0-ден 10-?а дейінгі сандар


1-сабақ
Сабақтың тақырыбы: 0-ден 10-ға дейінгі сандар. Толық ондықтар (салыстыру, сандарды қосу және азайту). 10 көлеміндегі сандардың құрамы.
Білімділік мақсаты: 10 көлеміндегі кестелік қосу және азайтуды, 10 көлеміндегі нумерацияны, 10 көлеміндегі сандардың құрамын қайталау
Дамытушылық мақсаты: сандардың қатарын ажырата білу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: шапшаң есептеуге баулу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Тірек білімдерін дамыту.
Сандарды қайталау.
Бірінші сыныпта алған математика сабақтарында нені үйренгендерін еске түсіруді сұрау
Сабақта оқығандарыңның барлығын естерңе түсіре алдыңдар ма, соны тексерейік. Бұл үшін бірнеше жаттығулар орындайық.
10-ға және 20-ға дейін тура және кері бағытта санаңдар (сан сәулесін пайдалануға болады).
5-тен кейінгі санды ата, келесі санның 5-тен нешеуі артық?
9-дың алдындағы санда ата, алдыңғы санның 9-дан нешеуі кем?
3,9,1 сандарының көршілерін ата
6 мен 8, 7 мен 9 сандарының арасында қандай сан тұрады?
Қосу кестесін қайталау.
«Мақсатыңа жет» ойыны. Мысалдар тізбегін ата бастаймын. Балалар жауап ретінде цифрлы карточкаларды көрсетеді. Қате санағандарды ұстап аламын.
Тізбектер әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, 5+4-3+2, 9+1-8-1+7, 5+0-2+7-10.
Ойын срңында тапсырманы жақсы орындағандарды атап өту.
Сандар құрамын қайталау.
Санды атау, балалар осы санды құрастыруға болатын цифрлары бар екі карточканы көрсетеді.
Қосу және азайтуда сан атауларын қайталау.
ІІІ. Оқулық бойынша жұмыс.
Математика оқулығымен таныстыру. Шартты белгілерді таныстыру. Не үшін қажет екенін түсіндіре отырып, қалай пайдалануды үйрету.
1-жаттығу. Балалар футбол добын қақпайлаған қақпашының суретін қарастырады. «Гол, соқ!» ойыны түрінде жүргізіледі. Алдымен 2+=10 деген өрнек құрылады. Ал кейіннен балалар сондай саны бар допты таңдап, тура теңдікті шығарады. Одан кейін қосындының мәні өзгеріп, ойын жалғасады.
2-жаттығу. Жалпылама ауызша орындауға болады.
3-жаттығу. Нұсқа бойынша таптарда жаппай жұмыс ұйымдастырылады. Кестедегі әр жолға белгілі бір сурет сәйкес келеді. Осы суреттерден тұратын кестенің жанында өрнектер қарастырылған. Балалар кестеден тиісті санды таңдап алып, өрнек құрастырады және олардың мәнін табады. Өрнектер санын алдын ала келісіп алуға болады.
4-жаттығу. өзіндік жұмысы ретінде беруге болады. Соңынан тексеру қажет.
5-жаттығу. тақтамен жұмыс. Мұнда оқушылар көшіріп жазуды естеріне түсіреді. Сонан кейін оқушылар мұғалімнің басшылығымен кері есептер құрастырып, оларды ауызша немесе жазбаша орындайды. Егер жұмыс ойдағыдай орындалса, өздік жұмыс дәптеріндегі екі тапсырманы беруге болады.
7-жаттығу. балалар шешуін негіздей отырып, сыныпта орындалады. Оқушылармен бірге талдау жүргізіп, қай фигуралар сыртқы контурды құрайтынын және олар қалай қайталанатынына көңіл аудару керек. Сонан кейін кіші фигуралар қарастырылады.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.