Тренерлік рефлексия рефлексия ?лгісі


Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің оқыту тәжірибесін жетілдіру қажеттілігінің маңызы арта түсуде. Осыған орай мұғалімдердің тәжірибесін арттыру және қолдау көрсету мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектебі ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы Ақтөбе филиалында «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы тақырыбында мектеп тренерлеріне арналған курста мен өзімнің кәсіби дамуыма ықпал ететін құнды мәліметтермен таныстым. Мектеп тренеріне жүктелетін міндет жауапкершілікті талап ететінін, өз қызметіме жаңа көзқараспен қарау керектігін ой елегімнен өткізе отырып, әріптестерімнің менен үлкен өзгерісті, жаңа лепті күтетінін түйсіндім. Осы ой мені екі аптадағы сабақ мазмұнын терең түсініп, тренермен кері байланыста сындарлы жұмыс жасауыма ықпал етті. Мектеп тренерлерінің алдында әріптестерінің кәсіби дамуына қолдау көрсету, тәжірибесіне өзгерістер енгізуіне көмек беру, өз тәжірибесі туралы өзіндік рефлексия жасау міндеті тұр. Мен де осы үрдістің алдыңғы сапында жүріп өз мектебімнің дамуына, білім сапасының жоғарылауына үлес қосатыныма сенімдімін, дегенмен менің мектебімдегі мұғалімдердің 50 пайызы тәжірибелі мұғалімдер екендігі, жаңартылған білім беру мазмұнын жете түсінбейтіндіктері, мектептегі оқу кабинеттерінің жоқтығы менің алдыма кедергі болуы мүмкін, бірақ мен өз ұжымымдағы жас мамандардың жаңаға деген құлшынысына, маған сеніп жіберген мектеп басшылығының қолдау көрсететініне сенемін. Сондықтан мектепте өз жұмысымды жүйелі жүргізуге кедергі болмайды деп бағамдаймын. Себебі: мен осыған дейін деңгейлік курстың ІІ деңгейін бітіріп, фокус топпен жұмыс жасап, әріптестерімнің қажеттілігіне орай коучинг сабақтарын жүргізіп келдім. Дегенмен де мектеп тренерлерінің курсынан өту барысында мен өз жұмысымды бағдарлама талаптарына сай жүргізу керектігін, өзімнің негізгі міндеттерімді ажырата білдім. Жаңа әдістерді іздестірумен айналысу мұғалімнің педагогикалық міндеттерін анықтайтынын , бұл жерде рефлексияның рөлі зор екендігін түсіндім. Педагогикалық қызметтегі рефлексиялық есеп мұғалімдердің педагогикалық кәсіби дамуына әсер етеді, сондықтан мен командама алдағы оқу жылында өзгерістер күтіп тұрған 5-7 класқа сабақ беретін пән мұғалімдері мен әрекеттері ізгі ниетке негізделген, өзгерістен қорықпайтын әріптестерімді жинаймын және ол кісілерді жаңаға бағыттаймын. Ол үшін маған курста талдаған рефлексия мысалдарының жинағы, рефлексия технологиялары, оқытуды бағалау критерийлері көмекке келеді. Рефлексия арқылы мұғалім өзі қолданған педагогикалық технологияның жетістіктері мен кемшіліктерін анықтайды, кедергі болған факторларды анықтайды, талдау жасайды. Әріптестерімді өзгерту үшін мен түрлі стратегияларды оқу жоспарыма қосамын, нәтижеге жету үшін кері байланысты ескере отырып ізденемін. Бағдарлама талаптарындағы өткізілуге тиісті 4 сағаттық сабақ жоспары, игерілуге тиісті 100 сағат мектеп атмосферасынан жақсы қолдау табатынына, жұмысымның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті барлық ресурстардың бар екендігіне көзім жетеді. Мектеп директорына өз жоспарымды сенімді түрде таныстыра отырып, өзгеріс мүмкін ғана емес, олардан қашып құтылу мүмкін еместігіне көзін жеткіземін. Бұл орайда мен педагог кадрлардың оқушылардың шығармашылық, зерттеу, сын тұрғысынан ойлау , проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға көмектесетін әдіс-тәсілдерді де меңгеруіне көмек беремін. Сол себепті де дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» әдіс арқылы алынған білім оқушының жинақтаған өзге біліміммен тиімді сіңісе алмайтындығын, сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етуге мұғалімдердің дайын болуы керектігін ескере отырып, бағдарламаның мазмұнына сай бағыттаушы ретінде жұмыс жасаймын. Жұмыс жасау барысында әріптестерімнің жас ерекшеліктерін де ескеруге тырысамын. Оларды қызықтыру мақсатында топ жұмыстарын сыни ойлауға тарта отырып, сабақ тақырыбын өздері ашатындай етіп ұйымдастырамын. Мысалы: «Кинометафора» әдісі Бұл әдістің өзі танымдық ерекшеліктеріне, сыни ойлауларына әсер етеді. Тыңдаушылар арасында түрлі идеялар тудырады, топтың күш-қуатын көтереді, қызықтырады. Осы әдісті алгоритмге сай дұрыс қолдану оқушылар ортасында да оқуға жаңаша леп туғызады, тіпті ата-аналар жиналыстарында, педкеңесте өмірден алынған түрлі киноүзінділер сол мерзімді уақытта маңызды мәліметтер береді. Осы әдіс арқылы әріптестеріме нақты оқушыға қандай білім беретініңізді, «ақылды мақсаттар» туралы ойлану керектігін түсінуге көмектесемін деп есептеймін. Менің осы әдісті пайдалану себебім: тыңдалым, айтылым, жазылым дағдыларының бірдей талап етілетіндігінен. Осы әдіс арқылы уақытты үнемдеуіме мол мүмкіндік болады, әріптестерімнің түртіп алуы көп ақпаратты игеруге көмектеседі, келесі жаттығуға логикалық көпір болып табылады. Сонымен қатар,бұл әдістерді әріптестеріммен талдап, сапалы білім игерген саналы ұрпақ тәрбиелеуде қолдануға үйретемін. Солай бола тұрса да мен жұмысымды аудит жүргізуден бастағаным дұрыс, содан кейін сабақтарымды жоспарлаймын және нәтижесін талдап әріптестерімді таныстырамын. Курс барысында мен өзімнің мектептегі іс-әрекетіме рефлексиялық есеп жасай отырып мүмкіншілігім бола тұра қолға алмаған істерім көп екендігін түйсіндім. Сондықтан бұл курс менің тағы бір тынысымды ашты, өзімнің әрбір уақытымды тиімді жұмсауыма көмектесті. Курс барысында өткізілген материалдардың бәрі мен үшін құнды, өзгеруіме оң ықпал етті. Әріптестерімнің жүйелі түрде, талапқа сай етіп құрған ықшам сабақ жоспарлары да менің алдағы жұмысымда көп көмек болғалы тұр. Менің ойымның жүйеленуіне осы 25 сабақтың жоспарының ықпалы тиді, мен нені қалай өткізетінімді түсіндім. Тренердің курс тыңдаушыларымен жұмыс жасаудағы өзіндік стильі, бір – бірімен тәжірибе алмасуына жағдай жасауы, өз тәжірибесімен бөлісуі,менің алдағы жұмысыма бағыт берді, командамның өз тәжірибесі жайлы рефлексиялық есеп жазуларына жағдай жасауыма ой туғызды. Сондықтан мен де өз тыңдаушыларымның сабақ жоспарларын өзгертуге,тәжірибелеріне енгізуіне қолдау беруге жұмыс жасаймын. Егер менің жұмысым сәтті жүретін болса, менің мектебімнің 45пайыз мұғалімдері жаңартылған білім мазмұнын игереді деп есептеймін. Бұл мектеп ұжымы үшін үлкен қолдау болатыны сөзсіз.
КІТАП-ЖИНАҚ ЕРЕЖЕСІ:
 
Атауы:
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОО МЕН ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРУ:
ІЗДЕНІС ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
(ӘДІСТЕМЕЛІК ОҚУ ҚҰРАЛЫ) 
ЖИНАҚ МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН
 
Оқу үрдісін жандандыру, педагогикалық инновациялық тәжірибе жинақтап тарату, оқытудың әдістерімен тәсілдерінің пәнді игерудің тың технологиясын іздестіру, оқушылардың білім деңгейін, оқу ынтасын, белсенділігін арттыруды тәжірибеде іске асыратын, шығармашылықпен, ғылым мен тәжірибе тоғысында заман талабымен жұмыс жасайтын, білім беру жүйесін дамытуға ықпал ететін дарынды ұстаздарды анықтау мақсатында өткізілген іс-шараларға қатысушы ұстаздар еңбектерін (материалдарын) жинақтау, республикалық деңгейде бір жерге топтастыру жұмыстары жүргізіледі.
Жинақтау жұмысына материалдарыңызды (эссе, мақала, сабақ, жоспар, т.б.) жіберу үшін, жұмысыныздың мәтінін электрондық нұсқасы электрондық поштамен gylym-bilim.kz@mail.ru жіберіледі. 2016 жылдың Жыл бойы қабылданады. Жұмысты дайындауға қойылатын талаптар: Материалдар мәтіні (суреттер мен сызбаларды қоса A4 форматында (книжная) 4 -5 беттен аспайтын) Microsoft Word редакторының мәтінінде терілуі қажет. Қазақ, орыс, ағылшын, т.б. тілдеріндегі материалдар үшін Times New Roman қарпі (қаріп өлшемі-11, жоларалық қашықтық-2,0 сол жағы – 2,0 мм, қалған жақтары-2,0 мм, жаңа жол бойынша шегініс-1 см) қолданылады. Мақала төмендегідей тәртіппен орналасады: бірінші жолда мекеме, қала және ел атауы, оқу (жұмыс) орны, бір жол төмен – автордың (және ғылыми жетекшісінің т.б) толық аты-жөні және тегі, бір жол төмен — бас әріптермен материал тақырыбы (қою әріппен) беріледі. Жаңа жолдан материалдың негізгі мәтіні басылады. Әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында бір шегіністен кейін беріледі. Жинақтама жұмысының мәтіні түзетілмейді және түп нұсқа болып саналады. Жинақтама жұмысының материалдары тікелей көшіру әдісімен теріледі, мерзімнен кеш түскен немесе талаптарға сай келмейтін материалдар жарияланбайды және қаралмайды. Сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 87471065481, 87775038186. Е-mail: gylym-bilim.kz@mail.ru.  
Құрметті әріптестер! Сіздерден жоғарыда көрсетілген талаптарға сай дұрыс терілген материалдарды жіберу сұралады. Өтініш үлгісі 1. Материал жіберушінің аты-жөні толық 2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы — 3. Мекеме атауы, қызметі 4. Мекен жайы 5. Телефон, факс (халықаралық код) 1. 6. Материал тақырыбы.
Сіздерге кітап-жинақ (А4 форматта) + диск (жинақтың электр.нұсқасы) + сертификаты беріледі.
Кітап  жинаққа  ену  үшін  жарнасын  төлеп, төленген  чектің  көшірмесі мен жұмысыңызды  БІРГЕ  «жинаққа» деп жазып жоғарыда көрсетілген электр.поштага жібересіз.