаттығулар менің көмегімен орындалады.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
10-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сандардың екі бір таңбалы сандарға жіктелуі арқылы ондықтан аттап қосу тәсілдерін енгізу
Білімділік мақсаты: бір таңбалы сандарды ондықтан аттау арқылы қосу және азайтудың жалпы тәсілдерімен таныстыру
Дамытушылық мақсаты: есептеу дағдыларын дамыту
Тәрбиелік мақсаты: шапшаң есептеуге баулу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Тірек білімдерін пайдалану.
10 көлеміндегі сандардың құрамы, сандарды ондыққа дейін толықтыру, сандардың ондық құрамы негізінде қосу жөнінде алған білімдері жаңа тақырыпты меңгеруде негіз болып табылады. Сондықтан ауызша жаттығулар жүргізіледі.
ІІІ. Ауызша жаттығулар.
«Ондыққа дейін толықтыр» жаттығуы:
5+=10 2+=10 4+=10
«Кім көп атайды?» ойыны.
Мәні 10, 8, 6, 9 … болатын қосуға берілген өрнектерді кім көп атайды?
«Ақ тиін мен саңырауқұлақ» ойыны. Мұғалім балаларға ақтиіннің қыста саңырауқұлақтар қорын жинайтыны жайында әңгімелеп береді. Ақтиін өзінің азығын ешқашан бір ағаштың қуысында сақтамай, екі үш ағаштың қуысына жинайды. Ақтиін (мұғалім ақтиіннің суретін көрсетеді) күніне жеті саңырауқұлақтан кептіреді де, (санын өзгертуге болады) екі ағаштың қуысына жасырады. Сонда ақтиін әр ағаштың қуысына қанша саңырацқұлақтан жинайды?
Кім ақтиін болғысы келеді? Ақтиін бірінші күні саңырауқұлақтарды қалай бөліп салуы мүмкін? Екінші күні ше? Үшінші күні ше?
Сандар құрамының барлық нұсқалары айтылып болған соң, мұғалім мынадай сұрақ қояды: «Ақтиін жеті саңырауқұлақты қалай бөліп салады?»
Оқулықтағы жеті және сегізінші тапсырмалар ауызша есептеуге беріледі.
ІҮ. Жаңа тақырыпты меңгеру.
Мысалдарды шешіңдер:
9+1+4=14 7+3+2=12
8+2+3=13 6+4+1=11
Біз алдымен шеңбердегі амалдарды орындадық та, 5 санын алдық. Яғни, біз 9+5, 8+5, 7+5, 6+5 мысалдарын шығардық, оңай болуы үшін біз 5 санын бөлшектеп қостық.
Бір таңбалы сандар арқылы ондықтан аттап қосу алгоритмі.
Бірінші қосындыны 10-ға дейін толықтыр.
Қалған бөлігін қос немесе қалған бірліктерді қос.
Ү. Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы 1-жаттығуды түсіндіру арқылы орындау. 2-жаттығу және 5-жаттығулар бастапқы пысықтауға арналады. Бұл тапсырмаларды бір таңбалы сандарды қосу тәсіліне жан жақты көңіл бөле отырып, орындаған дұрыс.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
11-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ондықтан аттау арқылы екі таңбалы саннан бір таңбалы санды азайту тәсілін енгізу. Қосу және азайтуды тексеру.
Білімділік мақсаты: Ондықтан аттау арқылы екі таңбалы саннан бір таңбалы санды азайтудың жалпы тәсілдерімен, қосу және азайтудың тексеру тәсілдерімен таныстыру
Дамытушылық мақсаты: қосу және азайтудың өзара байланысы туралы түсінік пен арифметикаық амалдарды тексеру тәсілдерін жетілдіру
Тәрбиелік мақсаты: есептеуде байқағыштыққа баулу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.
10 көлеміндегі сандардың құрамы, толық ондыққа дейін азайту дағдысы, 10 көлемінде қосу және азайту дың кестелік жағдайы туралы білімдері ондықтан аттап азайту тәсілдерімен таныстыру үшін тірек білім бола алады. Ол білімдерінің маңыздылығы мақсатында ауызша жаттығулар, алдыңғы сабаққа ұқсас тапсырмалар орындалады.
Сандарды 10-ға дейін толықтыр. Мұғалім оқушыларға мынадай тапсырма береді: тақтаға тәтті тоқаштың суреті ілінеді және жанына 10 теңге деп жазылады. Мұғалім балаларға былай дейді: «бала 10 теңгелік тәтті тоқаш алғысы келеді, оның тек 7 теңгесі бар. Балаға тәтті тоқашты сатып алу үшін неше теңге қосу керек? Екінші баллада 9 (4, 5, 6, 8, 3, 2, 1) теңге бар».
Тексеруді түрлі жолдармен жүргізе алу дағдысын қалыптастыру үшін «Жауабын тексер» ойынын ұйымдастыруға болады. Сынып екі қомандаға бөлінеді. Бір команда мысал құрастырады, екінші команда бұл мысалдың тексеру жолын атайды. Мысалы: 5+10=15 15-10=5 15-5=10 және т.б. Тексеруді үш рет жылдам жүргізе алмаған команда жеңіледі.
ІІІ. Жаңа тақырыппен танысу.
Алдын ала тақтаға жазылған мысалдарды ауызша есептеу:
9+1+2, 8+2+3, 7+3+2, 12-2-4, 14-4-2.
Әрбір мысалды есептегеннен кейін мұғалім: «9, 8, 7-ге барлығы қанша қосылды? 12, 14-тен барлығы неше алынды?» деген сұрақтар қойылады.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
Оқушылар бірінші тапсырманы орындайды. Екінші тапсырма есептеу алгоритмі айтыла отырып, тақтада орындалады.
Қосу және азайтуды тексеру ережелерімен таныстыру үшін мұғалім 12, 3, 9 сандарымен мысалдар құрастыра отырып, оны құрастыру заңдылығын түсіндіреді. 4 және 5-жаттығуларды өздік жұмыс ретінде беруге болады. 6-жаттығу топпен орындалады. 7 және 8-жаттығулар түсіндіріле отырып орындалады.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.