Астана к?ні! Жайнай берсін, Астана!


Тақырыбы: «Астана күні!», «Жайнай берсін, Астана!»Мақсаты:
Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.- Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой - өрісін, қимылын ұштау.- Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қ. Р - ның рәміздері, Астана қаласының ғимараттары.
Әдісі: Әңгімелесу, сұрақ - жауап.
Жүргізуші: Қайырлы таң, балалар!Қайырлы таң, қонақтар!- Сіздерді салтанатты мереке Астана күнімен құттықтаймыз!Жылулық шеңбері: Ал, енді балалар бәріміз бір - бірімізбен сәлемдесіп алайық.Амансың ба, Алтын күн!Амансың ба, Жер ана!Амансың ба, Астана!Келдік саған қуана!- Балалар, енді бүгінгі күнімізге сәттілік тілей отырып, жылы лебіздер айтайық.Деніміз сау болсын!Күніміз күлімдесін!Еліміз аман болсын!Ата - анамыз қасымызда болсын!Бәріміз дос болайық!Бәріміз бақытты болайық!Аспанымыз ашық болсын!Әнұран орындалады.- Кәне, балалар отырайық. Біз бүгін Отан туралы әңгімелесеміз. Балалар Отан деген сөзді қалай түсінеміз?Балалар: туған жерім, атамекенім, отбасым, халқым.- Дұрыс балалар, Отан дегеніміз біздің еліміз, туған үйлеріміз, өзіміз туып өскен жеріміз.- Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстанды Отанымыз дейтін себебіміз, бұл жерде ата - бабаларымыз тұрған, енді сол жерде біз тұрамыз. Адал адам Отанын сүйеді. Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сияқты, Отансыз да өмір сүре алмайды. Біздің мемлекетіміз Қазақстан Республикасы, ұлтымыз - қазақ.- Балалар, Қазақстан Республикасының президенті кім?- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- Біз қай мемлекетте тұрамыз?- Қазақстан Республикасы- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?- Қазақ тілі- Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады? Соның ішінде қандай ұлт өкілдерін білесіңдер?- Орыс, өзбек, түрік, қытай.- Мемлекеттік рәміздерімізді кім атап береді?- Әнұран, ту, елтаңба.- Ел ордамыз қай қала?- Астана.