Саба?ты? та?ырыбы: ?я? дауыссыздар (5 сынып)
Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 18.02.2016 оқу жылы
Сынып: 5 «а» , «ә»
Сабақтың тақырыбы: Ұяң дауыссыздар
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың ұяң дауыссыз дыбыстар туралы түсініктерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу
3.Дамытушылық: оқушылардың фонетика жайындағы, тіл дыбыстары және олардың түрлері туралы ұғымдарын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1.Дауыссыз дыбыстар туралы түсінік.
2.Қатаң дауыссыздар дегеніміз не? оларды ата?
3.Үнді дауыссыздар дегеніміз не? оларды ата?
266-жаттығу. Қыс, Жамал, Шибөрі сөздеріне фонетикалық талдау.
Қ- қатаң, дауыссыз дыбыс;
Ы-жуан, езулік, қысаң дауысты;
С-қатаң, дауыссыз дыбыс; Ж-ұяң,дауыссыз дыбыс;
А-жуан, ашық, езулік, дауысты;
М-үнді, дауыссыз;
А-жуан, ашық,езулік, дауысты;
Л-үнді, дауыссыз; Ш-қатаң, дауыссыз;
И-жіңішке, езулік, қысаң, дауысты;
Б-ұяң, дауыссыз;
Ө-жіңішке, еріндік, ашық, дауысты;
Р-үнді, дауыссыз;
І-жіңішке,езулік, қысаң,дауысты.
ІІІ. Жаңа сабақ. Ұяң дауыссыздар.
Өкпеден шыққан ауаның сөйлеу мүшелерінің бірінің кедергісіне ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.
Дауыссыз дыбыстар мыналар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,ц,ч,ш,щ,һ (у)
Өзіндік белгілері:
1.Үн мен салдырдан тұрады;
2.Созуға келмейді;
3.Дербес тұрып буын құрай алмайды.
Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып бөлінеді.
Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыз дыбыстар деп атаймыз.
Қатаң дауыссыздар мыналар:
п,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч,һ
Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған, бірақ үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз.
Ұяң дауыссыздар мыналар:
б,в,г,ғ,д,з,ж
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстарды үнді дауыссыздар деп атаймыз.
Үнді дауыссыздар мыналар:
р,л,й, у (тау), м,н,ң.
.
Білімін тексеру.1.Ұяң дауыссыздар денгеніміз не? оларды ата?
VІ. Жаңа сабақ бойынша түсінік тексеру.
1.Оқулықпен жұмыс
267-жаттығу. Мына сияқты сөйлемдер құраңдар.
Үлгілер: а) Тауыдың табиғаты тамаша. Талғат, Таңат, Тұрарбек, Темір төртеуі тау табиғатын тамашалап, таңқурай терді.
Ә)Оразды ойлаушы ек,
Орындықты ойлы деп.
Олай боп шықпады-
Орынсыз ойын көп.
268-жаттығу.
Мәтінді оқыңдар. «Пифагор» орталығының жұмысы туралы өз ойларыңды айтыңдар.
Өзге тілден енген сөздердің құрамындағы дыбыстарға талдау жасаңдар.
Кеспе қағаз арқылы оқушыларға беріп, фонетикалық талдау жастату.
Мектеп, математика, пән, олимпиада, Пифагор, лицей, кітап, шәкірт, бағдарлама, дәріс, республика, студент,сайт, секция, логика, физика, информатика, университет, орталық, жеңімпаз,
Сәйкестендіру тесті:
Жуан дауысты дыбыстар: Ы,і,и,у,ұ,ү
Жіңішке дауысты дыбыстар: О,ө,у,ұ,ү
Еріндік дауысты дыбыстар: П,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч,һ
Езулік дауысты дыбыстар: Б,в,г,ғ,д,з,ж
Ашық дауысты дыбыстар: А,ә,е,э,ы,і,и
Қысаң дауысты дыбыстар: Р,л,й,у,м,н,ң.
Қатаң дауыссыздар: Ә,ө,ү,і,е,э,и,у
Ұяң дауыссыздар: А,ә,о,ө,е,э.
Үнді дауыссыздар: А,о,ұ,ы,у
Білімін тексеру:
1.Ұяң дауыссыздар дегеніміз не? оларды ата?
VІ. Сабақты қорыту
Бағалау
Үйге тапсырма:
Ұяң дауыссыздар туралы түсінік
«Ғылым – теңіз, білім – қайық». фонетикалық талдау жасау.